Accessibility links

ТМД кеңістігіндегі зейнетақылар көлемі қандай, зейнеткерлер қалай күн көруде


Бағаның қымбаттауына зейнеткерлер наразылық білдіріп тұр. Алматы, 30 қыркүйек 2009 ж.

Бағаның қымбаттауына зейнеткерлер наразылық білдіріп тұр. Алматы, 30 қыркүйек 2009 ж.

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері көрші елдерге қарағанда жоғары. Алайда, зейнеткер өздерінің күндері қараң екенін айтады. Олар Заманбек Нұрқаділов жеңілдіктер жасаған кездерді сағынышпен еске алады.

Қазақстандағы ай сайынғы зейнетақы мөлшері 17 105 теңгені (114 доллар) құрайды. 2009 жылғы мәліметтер бойынша Қырғызстанда орташа зейнетақы мөлшері 48 долларды, Өзбекстанда 59 долларды, Тәжікстанда 35 долларды, ал, Түркіменстанда 103 долларды құраған.
Молдовалық зейнеткерлердің наразылық жиыны. Кишинев, 3 наурыз 2009 ж.


Қазақстанның алдында орташа зейнетақы мөлшері 186 долларды құрайтын Ресей, 140 долларды құрайтын Беларусь және 124 долларды құрайтын Әзірбайжан тұр.

НАЗАРБАЕВ 2012 ЖЫЛЫ

Осыдан екі жыл бұрын-ақ Қазақстан тәуелсіздігінің 16 жылдығындағы салтанатты мәжіліс барысында президент Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылға қарай Қазақстандағы зейнетақының орта мөлшері екі жарым есеге өседі деген болатын.

«Біз зейнетақы жүйесі реформасын сәтті өткіздік», — деген Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін беріп жатты «Қазақстан бүгін» ақпараттық агенттігі.

МемлекетОрташа
зейнетақы,
доллармен
Жыл
Ресей1862009
Беларус1402009
Әзірбайжан1242009
Украина1082009
Түркменстан1032009
Қазақстан962008
Армения632009
Молдова622008
Өзбекстан592009
Қырғызстан482009
Грузия472008
Тәжікстан352009
Сол кезде президент базалық зейнетақы төлемдерін есептегенде ең төменгі зейнетақы мөлшері 1998 жылдан бері қарай 4,3 есеге, ал, орта мөлшері 3,3 есеге өсті деген-тін.

Сол кезден бері зейнетақы өседі деген әлгі уәделердің ең болмағанда жартысы орындалды ма екен, қазақстандық зейнеткерлер бүгін қандай күйде? Осы сұрақтарды Азаттық радиосы зейнеткерлердің өздеріне қойған еді. «Поколение» қозғалысының жетекшісі Ирина Савостина Қазақстан зейнеткерлерінің бүгінгі күйі өте мүшкіл екенін айтты.

— Шетелдерде қарттардан мұраға үлкен байлық қалып жатады, ал, бізде қарттардың артында қарыз болып жерлеу шығындары қалып жатады. Мысалы, мен 50 жылдан аса жұмыс істеген адаммын. Қазір алатыным 25 мың теңге (шамамен 170 доллар). Бұл жоғарғы зейнетақы болып саналады. Осы зейнетақы маған жете ме? Жараның ауызын тырнайтын болдық қой, зейнетақының көп бөлігі коммуналдық шығындарға кетеді. Ал, төменгі мөлшерде зейнетақы алатын жан қайтіп күн көрмек? Қазір дағдарыстың уағы, ненің қанша тұратынын қарап көріңіз. Бізде үйінде картобы бар зейнеткер бақытты. Бір бөтелке майды бір тамшыдан тамызып үнемдейді. Біздегі зейнеткерлердің көрген күні осы міне, — деді Ирина Савостина Азаттық радиосының тілшісімен сұхбаттасу барысында.

Зейнеткерлік қамтамасыз етудің орта есебі сәйкес келмейді, ал, зейнетақы бөлу кезінде ең төменгі тұтынушылық бюджеттен серпін алуға болмайды деп санайды ол.

— Біздің замандастарымыз бала кезінен жұмыс істеуге мәжбүр болды, бірақ, 16 жасқа толғанға дейін еңбек кітапшасына жазылмайтын. Ол шақтарда қарттық кезіміз туралы ойламадық. Біз үнемі үш жылда бесжылдық жасайтынбыз: қарсы жоспарлар, еселенген
Ирина Савостина, «Поколение» зейнеткерлер қозғалысының жетекшісі.
міндеттемелер, жоспардың орындалуы үшін, артығымен орындалуы үшін күрес, — дейді «Поколение» қозғалысының жетекшісі.

