Accessibility links

Ауғанстанда жекеменшік мектептер қатары көбейіп келеді

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

2002 жылы ғана Ауғанстандағы ашық аспан астындағы мектептердің бірі осындай болатын. Мазари-шариф, тамыз, 2002 жыл

2002 жылы ғана Ауғанстандағы ашық аспан астындағы мектептердің бірі осындай болатын. Мазари-шариф, тамыз, 2002 жыл

Ауғанстан үкіметі бұдан екі жыл бұрын білім беру саласына жеке инвестиция енгізуге рұқсат бергелі бері ел бойынша қазір 300-ден аса жекеменшік мектептер ашылған. Олардың оқушыларының 40 пайызын қыздар құрап отыр.

Ауғанстанның солтүстігіндегі Парван аймағында алғашқы жекеменшік мектеп ашылды. Оған ұл-қызы аралас 300 оқушы тіркелген.

Оқу ақысы ай сайын 15 долларды құрап отыр. Баласын оқытып отырған ата-ананың барлығына бірдей бұл қаржыны төлеу оңай емес.

Мысалы сондай ата-ананың бірі Қажы Рахматулла мектепке төлеу үшін қосымша жұмыс істеп, отбасылық қаржыдан үнемдеуі тиіс болуда. Себебі ол оқу сапасына риза.

Жекеменшік мектептерде балаларын оқытқысы келетіндер санының өсуі Ауғанстандағы тұрақтылық пен адамдар бойындағы оптимизмнің белгісіндей дейді сарапшылар.

Осыдан бар болғаны 8 жыл бұрын елде бірде-бір зайырлы да, көпшілікке арналған да мектеп жоқ еді. Тек бірер жүздей болатын ұл балалар діни мектептерге баратын.

Қыздар сол Талибан билігі кезінде оқудан қол үзіп қалған еді.

Биылғы оқу жылында 7 миллионнан аса оқушы Ауғанстандағы 9000-дай мектеп табалдырығын аттады. Олардың 35-40 пайызы-қыздар.

Алайда мұндай табыстар оңайлықпен келген жоқ. Елдің оңтүстігі мен шығыс аймақтарында қарулылар мектептерді өртеп, оқушылар мен мұғалімдерге шабуыл жасады.

Бір ғана өткен жылдың өзінде 60-тан аса мектеп отқа оранып, қауіпсіздіктің жеткіліксіздігінен 650-дей мектеп жабылып қалды.

Сол жылы, Қандағардағы бір мектептің оқушы-қыздарының бетіне қос қарулы химиялық қосынды сұйықты шашып, олардың беттері мен қолдары күйіп қалған болатын.

Елде білім беру деңгейінің нашарлығынан талай бала үйінде отыр. Мектеп жасындағы олардың барлығын да қамту үшін бірнеше мыңдаған жаңа мектептер қажет.

Ауғанстанның 34 аймағына кәсіби мұғалімдер ауадай қажет.

Ауған Білім министрінің орынбасары Мұхаммед Сыддық Патманның айтуынша, кейбір мектептерде, мұғалімнің жетіспеуі себепті, жоғарғы класс оқушыларын оқытушылық қызметіне алу жағдайлары кездесуде.

Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтеру істері мен оқулықтар шығару, жаңа мектептер салу істері халықаралық қауымдастық көмегінсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес шаруа дейді Патман.

Елде жаңадан 7 мыңдай жаңа мектеп пен 5 мыңдай жаңа зертхана салынуы тиіс. Қазірге дейін көптеген оқушылар жерде отырып, дәріс алуда. Демек мектептерге жаңа оқу жабдықтары қажет дейді министрдің орынбасары.

Қауіпсіздіктің жеткіліксіздігі мен қасаң дәстүрлердің сақталуы көптеген ата-ананы қыздарын үйлерінде ұстап, мектептерге жібермеулеріне итермелеп отыр.

Осыған орай білім беру саласының ресмилері ауыл ақсақалдарынан бастап, діни тұлғалардың әлгіндей ата-аналарға ақыл айтып, қыздарын мектептерге жіберуілеріне көндіруге шақырып отыр.

Қалалар мен ауылдарда мектептерді қолдау кеңестері құрылған. Осы шаралардың нәтижесінде оқушы қыздардың саны өсе түсуде.

Тіпті шашылған қышқылдардан беттері күйіп қалған қыздардың өзі, ем-домдарын қабылдағаннан кейін мектеп қабырғасына қайта оралды.

Жоғарыда баяндалған, Мафтах мектебінің директоры Абдул Васир Мирзад болса, Парван аймағында өзінің жеке мектептерінің санын көбейтіп, көршілес аймақтарда да ашуды жоспарлауда.

Жекеменшік мектептерге барғысы келетін оқушылар саны арта түсуде дейді ол.
XS
SM
MD
LG