Accessibility links

Барак Обаманың мұсылман әлеміне арнауы алдындағы ой-толғамдар

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Сауд Арабияның патшасы Абдулла бин Абдул Азиз әл-Сауди АҚШ президенті Барак Обаманы Риядта қарсы алуда. 3 маусым, 2009 ж.

Сауд Арабияның патшасы Абдулла бин Абдул Азиз әл-Сауди АҚШ президенті Барак Обаманы Риядта қарсы алуда. 3 маусым, 2009 ж.

Маусымның 4-інде АҚШ президенті Барак Обама Мысыр астанасы - Қаирда Мұсылман әлеміне жолдау жолдамақшы. Оның барысында Обама қандай мәселелерді қозғайды, не туралы айтады? Осы жөнінде Азаттық радиосы Ақпараттар бөлімінің директоры Джэй Толсон өз ойымен бөліскен еді.

Сарапшылар Обаманың бейсенбіде жасайтын Мұсылман әлеміне жолдауында нендей сауалдардың қозғалуы мүмкін екендігі туралы түрлі болжамдар айтуда. Ол арнау Ислам әлеміндегі түрлі ағымдар мен көзқарастарға бірдей тиесілі болуы кәдік.

Әкесі мұсылман болған АҚШ президенті Барак Обаманың балалық шағы Индонезияда өткен еді. Сондықтан ол шынайы Исламның кең тұрғыдағы ауқымын, оның табиғатын жақсы біледі.

Әлем бойынша мұсылмандар саны бір миллиардтан асып кеткен. Сондықтан да Ислам қазір жай ғана діни қауымдастық емес, ол- ғаламдық өркениеттің маңызды бір орталығы.

Парсылар мен түріктер, оңтүстік азиялықтар мен басқа да мұсылман елдері Ислам әлемін өздерінің ұлттық, мәдени, этникалық әртектілігімен байыта түскен. Кей жағдайда мұндай әртектілік Ислам қауымдастығының өз ішінде түрлі қақтығыстарға да апарып жатады.

Салафилер деп ат қойылып, айдар тағылған ол топ, негізінен Ислам әлемін ғасырлар барысында пайда болған қосымшалардан, түрлі өзгерістерден, суфизм сияқты ағымдардан тазартуға ұмтылуда. Салафилер Мұхаммед саллалаху алейхи уассаламның жолын ұстанып, оның алғашқы ізбасарларының үлгісімен іс атқарғысы келеді.

Мақала ауторы Джэй Толсонның айтуынша, салафилер Исламды қатаң да қарабайыр қағидаларға құрылған жүйемен шектегісі келеді екен.

Егер мұнайдан түскен қаржының көмегі болмаса, мұндай қағидаларғы әлем мұсылмандары қарсы тұрар еді дей келіп, Джэй Толсон сол қаржылардың арқасында Саудияда орын тепкен Уаххабшылар Индонезиядан Еуропаға дейінгі аралықтағы мұсылмандарды өз жағына белсенді түрде тартуда деп тұжырым жасайды.

Бірнеше онжылдықтар барысындағы әріптестік пен өзара көмек арқасында салафизм ұстанымдары Ислам әлеміндегі көптеген қозғалыстар мен партиялардың ортақ мүддесіне айналып отыр.

Мақала ауторы одан әрі өз ойын былайша сабақтайды: Салафизмнің әлемдік деңгейде қанат жаюы-Мұсылман әлемінің ғаламдық тарихи дамулар барысына өзіндік жауап беруі. Оның ішінде отарлау мен содан кейінгі дәуірлер де бар.

Джэй Толсонның мәлімдеуінше, сарапшылар Ислам әлеміне реформалар қажет деген пікірде көрінеді. Оның нәтижесінде Исламның қазіргі адамзат өркениетінің маңызды бір буыны бола алатыны немесе ол өркениетті табанды түрде тәрік ететіні белгілі болмақшы дейді мақала ауторы.

АҚШ президенті Барак Обама бейсенбідегі сөзінде Ислам әлеміндегі әртектілік пен өркениеттілікті жақтайтын тұлғаларға қолдау көрсетілетінін байсалды түрде айтуы кәдік, дейді аутор.

(Бұл айтылғандар-аутор Джэй Толсонның жеке пікірлері. Сондықтан оның Азаттық радиосының ұстанымдарымен сәйкес келуі шарт емес).
XS
SM
MD
LG