Оның айтуынша, 15 жастан жұмыс істеген адамға 40 жасқа толғанда 25 жылдық еңбек стажын жазатын да сол үшін «Еңбек ардагері» медалін беретін.

— Жұмыс істемеске амал бар ма, өмір сүру керек, зейнеткерлік жасқа, яғни, 55 жасқа жету керек қой. Сол себепті Конституцияда белгіленгенге қарағанда бізде еңбек стажы екі есе көп. Бірақ, неліктен маған қартайған шағымда зейнетақыны төменгі мөлшермен белгілейді? Бір мен ғана емеспін, мен секілділер көп қой. Маған әсіресе ер адамдар келіп, қолдарындағы орден мен төс белгісіне толған қорапшаны көрсетіп жатады, зейнетақысына қарасаң, ең төменгі мөлшерде. Істеген жұмыстары – трест басқарушысы, тұтас бір мекеме басшысы, біз адал қызмет еттік, шыншыл болдық, — дейді Ирина Савостина.

«ПРЕЗИДЕНТТІК» ЗЕЙНЕТАҚЫ БӘРІНЕ БЕРІЛМЕЙДІ

Айта кетейік, Қазақстандағы ай сайынғы зейнетақының ең төменгі мөлшері 9 875 теңгені (шамамен 66 доллар) құрайды. Ең жоғарғы мөлшері — 26 733 теңге (шамамен 179 доллар). Соңғы өткен елдегі президент сайлауының алдында тағы базалық зейнетақы төлемі бекітілген еді, оны зейнеткерлердің өздері «президенттік» зейнетақы деп атаған болатын.

Ресми ақпарат бойынша бұл жылы өмір сүру минимумының 40 пайызын құрайтын базалық зейнетақы 12 пайызға өсіп, 5 388 теңгеге (36
Қайыр сұрап отырған қазақстандық зейнеткерлер. 3 желтоқсан 2008 ж.
долларға) теңелген. Сонымен, базалық зейнетақының өсуін есепке алғанда ең төменгі зейнетақы 15 263 теңгені, орташа зейнетақы — 22 493 теңгені, ең жоғарғысы — 32 121 теңгені құрайды деп жазады мемлекеттік кеңселер. Қазақстанда жоғары зейнетақы зейнеткерлердің үштен біріне ғана беріледі.

Ал, Ирина Савостина ресми мәліметпен келіспейді. Сонымен қатар ол базалық зейнетақыны төлеу кезінде орын алатын ескерілмей қалған тұстардың көп екенін айтады.

— Президент сайлауының алдында бізге 3 теңге берді. Оны базалық зейнетақы деп жариялаған-тын. Қазір оны жоғарылатты. Ол сол кезде де өмір сүру минимумына теңелетін, қазір де теңеледі. Бірақ, президент сайлауының алдында бергендіктен оны «президенттік» зейнетақы деп атап кеттік. Кейде ойлаймын, президентті масқаралап не керек? Ондай 3-ақ мың теңгелік зейнетақыны президент берді деп ойламаймын. Қазір де қарттар: Назарбаев өлсе болды, «президенттік» зейнетақыны тоқтатады деп жатады, — дейді Ирина Савостина.

Коммуналдық қызметті төлеген зейнеткер Фаина Шырбаева тұрмыстық газ бағасының қымбаттағанын айтады. Шымкент, 15 мамыр 2009 ж.
Оның айтуынша, Қазақстанда базалық зейнетақы әрбір зейнеткерге берілмейді, ал, барлық мемлекеттерде базалық зейнетақы бәріне бірдей беріледі.

— Базалық зейнетақы деген өмірі көгалда жатумен өткен хиппиге де төленетін ақша. Жасың келгенде мемлекет саған өмір сүру минимумына теңелуге тиіс базалық зейнетақы төлеуге міндетті. Адамның ішіп-жеуіне, киіміне, күнделікті жүріс-тұрысына жету керек. Бұл халықаралық стандарт, — дейді «Поколение» қозғалысының жетекшісі.

