Accessibility links

Балаңызға есімді қалай таңдайсыз?


Жаңа туған нәресте. Ашхабад. 2010 жыл.
Жаңа туған нәресте. Ашхабад. 2010 жыл.

Психолог мамандар адамның аты оның өміріне тікелей әсер ететіндіктен мағыналы есім қойған жөн дейді. Сонымен қатар тарихта есімі қалған ұлы адамдардың атын балаға қоюға әуес болмауға кеңес береді. Балаға ұлы адамдардың есімін қою мамандардың айтуынша, психологиялық тұрғыдан алғанда белгілі бір жауапкершілікті жүктейді.



Қазір де көп адам баласына ғұлама болсын деп – Марғұлан, Қаныш, ақын болсын деп – Абай, батыр болсын деп –Едіге, Жәнібек, Алпамыс деп ат қойып жатады. Кейінгі кезде Нұрсұлтан есімді балалар да көбейе бастады. Ал, кейбір отбасылар баласының аты ерекше болуын қалағанымен мағынасына мән бере бермейді.

Қазақта баланың атын көп жағдайда баланың анасы емес туған туыстары қояды. Бұрындары балаға есімді бесікке бөлер алдында қойған.

Қазақтың салт-дәстүрін зерттеушілердің бірі Юрий Бошняков бұл туралы былай деп жазады:

«Баланы бесікке бөлерде күн ілгері ауыл-аймаққа хабар беріліп, әркім қал-қадірінше той жасайды. Тойға жиналғандар балаға қатысты екі шараны жүзеге асыратын болған. Бірінші кезекте балаға ағайын-туысының ұйғарымымен өздері іштей құптап жүрген есімді қою. Мұны сол ауылдың ең беделді азаматы сәбиді қолына алып азан шақырып, үш рет бала есімін құлағына қайталайды.

Ал ақсүйек әулеттердің баласына есімді молда құран оқып, кітапқа қарап қояды. Мұнда көптеген ырым-жорамал бар. Маңдайы нұрлы болып туған бала тіл-көзден аман жүруі үшін оған Итаяқ, Күшік, Жаманбала, Сасықбай деп әдейі жиіркенішті есім қоя салады. Баламның аты затына сай болсын деп не жаһангер қолбасшы, дінбасы, пайғамбар есімдерін де беретіндер болған. Бірақ, олардың есімін әке-шешесі ержеткенше жасырын атап жүреді. Себебі, бала ол есімді көтере алмай, өліп қалуы ықтимал деп жорыған».
XS
SM
MD
LG