Accessibility links

Қазақтардың америкалықтар мен француздардан ақыл-парасаты неден кем?


Алдыңғы жақта тұрған - Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомрт Тоқаев.

Алдыңғы жақта тұрған - Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомрт Тоқаев.

Бұл туралы басқалардан гөрі Қазақстан Парламенті Сенатының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев артығырақ білетін шығар. Қазақтың саяси батпағындағы таусылмайтын кикілжіңдердің салдарынан бір оқиға жайлы әңгімелеуді кейінге қалдыруға тура келген, бірақ мен оны есімнен шығарған жоқпын.


АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ӨЗ ҚАЖЕТІҢЕ ҚАРАЙ ЫҢҒАЙЛАУ

Бұл іс сәуірдің аяғындағы күндердің бірінде болды. Астанаға ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ЕҚЫҰ -Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы \ДИАҚБ – Демократиялық институттардың адам құқы жөніндегі бюросы) делегациясы келген еді.

Делегацияны аталған ұйымның директоры Янеш Ленарчичтің өзі бастап келді. Қонақтарды қарсы алумен Парламент Сенатының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айналысты. Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық етуге дайындық бағдарламасы қалыпты қарқынмен жүріп жатты. Бәрі де жақсы болар еді.

Бірақ Парламент Сенатының басшысы кенеттен, бүгінгі көптеген құпия иірімдері бар қазақстандық саясаттың шындығын ақтарып салды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үшін «елдің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты ұсыныстарды толығымен ескеру мүмкін емес» екенін айтты.

Салыстырулар жауыр қылса да, мұндай мойындау әлемнің кез-келген демократиялық елінде айтылса не болар еді?!

Біріншіден, бұдан кейін әлгі «Тоқаев» Сенаттың да, Парламенттің де де қарасын көрмес еді. Тіпті, Конгоға елші етіп жіберуге де жарамай қалар еді. Мүмкін, оған Антарктидада күнде таңертең мемлекеттік жалауды көтеретін жауапкершілік жүктелер. Бірақ ол да күмәнді.

Бір сөзбен айтқанда, оқиға қоғамға бомба секілді әсер етуші еді. Бірақ Қазақстанда олай болған жоқ. Айтылған сөз назарға ілікті, бірақ қарапайым, кезекші, тіпті, іш пыстыратын оқиғалардың санатында қалып қойды.

Ал, Қасым-Жомарт Тоқаев шын мәнінде басқа басқарушылардың елде жария қылмауға тырысатынын айтып тастады. Ол ЕҚЫҰ қолдап-қорғаштайтын басты демократиялық құндылық — адам құқығын Қазақстандағы биліктің өз қалауынша редакциялағысы, күзегісі және бейімдегісі келетінін анық байқатты.

Егер де Сенат басшысының мәлімдемесінің артында, елдегі бар шындықты жасырғысы келгеннен де зор мәселе жатпағанда, ешқандай да ашықтық болмаған бұл оқиғаны әрі қарай талқылауды қажет деп таппас едік.

Басты себебін, яғни мифтік «елдік ерекшелік» туралы мәлімдеу арқылы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның қажетті деңгейге жетпегені, француздар мен голландықтар, чехтар мен болгарлардай болу үшін оларға әлі де даму үстіне даму керектігі туралы тұжырым жасап отыр.
Ал, америкалықтарды еске алудың да қажеті жоқ шығар. Тоқаевтық ой- қисынға жүгінер болсақ, олар аспанға самғап кеткен. Бостандық пен адам құқықтары жағынан біз оларды қуып жете алмаймыз.

ПРИБАЛТТАР КЕЗ КЕЛГЕН АЙЛАКЕР ПІКІРГЕ ТОСҚАУЫЛ ҚОЯДЫ

Іс жүзінде бүкіл постсоветтік кеңістікке тән мұндай «сыздауық» осындай жолмен пайда болады. Ал, Украинада ол «сыздауық» әркімнің аузындағы тәмсілге айналған.

Мұның шын атауы кембағалдық комплекс деп аталады. Киевте және Львовта, Одесса мен Херсонада өзін-өзі қор қылып көрсететін мұндай келеңсіздікпен қолдан келген барлық тәсілмен күреседі.

Прибалттарға мұны жасаудың қажеті жоқ. Советтік билік олардың бойына бауырымен жорғалаушылардың психологиясын сіңіре алмады. Эстония, Латвия және Литвадағы адамдардың жанында елдік сезіммен қатар, ондағы әр азаматтың намысы да өлген жоқ.