Ирина Савостинаның айтуынша оған 1925-1927 жылдары туылған, жас шағында тұрмыс құрып, өмір бойы жұмыс істемеген зейнеткерлер келетін көрінеді.

— Есесіне олар төрттен, бестен, сегізден бала тапқан. Күйеулері ерте қайтыс болған. Республика өзгеріп шыға келді. Балалар өздерін әрең асырауда. Кемпірдің еңбек стажы жоқ, жалғыз қалған, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алады, онысы бір алты мың теңгенің үстінде. Жұмыс істемеді деген аты болмаса, ол аяғын аспанға көтеріп жатқан жоқ қой, үйінде ол аспазшы да болды, тәрбиеші де болды, дәрігер де, мұғалима да болды. Оны жұмыстан қашқан адам деп айтуға бола ма? Олар жадаған-жүдеген жандар, бірақ, оларға базалық зейнетақы берілмейді, неліктен оларға берілмеуге тиіс? — деп сұрайды Ирина Савостина.

Бүгінгі күні елдегі өмір сүру минимумы 13 мың теңге шамасында (шамамен 87 доллар). Ирина Савостина ең төменгі зейнетақының ең төменгі өмір сүру минимумына да жетпейтінін айтады.

— Бізде қазір әлемдік стандарттарға келе жатырмыз деген сөз күнде айтылып жатыр. Әлемдік стандарт бойынша минималды тұтынушылық бюджетте біріншіден, калориялық жағынан жөнге келетін қоректену шығыны қаралған болу керек. Коммуналдық қызметке, баспанаға төленетін, дәрі-дәрмекке жұмсалатын қаражат қарастырылу қажет, — деп есебін келтіреді Ирина Савостина.

Жіңішке ауылының зейнеткер ақсақалдары. ОҚО, Қазығұрт ауданы. 2 қазан 2009 ж.
Әлемдік стандарт бойынша, дейді ол, минималды тұтынушылық бюджетте тіпті адамның бір жаққа барып қайтуына да, демалысына және екі газетке жазылуына ақша қарастырылады.

— Бізде мұның бірі де жоқ. Біздегі минималды тұтынушылық бюджет 13 мың теңгені құрайды, оған тек азық-түлік кәрзеңкесі ғана кіреді. Біле-білсеңіз жұрт қырылып жатқан блокадалық Ленинградта осындай, қазіргі Қазақстандағыдай минималды бюджет болған, — деді Ирина Савостина Азаттық радиосына.

САВОСТИНА НҰРҚАДІЛОВТЫ САҒЫНЫШПЕН ЕСКЕ АЛАДЫ

Азаттық радиосына берген «Поколение» қозғалысының мәліметтері бойынша бүгіндері Қазақстанда 1,5 миллион зейнеткер бар, ал реформалар басталатын 1993-1994 жылдары Қазақстандағы зейнеткерлердің саны 2,8 миллион болатын. «Поколение» қозғалысының статистикасы бойынша осы бір аралықта Қазақстанда жыл сайын 100 мың зейнеткер өмірден озып отырған.

Олар бүгіндері коммуналдық қызмет төлемдерін, жер, мүлік салықтарын толықтай төлеп отыр, қоғамдық көлікте жүру жеңілдігі жоқ. Зейнеткерлерге жеңілдіктер мен артықшылықтар жоқ, шеті де көрінбейді дейді Ирина Савостина.

— Заманбек Нұрқаділовты Алматы әкімі лауазымынан кетіргеннен кейін барлық жеңілдіктерді алып тастады. Есімде, бұл туралы Пасхада
Зейнеткер Рузия апай Ақтөбенің көшесінде қайыр сұрап отыр. 23 қыркүйек 2009 ж.
мәлім болды. Бәрі былай басталған еді: 90-ыншы жылдары бір кезде Бостандық атқару комитетінде сауда бөлімінің бастығы болып істеген Қанат Тәжіқұлов деген кәсіпкер болды, — деді «Поколение» қозғалысының жетекшісі.

Нарықтық қатынастар басталған кезде, дейді ол, сол кәсіпкер бірінші болып Алматыдағы өзінің үш дүкенінде зейнеткерлерге арналған бөлімдер ашқан болатын, ол бөлімдерде зейнеткерлер тіпті қарызға да азық-түлік ала алатын.

— Сосын Нұрқаділов бізді шақырып алып (ол бізбен жұмыс істейтін), бүкіл қала бойынша дүкендерде зейнеткерлерге арналған бөлімдер ашуға тапсырма берді. Қала бойынша тегін жол жүру құқығын берді, салықтардан босатты, әрбір айдың 28-інде барлық шаштараздар тегін шаш алды, әр бейсенбіде қаланың моншалары зейнеткерлерге тегін қызмет көрсетті. Бұл 1997-1998 жылдар еді. Нұрқаділов қызметінен алынғанда бәрі тоқтады. Бар-жоғы жарты жыл ғана солай өмір сүрдік. Заманбек зейнеткерлерге тамаша көмек беріп еді, — деді Ирина Савостина.

ЗЕЙНЕТКЕР ӘРІ ҒАРІП

Азаттық радиосының тілшісі Алматыдағы өзге де зейнеткерлерге алатын зейнетақылары жөнінде сұрақ қойды. Біздің 80 жастағы сұхбаттасушымыз Владимир Тимошенко 54 жылдық еңбек стажының барын айтады. Зейнетақының ең жоғарғысын алады – 26 мың теңге.

Бірақ, әңгіме барысында сол ең жоғарғы зейнетақының да оған жетпейтіні белгілі болды.

— Мені азық-түлік емес, коммуналдық шығындар қинайды. Зейнетақымның қырық пайызына жуығы коммуналдық шығындарға жұмсалады. Мен біржарымдықта, 39 шаршы метрде тұрамын. Бір түсіне алмай қойдым, коммуналды мекемелерді кім басқарады? «Энергосбыт», жылу жүйелері кімнің меншігінде? Олар өтіріктен қиындық тудырған болып, коммуналды қызметтің тарифын көтереді, — дейді Владимир Тимошенко.

Көшеде өткендерден қайыр тілеп тұрған қария. Алматы, 30 наурыз 2008 ж.
Сосын ол сықақшы Михаил Задорновтың анекдотын айтып берді: «Түрмеден шыққан бір еркек «мемлекеттің құрылысы да тура біздегідей, түрмедегідей екен ғой», дейтін көрінеді, «бізде түрмеде пахан, ал сендерде президент. Бізде кәнігі ұры, сендерде үкімет мүшелері. Бізде қалта тонағыштар болатын, ал сендерде әкімдер».

Зейнеткердің айтуынша, оның жалғыз қуанышы денсаулығын қалыпты ұстап тұруға қажетті дәрі-дәрмек алу кезінде жасалатын 50 пайыздық шегерім болып тұр.

— Менде гипертония, стенокардия бар. Маған шегерім жасалатыны қуанышты-ақ. Бірақ, мен секілді тағы қаншама зейнеткер достарым бар, оларға дәрілер шегеріммен берілмейді. Қазір дәрілер өте қымбат. Аптекаға кірсең деген – ол бір халық шаруашылығының жетістіктері қойылған көрме секілді. Бізде Шымкент фармакологиялық фабрикасы бар емес пе? Мәселен, аспирин 15 теңге тұрады. Ал, олар үстіне баға қосып, 160 теңгеден сатады. Аптекадағы бағалар сұмдық, қолжетімді емес. Түсінесіз бе, біз деген дәріні барынша аз мөлшерде аламыз. Енді өмірмен қош айтысатын сәт те алыс емес шығар деп үміттенеміз, — деп түйіндеді сөзін алматылық зейнеткер.

Минималды зейнетақы алатын тамағы жұтаң 70 жастағы қарт ана Азаттық радиосының тілшісіне өз мұңын шақты.

— Кеше базарға бардым, көк пияздың бір бумасы 50 теңге тұрады. Бізде ылғи да көк пияз 10-15 теңге тұратын еді ғой. Зейнетақыны түкке тұрғысыз мөлшерге көтереді, ал, базар бағасы екі есеге көтеріледі. Ет пен сыр туралы ештеңе айта алмаймын. Біздің, қарттардың тамаққа деген сұранысы жастардікіндей емес шығар, бірақ, бәрі-бір де кейде дәмді бірдеңе жегің келеді. Мәселен, мен кешке қарай сұлы жармасына қайнақ су құямын, қақпағын жабамын, таңертең соны жеймін. Жеймін, шәй ішемін, сонымен болды. Түскі асқа – сорпасымақ немесе қытай кеспесі. Көптеген зейнеткерлердің не жегісі келсе, соны алатын мүмкіндігі жоқ, — деді Алматы зейнеткері.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG