Accessibility links

Грузия ТМД-дан шыққанымен, ұйым аясындағы кейбір келісімшарттарды күшінде қалдырды

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Журналистер Грузияның Гори қаласында.18 тамыз, 2009 жыл.

Журналистер Грузияның Гори қаласында.18 тамыз, 2009 жыл.

Ресми Тбилиси құрылғанына 18 жыл болғанТәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымы құрамынан шығатынын бұдан бір жыл бұрын мәлімдеген болатын. Енді міне Грузия ұйым қатарынан шығу үдерісін аяқтады.

2008 жылдың 12 тамызында жікшіл аймақ Оңтүстік Осетияның астанасы Цхинвалидегі соғыс аяқталуға жақын қалған еді.
Ресей күштері Цхинвали қаласын бақылауында ұстап қана қоймай, сондай-ақ талассыз Грузия жерлері деп есептелетін территорияларға да ене бастаған-ды.

Сол тұста, Грузия президенті Михаил Саакашвили ТМД құрамынан өз елінің шығатыны жөнінде мәлімдеген болатын.

-Біз ТМД құрамынан анық шығамыз. ТМД халықаралық ұйым ретінде өзінің дәрменсіздігін көрсетті. Ол советтік тәсілде әрекет етуші ұйым екенін дәлелдеді. Сондықтан осындай трагедияның алдын алуға дайын болмай шықты. ТМД-дан шығу арқылы біз Совет үкіметі белгілерімен мүлдем қоштасып отырмыз,- деді Саакашвили.

Грузия Сыртқы істер министрінің орынбасары Давид Жалагания елдің аталған ұйымнан шыққанын мәлімдей келіп, дей тұрғанмен Грузияның ТМД аясында қабылданған кейбір келісімшарттарды сақтап қалатынын айтты. Ол келісімшарттар қатарында еркін сауда және ТМД ішінде визасыз жүріп-тұру құқына байланысты құжаттар да бар.

Кремль Тбилисидің бұл қадамына алғашында пікір білдіре қоймаған еді.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің таратқан мәлімдемесінде тәуелсіз елдердің қандай ұйымға мүше болу, я болмау туралы шешім қабылдауына құқы бар делінген. Дегенмен, министрлік мұндай шешімнен Грузияның қарапайым халқы зардап шегетін болады деген ескертпесін де айтып үлгерген еді.

Ресей мемелекеттік Думасындағы Сыртқы істер комитеті төрағасының орынбасары Леонид Слуцкий болса, Грузияның бұл қадамын тікелей сынай келіп, жеткілікті ойластырылмаған шешім деп бағалады.

Бұл қадам саяси жағынан ешқандай пайда әкелмейтінімен қоса, қарапайым грузиялықтарға іс жүзінде талай қиындық алып келетін болады деді ол.

Бес күндік Ресей-Грузия соғысы аяталған кезде, оның кесірінен 400-дей қарапайым азамат қаза болып, 200 мыңдай адам босып кетті делінген еді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG