Accessibility links

Назарбаевтың қарсыластарының елден қашуы, ондаған қарапайым адамға сор боп тиді


Мұхтар Әблязов, оппозицияның бұрынғы басшысы, топ-менеджер

Мұхтар Әблязов, оппозицияның бұрынғы басшысы, топ-менеджер

2009 жылдың соңында Қазақстанда 12 бизнесмен түрме жазасына кесілді. Кезінде БТА банкпен байланысы бар банктер мен компанияларда жұмыс істеген оларды Алматының Алмалы аудандық соты сыбайласқан жемқорлық қылмысына қатысы бар деп тапты.

Естеріңізге сала кетсек, 2009 жылдың басында БТА банктің бұрынғы басшысы биліктің қаһарына ілініп, Қазақстаннан кетіп қалған. Оның артынан банктің бұрынғы топ-менеджерлері Роман Солодченко мен Жақсылық Жәрімбетов те кетті. Олардың барлығына қазір халықаралық іздеу жарияланған. Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының шешімін олар мағынасыз және тапсырыспен жасалған үкім деп атады.

«БТА банк пен Темірбанктің бұрынғы менеджерлеріне қатысты сот шешімін ауырсына, өкінішпен естідік. Біздің бұрынғы әріптестеріміз бен клиенттерімізге қарсы процесс әуел бастан-ақ айқын тапсырыстық сипат алған», - делінген олардың мәлімдемесінде.

Азаттық радиосы бүгін «Қазақстанда тағы бизнесмендердің бір тобы сотталды, мұның артында не тұр?» деген тақырыпта телефон арқылы дөңгелек үстел өткізіп отыр. Дөңгелек үстелге қатысатындар: 8 жылға сотталған банкир Ермек Диханбаевтың адвокаты Нұрлан Үстеміров, БТА банктің бұрынғы басқарма төрағасы, бүгінде саяси эмигрант Роман Солодченко, ЖСДП «Азат» партиясының президиум мүшесі, парламенттің бұрынғы депутаты Уәлихан Қайсаров, «Республика» тәуелсіз газетінің заңгері Сергей Уткин және Қазақстан Жоғарғы соты қылмыстық істер алқасының бұрынғы төрағасы Өтеген Ықсанов. Дөңгелек үстелді жүргізетін – Азаттық радиосының қызметкері Сұлтан-Хан Аққұлыұлы.

ҚОҒАМДЫ ҚАЙТАДАН ЖАППАЙ ҮРЕЙ ЖАЙЛАДЫ

Жүргізуші:

– 25 желтоқсанда Алматының Алмалы аудандық соты 12 бизнесменді сыбайлас жемқорлықпен айналысқан кінасы бар деп тапты. Айыпталушылардың бесеуі, БТА банктің бұрынғы менеджерлері, 8 жылға бас бостандықтарынан айрылды. «Баск инвест», «Дудар капитал» және «Каменское плато» тәрізді бірқатар ЖШС-нің бұрынғы директорлары 5 жылға сотталды. «Темірбанктің» бұрынғы басқарма төрағасы Әблахат Кебиров және «Есеке ЛТД» ЖШС-нің бұрынғы директоры Дәулет Дашевтардың әрқайсысы 2 жылдан алды. БТА банк басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Генриг Холодзинский үш жылдық сынақ мерзімімен 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылды.

Азаттық радиосының құрметті қонақтары, біріншіден, сіздерге мына бір жайды хабарлағым келеді. Мен сотталған 12 менеджер мен бизнесмендердің сот шешімдеріне қатысты бірнеше мәрте түсініктеме алуға тырыстым. Алайда, өзін Назым деп таныстырған Алмалы сотының хатшысы соттың рұқсатынсыз түсініктеме беруден бас тартты. Ал, төраға бұл кезде әлдебір мәжілісте болды және бұл жұмыс уақытынан кейін болатын. Назым айтқан бұл сот шешімдеріне қатысты түсініктеме бере алатын Айдын атты қылмыстық істер жөніндегі маманды да жұмыс орнынан, аудандық соттың кеңсесінен табу қиын болды.

Екіншіден, сотталған банкирлердің бірінің жұбайы маған телефон арқылы 28 желтоқсан күні кешкісін, мен сотталғандардың бірінің адвокатымен сөйлесе салысымен, сотталған 12 адам мен олардың жақын туыстарымен дөңгелек үстел өткізіліп, онда сотталғандардың тағдырлары талқыланайын деп жатқандығы жайында смс-хабар алғанын хабарлады. Бұдан соң, сотталғандар мен олардың туыстары сотталғандарға кесірі тиіп кетпесі үшін қандай да бір дөңгелек үстелге қатыспау туралы ортақ шешім қабылдайды.

Және расында да сотталған банкирлер мен бизнесмендердің туыстары, бұл үкім жайында үндемей қалудың олардың пайдасына шешілмейтіндігін, олардың ісін обьективті қарау үшін жариялылықтың қажеттігін түсініп, мойындап тұрса да, біздің шақыруымызды бір кісідей қабыл алмады. Осыған байланысты, барлық қатысушылар үшін мынадай сұрақ пайда болды: сотталған банкирлер мен бизнесмендердің, олардың жақын туыстарының бұл қылығын қалай түсіндіруге болады? Адвокат мырза Нұрлан Үстеміров, сіз бастаңыз. Меніңше олардың бұл қылығы сізге түсініктірек сияқты.

Нұрлан Үстеміров:

– Мен бір нәрсені айтайын деп едім, бұл жерде мен таза адвокатпын. Мен саяси астарына байланыссыз, таза қылмыстық процесс тұрғысынан ғана сөйлеймін. Біріншіден, меніңше сотталғандардың барлығының, оның ішінде менің қорғауымдағы Диханбаевтың кеңесу дауысына құқы бар болатын және сондықтан, шешім шығарғанда оның дауысы есепке алынбады.

БТА банктің логотипі
Екіншіден «Директорлар кеңесі туралы» ережеге, БТА банк АҚ-ның жарғысына сәйкес, ірі деп есептелетін және банктің мүддесі бар келісімдер бойынша соңғы шешімді директорлар кеңесі қабылдауға тиіс. Дәлелдерді зерттеу барысында бұл директорлар кеңесінің шешімін көрсететін бір де бір құжаттың неге ұсынылмағандығы бізге түсініксіз. Бізге жай ғана, не үшін екені белгісіз, бұл құжаттарды біреулер алып кеткен-міс деп айтты. Егер мұны есепке алсақ, онда мүшелері сотталған несие комитеті, директорлар кеңесінің алдындағы құрылым болатын. Сондықтан, жауапкершілікке директорлар кеңесі тартылуы тиіс.

Бұдан бөлек, несие комитетіне барар алдында мәселе инвестициялық комитетте шешілген. Бұл инвестициялық комитетке Әблязов, Тәтішев және бұл банктің бұрынғы барлық басшылығы енген. Сондықтан, олардың шешімі міндетті болатын. Айтайын дегенім, егер де банктің бірінші басшылары шешім қабылдаса, онда бұл шешімді несие комитеті еш қарсылықсыз қабылдайтын.

Ең бастысы, бұл істе мен осы адамдарды соттау үшін соттың мүдделілігін, құқық органдарының немесе өзге әлдекімдердің мүдделілігін көріп тұрған жоқпын. Менің түсінуімше, бұның барлығы осы ақшаларды қайтару үшін жасалып отыр. Сондықтан, ең негізгісі - Әблязовтар, Солодченколар, Жәрімбетовтер ұрлаған миллиардтардың бізге қажеті жоқ. Мені қорғауымдағы Диханбаевтың тағдыры қызықтырады, оның бұл ақшаларға еш қатысы болған жоқ.

Диханбаевты айыптап отырған 176-баптың диспозициясы бойынша, бұл – «сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену жолымен ұрлау». Бұл мүлік несие комитетіне сеніп тапсырылған жоқ, бұл мүлік бөтендікі емес, бұл мүлік банкке тиесілі болатын. Егер менің қорғауымдағы Диханбаев Әблязовпен де, Жәрімбетовпен де ешқашан, ешқандай байланыста болмаса, онда не үшін оны бұл адамдармен бірге «бір қылмыстық топта» деп айыптады? Менің қорғауымдағы Диханбаевтың Жәрімбетовпен ара қатынасының нашар болғаны,
Бұл адамдардың заңсыз сотталып отырғандығын, ұрланды-мыс делінген бұл ақшаларға олардың еш қатысы жоқтығын, тіпті, прокурор да түсінді.
олардың бірін бірі жақтырмайтыны туралы куәліктер болды, бұл жайында Тәтішевтің өзі де куәлік берді. Бұның барлығы судьяға жан-жақты дәлелденді. Бұған не дәлел болады дейсіз ғой? 3-4 айдың ішінде оны қызметте төрт сатыға төмендеткен. Сонда ол қалай «қылмыстық келісімде» болады? Ол Әблязовты білген емес.

Және менің соңғы айтайын дегенім, соттың шығарған үкімдері маған түсініксіз. Жарыссөзде сөйлеген мемлекеттік айыптаушы, біздің болжағанымыздай, нақты мерзімдер сұрады. Жеті сотталушыға – бес жылға шартты мерзім, ал бес сотталушыға – бас бостандығынан айыру. Мәселе мерзімде емес, мәселе әділеттілікте. Бұл адамдардың заңсыз сотталып отырғандығын, ұрланды-мыс делінген бұл ақшаларға олардың еш қатысы жоқтығын, тіпті, прокурор да түсінді. Яғни, заңдылық толық сақталған жоқ, кінәлары дәлелденген жоқ.

Ал менің қорғауымдағы Диханбаевқа келсек, мен сіздерге шынымды айтайын, ол менің сөйлемеуім жайында жұбайына өтініш айтқан. Бірақ, мен адал адаммын. Маған бір-ақ нәрсе, шындық және әділдік қажет. Сондықтан, мен қысқаша сөзімді аяқтай келіп бір нәрсені айтқым келеді: менің сөзімнің қорғауымдағы адамға зияны тигенін қаламаймын. Неге? Өйткені, бәрібір олардың барлығы қорқады деп сіз дұрыс айттыңыз. Олар президенттен қорықпайды, олар оған үміт артады, олар президент барлығын дұрыс түсінетіндігіне сенімді.

Ал Әблязовтың позициясына келсек, президент оған жақсы қарады, оған жай ғана адам болуға мүмкіндік берді, ақтады т.с.с. Егер ол бұның барлығына осылай жауап берсе, онда ол мына адамдардың барлығына жамандық жасап отыр, оларды кінәлі қылып шығарды. Сіздер мені кешіріңіздер, бірақ мен осылай деп ойлаймын. Неге? Өйткені ол бостандықта, ол демалып жатыр, оның ақшасы бар. Ал бұлар болса түрмеде отыр, бұларды нақты мерзімдерге соттады. Мен ең болмағанда Конституция болмаса да, шындықтың салтанат құратындығына үміттімін. Өйткені, мен қалай болғанда да біздің президентті сыйлаймын, ол дұрыс шешім қабылдайды деп есептеймін. Егер Әблязов кінәлі боса, онда соның өзі жауап беруі керек деп есептеймін. Жәрімбетов кінәлі болса, өздері жауап берсін. Ақша ұрлады ма, өздері жауап берсін. Бірақ, бұл ақшаларға еш қатысы болмаған адамдар жазланбауы керек.

Жүргізуші:

– Үстеміров мырза, рахмет. Сотталғандар мен олардың туыстарының бұл қылықтарын сіз қалай түсіндірер едіңіз, Солодченко мырза?

Роман Солодченко:

– Мен сотталғандардың да, олардың туыстарының да бұл қылықтарын түсінемін. Мұндай жағдайда адамдар аман қалу үшін кез-келген
Пикетке шыққандардың алдына "Банк ТуранӘлем" банкінің басқарма төрағасы Роман Солодченко шықты. Алматы, 23 қазан 2008 жыл
талды қармауға даяр. Олар ұзақ мерзімді түрме торының қаупі төніп тұрғандарға, ең болмаса, зияндарын тигізбеуге тырысады. Сондықтан, олардың неге өздерін осылай ұстайтындарын жақсы түсінемін. Мен мұны және оларды ешкім алдамаса да осындай мағынасыз жағдайға тап болған бұл адамдарды жақсы түсінемін.

Біз бұл адамдардың жазықсыз екені және ешқандай қылмыстық топта болмағаны туралы мәлімдеме жасадық. Оларды «қылмыстық топқа» қатыстылығы үшін соттады. Бірақ, бұл «қылмыстық топтың» болғанын дәлелдейтін, Әблязовқа да, Жәрімбетовке де, маған да қатысты сот шешімі әзірге жоқ. Аталған жағдайда барлығы басынан аяғына қарай қойылған. Тергеудегілерге бұл қылмысты қылмыстық топ жасады деген дерек керек болғандықтан 12 адамды соттады.

Және бұл үкімдердің мағынасыздығы, бұл адамдардың сол кезде, осы банкте жұмыс істегеннен өзге кінәсінің жоқтығында ғана емес. Мағынасыздығы мынада, сот үшін, осы сот басталған мақсат үшін олардың үкімі қажет емес болатын. Олардың бәрін босатып жіберуі мүмкін еді, бұның барлығын «қылмыстық топ» деп, содан соң сот залынан босатып жіберуге болатын еді. Біз Қазақстанда сот әділдігінің қалай орын алатындығын білеміз.

Бұл жерде де судьяға Астанадан телефон шалынғандығына мен сенімдімін. Бұл факті биліктегілер енді қарапайым адамдарға, өз халқына қарсы жүре бастағанын көрсетеді. Бұл, бірінші кезекте, биліктің өзі үшін қатерлі белгі.

Жүргізуші:

– Солодченко мырза, рақмет. Адвокат Уткин, сіз не айтасыз?

Сергей Уткин:

– Жалпы алғанда түсінікті, әрине. Мына бір қорқыныш туралы барлығы айтты. Әрине, адамдар қорқады, бізде ешқандай тәуелсіз, әділ соттың жоқ екендігін олар түсінеді. Сондықтан, олардың айтқан барлық сөздері өздеріне қарсы шығады. Бұл процестің кәдімгі кек алу екендігін олар түсінеді. Сол себепті олар қазір әлденені айтып, әлдебір жариялылыққа қатысып, бұл процестің түп-тамырын ашар болса, онда осы арқылы өздеріне зиян келтіріп аларын, олардан бұрынғыдан да қаттырақ кек аларын түсінеді. Бұл - ешқандай әділеттілік жоқ жердегі күштінің алдындағы кәдімгі айуандық, адамдық қорқыныш. Міне олардың қатыспау себебі осында.

Жүргізуші:

– Рақмет, Уткин мырза. Қайсаров мырза, сіз сотталушылар мен олардың туыстарының бұл қылықтарын қалай түсіндіресіз?

Уәлихан Қайсаров:

– Біріншіден, сотталғандар мен олардың адвокаттарының әрекеті, бірінші кезекте, қалай болғанда да өздерін қалқалауға, тек жай қалқалау ғана емес, өздерін заңсыздықтан, сот тәлкегінен, әділетсіз сотталудан қорғау үшін жасалып отырғанын мен жақсы түсінемін. Бұл жерде Роман Солодченко дұрыс айтты.

"Республика" газеті журналистерінің БТА банк басшыларына табыс еткісі келген себеті. Алматы, 2 қараша 2009 жыл
Мен тағы мынаны қосар едім. Жалпы алғанда бұл адамдар президентке шағымдана отырып дұрыс стратегияны таңдады. Бүгін оны қорғауға негіз жоқтығын біле тұра, оның Конституцияның кепілі екеніне негіз болмағанына қарамастан, адамдар оған Президент мырза, біз сізге қарсы емеспіз, біз сіздің жағыңыздамыз, сізді бар күшімізбен қолдаймыз, сол үшін кімді болса да, Мұхтар Әблязовты да, Роман Солодченконы да кінәлауға даярмыз деген мағынадағы ниеттерін жолдағысы келеді. .

Бірақ менің ойымша бұл адамдар үлкен бір өмірлік бір қателік жіберіп отыр, олар Роман Солодченко мен Мұхтар Әблязовқа жапсырылып отырған қылмыстардың ғана емес, дәл осы кезде өмір сүріп тұрған режимнің тұтқынына айналғандарын толық түсінбеген сияқты. Және олардың сотталуы олар кінәлі екенін білдірмейді. Дәл бүгін Қазақстанда Роман Солодченко мен Мұхтар Әблязов мықты ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, олар банк салымшыларының миллиардтаған ақшасын ұрлады деген ой тудыру керек болды.

Әрине, мұндай болжамды расқа шығару үшін, мұндай қылмыстық топ туралы аңызды одан әрі жандандыру үшін бұл топтың басты орындаушыларын ойлап табу керек болды. Және бұл адамдар керек емес уақытта, керек емес жерден табылды. Былайша айтқанда олар қосақ арасында кетіп отыр.

Және сіз білесіз бе, ең қорқыныштысы Роман Солодченкоға да, Мұхтар Әблязовқа да нақты ешқандай айып таға алмайды. Өйткені бұл адамдар өздерінен өздері ақша ұрлай алмас еді. Мысалы БТА банкке қатысты, олар салымшының ақшасын қайтара алмады немесе есептік-кассалық операцияларды жүргізе алмады деген бір де бір шағым менің есімде жоқ. Сондықтан, БТА банкі бойынша қылмыстық іс қозғауға ешқандай негіз жоқ болатын.

Жүргізуші:

– Рақмет, Қайсаров мырза. Енді осы тақырып бойынша соңғы сөз Ықсанов мырзада.

Өтеген Ықсанов:

Қазақстан жоғарғы сотының отставкадағы судьясы Өтеген Ықсанов. Прага, 29 желтоқсан 2009 жыл
– Мен бұл сотты дұрыс жасады, бұрыс жасады деп ешнәрсе айта алмаймын. Өйткені мен бұл сотқа қатысқан жоқпын. Сондықтан, бал ашқандай болып сөйлеген дұрыс емес.

Біріншіден, бұл үкім үш талапқа жауап беруі керек. Заңды, негізделген және әділетті деген. Егер бұл үкім осы талаптарға жауап берсе, онда оны заңды деп айтуға болады. Егер осы үш талапқа жауап бермесе, онда үкім заңсыз. Сөйлеушілер президенттен үміт ететіндіктері жайында көп айтты. Бұл өте өкінішті жағдай. Өйткені, Қазақстан – демократиялық, құқықтық мемлекет. Өзгесін айтпай-ақ қояйын. Сот әділдігі биліктен тәуелсіз болуы керек, сот әділдігін президент емес, премьер-министр емес, тек сот қана жүргізуі керек. Егер осының барлығын бір ғана адам жүргізіп отырса, онда бұл өкінішті.

Жүргізуші:

– Жақсы, рақмет. Солодченко мырза, адвокат Үстеміровтің пікіріне жауап беруіңізге уақыт бар.

Роман Солодченко:

– Менің қосарым бар. Өйткені, Нұрлан маған осыншама көп сұрақ қойды. Мен айыптау үшін ешқандай негіз болмағандығына толықтай келісемін. Біріншіден, банкте ешқандай қылмыстық топ болған жоқ және ешкім банктен сыртқа ақша шығарумен айналысқан жоқ. Процесс әуел бастан-ақ саяси сипатта болатын және ол Әблязовқа қарсы бағытталған. Бұл жай жұрттың барлығына түсінікті еді. Бірақ бізде дәлел таба алмай прокуратураның қолынан келмегенді сот жасады. Қазақстандағы прокуратура мен сот бір ғана қуыршақ ойнатушының қолындағы екі қуыршақ.

Біздегі жүйе мен режим солай қалыптасқандықтан, сенің кінәсіздігің қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды. Сондықтан да біз осы бір аса абыройсыз үкімнің куәсі болдық. Мен бұны елді, билікті масқара қылған үкім деп есептеймін. Өйткені, мемлекеттік айыптаушы кінәсін
Бұл елде жеке тұлғаларға, оппозиционерлер немесе бизнесмендерге емес, жалпы қарпайым адамдарға қарсы бағытталған жаппай террор науқаны басталғандығының белгісі.
көрмей тұрған адамдарды сот прокурордың сұрағанынан да қатаң жазаға кесті. Бұл – бүкіл жазалаушы органдардың қарапайым адамдарға қарсы жұмыс істей бастағандығының көрінісі. Оның үстіне олардың ешқайсысы жоғары басшылық қызметте болмаған. Яғни, оларды айыптап отырған пункттер бойынша соңғы шешім қабылдайтын адамдар болмаған.

Менің білуімше, екі директордың компаниялары да несиелерін банкке қайтарып қойған. Олар банктің алдында таза болатын және банкпен қарым-қатынас жасамаған. Бірақ бұл жағдай оларды сотталудан аман алып қалмады. Осы белгілерге, бұл адамдардың барлығы саясаткерлер де, олигархтар да, оппозиционерлер де еместігіне қарамастан, олардың барлығын ұзақ мерзімдерге соттады. Мен үшін бұл елде жеке тұлғаларға, оппозиционерлер немесе бизнесмендерге емес, жалпы қарпайым адамдарға қарсы бағытталған жаппай террор науқаны басталғандығының белгісі.

ЕКІ ТҮЙЕ СҮЙКЕНСЕ...

Жүргізуші:

– Рақмет. Құрметті қонақтар, біздің тілшілеріміздің ақпараттары бойынша БТА банктің бұрынғы менеджерлерінің ісі бойынша шамамен 45 адам жауапқа тартылып, олардың 12-сі сотталды. Ал, қалған адамдарды не күтіп тұр? Солодченко мырза, сіз бастаңыз. Кейбіреулердің айтуынша, сот қуғындауының басты мақсаты ең алдымен БТА банктің бұрынғы бірінші басшысы, Мұхтар Әблязов бастаған басшылар көрінеді. Бұның ішінде сіз де бар шығарсыз, Солодченко мырза. Сөз сізде.

Роман Солодченко:

– Сөзсіз, бұл дәл осылай. Бүкіл процестің негізгі мақсаты – Мұхтар Әблязов. Және ең өкініштісі, Әблязовқа қарсы бағытталған соттың анықтамасын алу үшін, шынайы адамдарды сотталушылардың орындығына отырғызады. Бұдан бөлек, 40 адам 65-бап бойынша қол қойды. Яғни, олар бостандықта болу үшін кінәларын мойындап, тергеумен ынтымақтаса жұмыс істеуге келісімдерін берді. Олар өздерінің
65-бап бойынша қол қойып берген сол 40 адамға қатысты бұдан былай ешнәрсе болмайды деген үміттемін.
ешнәрсеге кінәлі еместігін білсе де оларды кінәні мойындауға мәжбүрледі. Ешқашан болмаған аса үлкен, тармақталған қылмыстық топты болды деу үшін. Бұл 40 адам банкте өз орындарында жұмыстарын жалғастыруда.

Бұның қандай логикаға негізделгендігі де ешкімге түсініксіз. Егер шындығында да қылмыстық топ бар болды десек, онда неге оның бір бөлігі сотталып, ал қалған екінші бөлігі ешнәрсе болмағандай өз орындарында жұмыстарын жалғастыруда? Бұдан бөлек, неге екендігі белгісіз, несие комитетінде де, директорлар кеңесінде де шешім қабылдаған кейбір адамдар бұл тізімге кірмей қалған. Кейбір фамилиялар бұл тізімнен түсіп қалған. Бұл да аталған тізімнің қандай себеппен жасалғандығын түсініксіз қылады. 65-бап бойынша қол қойып берген сол 40 адамға қатысты бұдан былай ешнәрсе болмайды деген үміттемін.

Бұған қоса, сотталған 12 адамның кез-келгені түрмеден босау үшін өздерін қылмыскер деп мойындап, 65-бапқа қол қойып берер еді деп ойлаймын. Бірақ прокуратура оларға мұндай мүмкіндік бермейді деп ойлаймын. Өйткені, прокуратураға да, сотқа да нақты сотталған адамдар керек. Сондықтан да осы 12 адамды соттап жіберді.

Болашақ мәселесіне келер болсақ, олардың шағымданатындығына сенімдімін. Бұдан бөлек, процестің мағынасыздығын ескере отырып, біз бұл процесс жайындағы ақпараттың халықаралық адам құқын қорғаушы ұйымдарға мәлім болуына бар күшімізді саламыз. Өйткені, бір кездері Мұхтар Әблязовтің босауына халықаралық құқыққорғаушы ұйымдар себепкер болды. Мен қазір уақыттың өзгергенін, Қазақстанның да, Қазақстандағы жүйенің де өзгергенін түсінемін. Бірақ соған қарамастан, біз халықаралық құқыққорғаушы ұйымдар тарапынан жасалған қысым біздің әріптестеріміздің тағдырын жеңілдететіндігіне сенеміз.

Жүргізуші:

– Жақсы, рақмет. Заңгер Сергей Уткин, сіз не айтасыз?

Сергей Уткин:

Заңгер Сергей Уткин баспасөз мәжілісінде. Алматы, 9 қараша 2009 жыл
– Болашақта қалай болады деп болжау ма? Ендігі процесс іздеуде жүрген басшыларға қатысты болатындай. Бұл әлдебір сырттай процесс болатын сияқты. Бізде бұндай тәжірибелер бар, Қажыгелдинде осылай болған, Рахат Әлиевте де осылай болды. Міне шамамен осындай процесс болып, оларға ұзақ мерзімді жапсыра салады. Әрине, оларды шетелден ешкім ұстап бермейді.

Менің ойымша, халықаралық қоғамдастық бұл жағдайды түсінеді. Бұл кәдімгі кек алу екендігін, бұл үкімде ешқандай құқықтық мазмұн жоқтығын түсінеді деп ойлаймын. Сондықтан да оларға қылмыскер деп емес, өз елдерінде қуғын көрген адамдар деп қарайды. Мен білмеймін, Назарбаев билікте қала ма, әлде елде бір өзгерістер бола ма, соған дейін біз осындай жағдайда боламыз. Елде барлығы өзгерген кезде, бұл процесте де барлығы өзгереді.

Жүргізуші:

– Рақмет. Адвокат Үстеміров, бұл істің қалған фигуранттарын не күтіп тұрғандығы жайында айтарыңыз бар ма?

Нұрлан Үстеміров:

– Мен айтылғандарды мұқият тыңдадым. Мына бір үш пунктті атап өтсем деймін. Біріншісі:мен әділдіктің түбі салтанат құратындығынан үміттімін және тек адвокат ретінде ғана емес. Неге дейсіз бе? Өйткені, саясатты президент анықтамайды деп қанша айтқанымен, президент Конституцияның кепілі. Президент әрбір қылмыстық іске араласып, бақылап, онда жеке бастың ісі болса түзетуге мәжбүрлеп отырмайды. Ал менің жеке пікірімше, Әблязов президентті үш рет алдады. Бірінші жолы Әблязовқа жас түркілермен дейміз бе, солармен бірге көмектесті. Оларды суырып алып, билікке әкелді. Оларға мемлекеттің гүлденуі үшін еңбек етуге жағдай жасады.

Содан соң Әблязов оппозицияға кетті. Бұл президентке ұнамаған болуы мүмкін. Оның бұған құқы бар еді, ол екінші рет кешірді. Мұхтар,
Екіншісі, сіздер бұны бос сөз деп ренжімеңіздер, егер жариялайтын болсаңыздар айтайын, менің жеке өзім президентті құрметтеймін.
жұмыс істеймін десең, мінеки. Бірақ, Мұхтар жұмыс істей алмады. Бұл президенттің жеке пікірі, бұл пікір мына қылмыстық іспен араласпауы керек. Бұл құрылым, мүмкін біздің жүйе болар.

Екіншісі, сіздер бұны бос сөз деп ренжімеңіздер, егер жариялайтын болсаңыздар айтайын, менің жеке өзім президентті құрметтеймін. Ол президент болғандығы үшін емес, ол шынында да адам болғаны үшін. Адам болғанда қалай? Ол біздің мемлекетіміз үшін барлығын жасауда. Ал енді ол бір облыстағы, бір аудандағы, бір қаладағы әрбір әділетсіздікке араласа алмайды ғой. Бұл оның кінәсі емес. Оның қасында адамдардың болуының өзі олар осыны жасайды деп үміттенетіндігін білдіреді. Оларды тәрбиелеп, жұмыс істеуге үйрету керек қой. Бұл ауыр, бұл жағынан алғанда оныкі дұрыс деп ойлаймын.

Және үшіншісі, бұл менің жеке пікірім. Мен барлығымен келісемін, тек бір ғана жаймен келіспеймін. Яғни, бұның барлығы Әблязовты, Солодченконы және Жәрімбетовты отырғызу үшін жасалып жатыр деген пікірмен келіспеймін. Бұның барлығы оларды жауапкершілікке тарту үшін жасалып жатыр. Неге? Өйткені, олар ана жақта, шетелде болса, онда оларды жауапкершілікке тарту қажет. Переюдиция деген түсінік бар, қылмыстық-процессуалдық кодекстің 131-бабы.

Мен Солодченконы қатты құрметтеймін. Неге? Өйткені олар шындығында да банкирлер. Олар шынымен де жекеменшік банкте жұмыс істеді, олар өз жұмыстарымен айналысты. Түсінесіздер ме, бұл жүйе. Жүйе қаржылық дағдарыстың салдарына дәл банкирлердің жауап бергенін қалайды. Бізде, біздің елімізде барлығы неге екендігі белгісіз, кінәлілерді іздейді. Біздегі болып жатқан жағдайлардың дәл осылай болуы керектігін жақсы түсінемін. 20-22 жылдың ішінде біздің еліміз ең демократиялық ел Америка сияқты болып кетуі мүмкін емес. Оларда бізден асып кеткен тәртіпсіздік, қылмыс та көп. Бірақ оларда заң, қылмыстық процесс салтанат құрған. Бұл жүйе, оны қирату керек. Бірақ, ешкім қиратқысы келмесе оны қалай қиратуға болады? Президент бұны қалайды, мен білемін. Міне мен білемін, неге? Өйткені ол сөйлеп жатыр, шынында да ұрысып жатыр, қашанға дейін ұрыса береді?

Жүргізуші:

– Жақсы, рақмет. Ықсанов мырза, соңғы сұрақ бойынша айтылғандарға қосарыңыз бар ма?

Өтеген Ықсанов:

– Мен алдын ала ешнәрсе айта алмаймын. Өйткені, нақты қылмыстық істі қарап көру керек. Және содан соң, сөйлеушілердің барлығына айтарым, біреуді бас салып кінәламау керек. Өйткені, кінәсіздік презумпциясы деген бар. Бұл біздің Конституцияда, халықаралық пактілерде, азаматтық-саяси құқықтарда жазылып, қамтамасыз етілген.

Бірақ мен Қазақстан жаңа кезеңге аяқ басып келеді деп ойлаймын, ЕҚЫҰ-ға төрағалық етеді. Биылғы жылы Қазақстан әділсоты өз деңгейінде болады, халықаралық стандарттарға сай болып, Қазақстан Республикасында сот әділдігінің орнауына үлгі болады деп ойлаймын, осыны тілеймін. Ежелгі данышпан айтқандай: «әлем қираса да, сот әділдігі салтанат құрсын!»

«ҮНСІЗДІК ҚҰЛДЫҚҚА ҰЛАСУДА»

Жүргізуші:

– Ықсанов мырза, рақмет. Ал енді, Қайсаров мырза, қорытынды сөз сізге беріледі.

Уәлихан Қайсаров:

– Біріншіден, сіздің соңғы сұрағыңыз бойынша қоса кеткім келеді. Сіз білесіз бе, судья мына куәгерлер бойынша өндірісті қайта бастады. Яғни, 12 адам сотталушы орындығында отырды. Ресми нұсқа бойынша тағы үш адам ізделуде. 15 адам бүгінгі саясатты жасап отырғандардың тәбеті үшін тым аз. Ал енді ана 40 адам 65-бапқа қарамастан, ерте ме, кеш пе сотталады.

Сондықтан, сол адамдарға кеңес бергім келеді. Олар не істеу керектігін өздері де жақсы біледі. Біздің құрметті адвокатымыз Нұрлан
Осы уақытқа дейін қандай жүйеде, қандай елде өмір сүріп жатқандығын түсінбегендігі, біздің президент ешқандай сот ісіне араласпайды дегенге сенетіндігі өкінішті.
Үстеміровтің кәсіби біліктілігіне еш күмән келтірместен айтайын дегенім, өкінішке қарай, тіпті оның өзі бүгін әлдебір аңқаулықпен үміттенеді, әлдебір мейірімді ағай туралы балалық ертегіге сенеді. Осы уақытқа дейін қандай жүйеде, қандай елде өмір сүріп жатқандығын түсінбегендігі, біздің президент ешқандай сот ісіне араласпайды дегенге сенетіндігі өкінішті.

Мен жақында ғана болған оқиғаны айта кетпекпін: Жақында бізде бір жүргізуші бірден төрт адамды қағып өлтірді. Олардың барлығы оған қатысты шағымданған жоқ. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ, сөйтіп ол шетелге қашып кетті. Ал оқиға орнынан кетпеген, жедел жәрдемді, полицияны өзі шақырған, жәбірленушілер тарапынан талап болмаған, барлық кінәсін жуып-шайған Евгений Жовтисті соған қарамастан соттап жіберді. Міне осының өзі біздегі мұндай істердің барлығының саяси сипаты барлығын көрсетеді.

БТА банк айналасында қандай мәселелердің көтерілгенін көре отырып бұл банктің Қазақстан экономикасындағы майлы құйқа болғанын түсінесіз. Президент жайында ол бір рет кешірді, екі рет кешірді деп жатыр. Бірақ, ол кезде Әблязовты жауапқа тарту үшін оған қояр кінәсі болмады. Менің ойымша, барлық әңгіме ТМД дағы нөмірі бірінші банкті алып қою үшін жасалған. Оның активтерімен, кірістерімен,
пайдаларымен қоса. Жай ғана біреуге үлкен ақшалар қажет болған, біреудің бизнесін алып қоймақшы болған. Бұл – кәдімгі рейдерлік.

Әрине, бұған заңды сипат беру үшін үлкен саясатты араластыруға тура келді. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда тек үлкен саясаткерлер ғана емес, қарапайым адамдар да үлкен саясаттың құрбаны болып кетеді. Өкінішке қарай, мына сотталған 12 адам ешқандай кінәсі жоқ қарапайым азаматтар. Мына сотталайын деп тұрған 45 адамның да еш кінәсі жоқ.

Жүргізуші:

– Барлықтарыңызға рақмет. Енді, соттың соңғы шешімдеріне және өзге де шешімдерге қарасақ, Қазақстанда, тіпті, билікке адалдық та сот қуғындауынан құтқара алмайды екен. Онда экономикамен, бизнеспен кім айналысады?

Роман Солодченко:

– Мен, қарапайым адамдар жүйе тарапынан болған қуғын-сүргінге бір ғана жолмен – елден кетіп қалу арқылы ғана жауап бере алады деп есептеймін. Мен Қазақстанда 1990 жылдардың басындағыдай жағдай орын ала ма деп қорқамын. Ол кезде өз елінде сенімін жоғалтқан адамдар басқа жаққа кетіп қалған еді.

Әдеттегідей, алдымен мықтылары кетеді. Бұдан ел зиян шегеді. Өйткені, адамдар өздеріне орын таба алады. Ал ел болса 3-4 жылдың ішінде жаңа мамандарды даярлай алмайды. Қазақстанда Жовтиске, Жәкішевке, БТА банк пен Темірбанктің бұрынғы 12 басқарушыларына қатысты болып жатқан процестер Қазақстаннан халықтың кетуіне себепкер болады ма деп қорқамын.

Жүргізуші:

– Рақмет. Үстеміров мырза, сөз сізде.

Нұрлан Үстеміров:

– Білесіздер ме, мен қалай болғанда да оптимиспін, мен үнемі үмітпен өмір сүремін. Мен Қазақстанның болғандығына және бола беретіндігіне үміттімін және сенемін. Біздің президентімізбен бе, өзге президентпен бе, мәселе онда емес. Ең бастысы – Қазақстан бар және бола береді. Қалай болғанда да бұл шынайы процесс. Мұндай жағдай кез-келген мемлекетте бар.

Бізде мұндай жағымсыз жайлардың болуы, жоғарыдағылардың айқасуы өкінішті. Ең бастысы, халық зардап шекпесе болды. Халық Қазақстаннан қашып қайда барады? Тұра берсін, гүлдене берсін. Қайда барып тығылады, білмеймін, үмітті үзбеу керек, ал мен сенемін. Сот әділдігінің барлығына, болатындығына сенемін. Бәрібір заң салтанат құрады. Өйткені, біздің елімізге 20 жыл ғана болды. Біздің болашағымыз алда, рахмет.

Жүргізуші:

– Рақмет. Заңгер Сергей Уткин, сөз сізде.

Сергей Уткин:

– Пікірталас аяқталып келе жатқандықтан бұл істің мағынасыздығы туралы айта кетейін деп едім. Қайсаровтың ойын қуаттай келіп айтайын дегенім, заңды тұлға, банк – бұл абстракция. Оның артында үнемі нақты адамдар тұрады. Зардап шеккен кім? Зардап шеккен Әблязов па?

Жоқ! Әлдебір менеджерлер ме? Солодченко ма? Жоқ! Банктің әлдебір қызметкерлері ме? Жоқ! Сонда зардап шеккен кім? Кімнің ақшасын ұрлаған? Сонда ақшасын салған салымшылардың ба? Тағы да жоқ. Бұл жерде не болғанын түсініп отырсыз ба? Мемлекет банкті басып алып, содан соң мені тонап кетті дейді. Шындап келгенде ешкімге бір тиын да бермеген. Өз ішінде өзіне берген бе сонда? Мені тонап кетті деп айғайлайды. Ал шындығында ешкім ұрламаған. Бұл – қылмыстық процеске, қоғамдық қауіпке пародия. Біз қоғамға қауіп тудырғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылсын дейміз. Ал бұл жерде қауіпті ешнәрсе болмаған.

Егер әлдебір өздерімен байланысты компанияларға жеңілдікпен несие берді дейтін болсақ, бұл күлкілі жағдай. Егер мен бүгін «Самұрық-Қазынаға», «Қазмұнайгазға» барып, мені бір күнге ғана әлдебір келісімшарттарға, тендерлерге, төлемдерге жіберетін болса, мен бір күннің ішінде талай нәрсені ашамын да, айнала тұмсықтарын тығып алғандардың өз адамдары екендігін барлығы көрер еді. Бірақ бұл мемлекеттің қаржысы ғой. Біз кейде бұл сенің жеке меншігің емес дейміз. Ал БТА банк шынмен де жекеменшік болатын және оған бөтен ешкімнің тұмсығын сұғуы қажет емес еді. Егер біреудің мүддесіне нұқсан келсе: мысалы – салымшының, менеджердің, акционердің, қызметкердің т.б. онда сол адам шағымданып, осыған байланысты қандай да бір тексерулер болады. Бірақ, мұндай ешқандай шағым жоқ.

Бүгінде «Қуат» корпорациясының президенті Нам мырза аман-есен жүр. Ол Алматы қалалық мәслихатының депутаты. Оның корпорациясында бірнеше жылдан бері жалақыларын алмаған барлық қызметкерлер ереуілге шығуда. Олардың үлескерлері де бірнеше жылдан бері жапа шегуде, ақшаларының қайда кеткендігі белгісіз. Бұл жерде мыңдаған жәбірленушілер болса да «Қуат» корпорациясында ешқандай тексерулер болып жатқан жоқ. Міне сізге бар айырма. Міне бұл жерде нағыз әділетсіздік бақырайып көрініп тұр. Ал Нұрлан болса президент ешнәрсе білмейді дейді аңқаулықпен.

Мен бұның барлығын жақсы түсінемін. Бізде мұндағылардың барлығы, айыпталушылар, сотталғандар, 65-баптағылар, олардың барлығы да президенттен үміттенеді. Олардың барлығы ең басты адам президент екендігін жанымен түсінеді. Бірақ, олар үшін осылайша өтірік ақымақ болған тиімді. Ана жақтан президент Нұрланның сөзін оқып қалса, өй Нұрлан деген жақсы жігіт екен, оған көмектесіп жіберейін дейтіндей көрінеді. Олардың осы аңқаулықтары таң қалдырады. Рахмет.

Жүргізуші:

– Рақмет. Енді Ықсанов мырза, сөз сізде.

Өтеген Ықсанов:

– Қажетті нәрсемен айналысуға кедергі жасамасы үшін бизнес, экономика үйде отырмаулары керек, ұйымдасқан, өркениетті түрде өзінің конституциялық құқықтары үшін күресулері керек.

Жүргізуші:

– Рақмет. Енді Қайсаров мырза, сөз сізде.

Уәлихан Қайсаров:

– Менің ойымша, Қазақстанда экономикамен адамдардың белгілі тобы айналысқан және әзірге айналыса береді деп ойлаймын. Бұл –
Қазақстанда экономикамен осы 7-8 мың адам айналысқан және айналыса береді, ал қалған адамдар құлдықтың қамытын киеді.
шамамен, негізінен шикізат секторында жұмыс істейтін 7-8 мың адам. Олар Қазақстандағы қалған 15-16 миллион адамды пайдалануда.

Және осы 7-8 мың адам жоғарыға белгілі бір мөлшерде пара беріп, осы арқылы өздерінің қауіпсіз өмірлерін қамтамасыз етеді. Сондықтан, Қазақстанда экономикамен осы 7-8 мың адам айналысқан және айналыса береді, ал қалған адамдар құлдықтың қамытын киеді.

Жүргізуші:

– Құрметті қонақтар, «Қазақстанда тағы 12 бизнесмен сотталды, бұның артында не тұр?» деген тақырыптағы Азаттық радиосының дөңгелек үстелін осымен тәмамдауға рұқсат етіңіздер. Қатысқандарыңыз үшін рақмет.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG