Accessibility links

Америкадағы сатиралық телешоудың жүргізушісі Джон Стюарт еркін демократиялық қоғамдағы саяси сатира жөнінде


СNN телеарнасындағы «Күнделікті шоу» көңілашар бағдарламасын жургізуші Джон Стюарт.

СNN телеарнасындағы «Күнделікті шоу» көңілашар бағдарламасын жургізуші Джон Стюарт.

Өкінішке қарай, саяси тақырыптағы әзіл-оспақтың аяғы тіпті де қалжың емес жағдайға апарып соғатын елдер көп. Осындай тақырыпта Америкадағы осы жанр шеберлерінің бірімен саяси сатираның азат қоғамдағы қызметі жайында сұхбаттасудың сәті түсті.

Джон Стюарт СNN телеарнасында «Күнделікті шоу» көңілашар телебағдарламасын жүргізеді. Ол әлгі шоуда бағдарламаның тәртібі бойынша биік мансапты мемлекеттік қайраткерлер мен өзге де мықтыларға қатысты әзіл-оспаққа орын береді. Қоғамдық пікір жинау нәтижесі әзілкеш тележүргізушіні америкалық журналистердің сенімінен шығатын адамдардың тізімінде 4-ші орынға қойды. Джон Стюарт біздің Азаттық радиосының сұрақтарына жауап берді.

«ЖҰРТ АБСУРД ПЕН ӘЗІЛ АРҚЫЛЫ БЕРІЛГЕН АҚПАРАТТЫ ЖЫЛДАМ ҚАБЫЛДАЙДЫ»

- Джон мырза, сіз «жалған жаңалық» жасайтыныңызды көп айтасыз. Расында да сіздің ойдан шығарған оқиғаларыңыз көп, бірақ, сол сіз айтатын дүниелердің көпшілігі өмірде бар адамдардың өмірінен алынған шындық қой.

- Біз шын жаңалықтарды негізге алып, оны бояма әсермен жеткіземіз. Оның жалғандығы сонда ғана. Бірақ, біз оқиғаларды ойдан шығармаймыз.

- Дегенменен, сол бояма әсерді жеткізген кезде көрермендеріңіз одан нағыз шындықтың өзін көреді. Бұл не, сонда? Шын мәнінде көрермендеріңіз қандай ақпарат алады?

- Ең алдымен, меніңше, жұрт әрқашан да әзілді ұнатады. Әрқашан да жұрт саясаттан ада әзілді өте жақсы көреді. Саясат сөз болатын әзілді жұрт дәл солай ұнатпайды. Бірақ, не дегенмен де, адам әзілді тәуір көреді. Өзімнің көргенім сол, халық айналадағы болып жатқан оқиғаларды абсурд пен әзіл арқылы жақсы қабылдайды, сөйте тұра шынайы әлеммен байланысты жоғалтпайды. Мен, шынымды айтсам, жұрттың көңілін бұдан басқа ненің аударатынын білмедім.

- Сонда сіздің міндетіңіз қандай? Күлкілі болу ма? Сіз үшін сол маңызды ма? Әлде, одан басқа тағы бірдеңе бар ма?

- Тағы бірдеңе дейсіз бе? Жалпы алғанда, иә, бар. Ол жеке, саяси емес бір нәрсе. Әлемдік оқиғаларды көрермен өз көңілінің қалауына сәйкес көруі маңызды. Біздің мақсат — өзімізге қызықты дүниелерге қатысты мейлінше көбірек әзілдеп қалу.

- Джон мырза, кейде сіз реніш сезімін білдіретін сияқтысыз. Ол неліктен? Және де ол шын мәнінде де солай ма?

- Мен ондайды Ішкі істер министрлігінде үйрендім. (Күледі.) Жоқ, бұл меніңше, тәуір әзілдейтін адамдар арасында отырып көруге лайықты дүниелер көрсетілетін шоу деп ойлаймын. Ал, ренішке келетін болсақ, адам күлкілі дүние жасап тұрғанда сезімдерін толық тұншықтырып тастауға тиіс емес.

Түсінесіз бе, адамның комедияға қатысуы әзілге айналдырып тұрған дүниеге оның қатысы жоқ дегенді білдірмейді. Бұл гуляш секілді ғой. Ет... және етке көкөніс... 22 минуттық шоудың дәмін кіргізу үшін, оның тосын сыйлығы, әзілге арқа сүйеген қызығы болу үшін тепе-теңдік қажет. Әзілсіз ештеңе шықпайды.

- Саяси сатира деген тек қана күлкі емес, ол әрі әлеуметтік дүние. Бұл – сөз бостандығының өзіндік бір нысаны. Бұл – көзқарас.

- Ол шығармашылық. Өз қызығушылығымызға орай өзіндік көрініс жасаймыз.

- Бірақ, сіздерге материал керек. Кез келген әзілкешке мағлұмат керек емес пе?


- Біздікі – таза әсерлену қызметі. Біз үнемі дерлік бірдеңеден әсерленеміз.

«БІЗ ӨЗ ШОУЫМЫЗДА АДАМШЫЛЫҚҚА ЖАҚЫНДАТУҒА БОЛМАЙТЫН АДАМДАРДЫ ЖАҚЫНДАТАМЫЗ»

- Жақсы. Құрама Штаттардың басында әлемдегі ең қуатты адамдар тұр...

- Дұрыс айтасыз.

- Джон мырза, олардың қай жері күлкілі? Несімен күлкілі?

- Олардың күлкілі ештемесі жоқ. Шоу да бұл туралы емес, олардың күлкілі екендігі жөнінде емес. Олар күлкілі болса, өз шоуларын жасар еді. Олар қуатты. Оларда ядролық зымырандар бар, ал, мендегі бары – ойнақы сөздер мен кездейсоқ әумесер бейнебаяндар. Олар мені оңай жеңе алады. Бір ғана айтарым — біздің жасап жүргеніміздің нақты күші жоқ.

Оның адамды күлдіріп, көңілін сергіткеннен, әлдебір сезімді қанағаттандырғаннан басқа айналаға ешқандай ықпалы жоқ. Бірақ, бұл оның мәні жоқ деген сөз емес. Адамдардың солай әсерленгені бізге ұнайды. Алайда, менің шоуымның қандай да бір саяси немесе әлеуметтік бағыты бар деп айта алмаймын.

- Сіз саяси спектрдің екі жағын да әзілге жығасыз ба?

- Әрине. Біз масс-медианы да күлкіге айналдырамыз. Америка әлемінде Вашингтон мен Лос-Анджелес аралығындағы халық біздің шоуымызда аталатынына риза. Сіз маған саяси келіспеушілік өте үлкен роль ойнайтын және әлдеқайда маңыздырақ болатын елдердің тұрғысынан сұрақ қойып отырсыз ғой.

Ал, бізді шоуымызда адамшылыққа жақындатуға болмайтын адамдарды жақындатады деп санай аласыз. Бірақ, біздің қоғам саяси келіспеушілік тұрғысында қызмет етпейді. Ал, авторитарлық ахуалда саяси қайшылық үлкен құндылық тудырады деп ойлаймын.

- Джон мырза, сіз өз сана-сезіміңізді бақылауда ұстайсыз. Әзілдегенде қаншалықты тереңге бара аласыз? Әзіліңіз өзіңізге жау боп шығатындай «миналы алқапқа» түсіп кетуіңіз мүмкін бе?

- Жоқ. Мен жазаны ойламаймын. Әлемде билеушілер мен билік институттарынан қауіп төнетін жерлер бар, әрине, егер сіз оларға қайшы келіп тұрсаңыз. Бірақ, біз тұрып жатқан мекенімізді [Американы] ондай жер ретінде сезіне алмаймыз.

- Бір кездері Ресейде «Қуыршақтар» деген саяси-сатиралық шоу болды. Ол бағдарламаның қатысушылары Путинді аяусыз күлкіге айналдырды. Бір күні Путин жетер енді деп еді, шоу теледидардан ғайып болды.

- Сіз мүлдем бір-біріне ұқсамайтын екі қоғам туралы айтып тұрсыз. Ресейде ондай дүниеге бара алу деген, меніңше, нағыз ерлік. Бізбен салыстырғанда олар әсте бөлек жағдайда жұмыс істейді. Біздікі де ерлікке бара бар деп айтып отыратындай болсам қуанышты болар едім, бірақ, өкінішке қарай менде ондай артықшылық жоқ. Біздің комедия мен теледидар әлемі әлеуметтік наразылық пен диссиденттік әлемі емес.

- Джон мырза, шоуыңыз қоғамға пайдалы, ал, егер пайдасы болмаса, онда...


- Онда, ол зиянды деген сөз емес. Меніңше одан келетін пайда бар. Көңілі қанағат тауып, қуаныш сәтіне бөленетін адамдар санаты бар деп ойлаймын, бұл оларға көмектеседі. Былайша айтқанда, клапанды ашу ғой. Елге осындай әсер сыйлайтын болсақ, мен дән ризамын.

- Джон мырза, сұхбатыңыз үшін рахмет.
XS
SM
MD
LG