Сондықтан бұл елдерде немістер, француздар немесе норвегтерде қанша бостандық болса, біз неге соншалық бостандық пайдаланбаймыз деген сыңайдағы астыртын, айлакерлікпен айтылған уәждердің қай-қайсысы да қабылданбайды.

Мәселен, қандай да бір тарихи, географиялық немесе «ортопедиялық» ерекшелігіне қарай литвалықтар демократиялық құндылықтарға бейім емес дегенді меңзейтін кез- келген емеурін литвалық қоғамның ызасын туғызар еді.


ХАЛЫҚҚА ТОҚАЕВША ЖОЛ ТАБУ


Әрине, Қасым-Жомарт Тоқаев тереңге бармады, өз мәлімдемесін анықтап түсіндірмеді де (себебі, бәріне түсінікті еді), бірақ, оның мәлімдемесі қаласа да, қаламаса да барлық қазақстандықтарды ЕҚЫҰ-на мүше өзге ұлттармен тең дәрежеге қоя алмады.

Сенат басшысы өзінің лауазымдық биігінен қарай отырып, халықты селқос, өңсіз-түссіз және нағыз құндылықтарға бейімсіз етіп қарастырады. «Елдік ерекшелік» деген тоқаевтық ой- қисын бойынша теріс қылық танытып қойып, бірдеңені бүлдіріп қоймауы үшін, бұл халықты жіті бақылаумен қатар, оған сақтықпен қарау керек.

Бәлкім, билікке де мықты халық емес, оларға септігі ғана тиетін түсінігі жоқ тобыр керек шығар? Мүмкін, ондай сезімді саналы түрде халықтың бойына сіңіру де қажет болар?

Кембағалдық комплекстің негізінде жеткіліксіз, нашар дамыған адамдық интеллект жатады. Осы орайда тоқаевтық тұжырым француздармен немесе ағылшындармен салыстыра келіп, өз халқының ақыл-парасаты туралы (шамасы, Тоқаевтың ойынша қазақтар жете алмайтын) нашар пікір қалыптастырып отыр.

Сенат басшысы тарих жағын аса біліңкіремейді екен. Жуырда ғана жасалынған зерттеу қорытындылары бойынша 4-5 мың жыл бұрын өзгелерден ерте, алғаш жылқыны қолға үйретіп, бас білгізген — осы қазақтар боп шықты ғой.

Ол заманда бүгінгі Франция және Англия деп аталатын аумақтарда толық жабайылықтан өзге ештеңе болмаған. Батысты ақыл-парасат жағынан үлгі тұтпай-ақ, онсыз да бүгінгі Қазақстан оны желдей есіп, қуып жетпек. Бірақ, Тоқаев сияқтылар салыстырудан жалықпайды. Жалаң салыстырудан келер пайда шамалы.

АСТАНАЛЫҚ ЖӘНЕ АМЕРИКАЛЫҚ АЛАЯҚТАР

Шынайы өмірдің екі оқиғасы. Біреуі Астанада, екіншісі тура сол күндері одан мыңдаған шақырым қашықтықта жатқан, әлемнің басқа түкпіріндегі Флоридада болды.

Қаржы полициясының хабарлауынша, Астанадағы қалалық перзентхананың қызметкерлері үш жыл бойы жоқ әріптестердің атынан еңбекақы алып тұрған.

«Астыртын» топтың ішінде бас дәрігердің орынбасарынан бастап, есепшіге дейін бар. Қоғамның әжептеуір айтулы әлеуметтік тобы – бас дәрігердің орынбасарынан бастап қатардағы жұмысшыға дейін.

Бұған сипаты бойынша өте ұқсас қылмыс Флорида тұрғындарының ауызын аштырды. Бір қарапайым американдық әйел алты жыл бойы қайтыс болған анасының екі зейнетақысын алып отырған. Біреуі - әлеуметтік мемлекеттік сақтандыру бойынша, екіншісі салалық министрлік бойынша.

Мұны ол барынша тұрпайы жолмен іске асырған: ол қайтыс болған өз анасын көмбеген, мәйіт алты жыл бойы көрші бөлмедегі төсекте жатқан.

Ақыл-парасаттық мағынада астаналық алаяқтар американдық «әріптесіне» қарағанда озық. Біріншіден, олар «өлген рухтар» ойынын виртуалды түрде ойнады. Ал, флоридалық әйел оны іс жүзінде ойнады.

Жағдайды түсіндіргісі келіп, анасын ақшаның жоқтығынан көмбегенін айтқанда, ол әйелдің ақыл-парасаты тіптен белгілі болды.

Шешесі үшін 6 жыл бойы алған 200 мың доллар қаражатқа анасын жерлеу қалайша оның ойына келмеген?

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG