Accessibility links

Австрия президентінің Қазақстанға келуіне Рахат Әлиев бөгет болды ма?

  • Есен СМАҒҰЛОВ

Азаттық радиосы хабарлағандай, Австрияның федералды президенті Хайнс Фишердің Қазақстанға 12-14-інші қазанға жоспарланған сапары кейінге қалдырылды.

Австрияның ықпалды die Presse басылымының жазуынша, президент кеңсесі бұл сапардың кенеттен өзгертілуін Австрия үкіметін жасақтау ісінің жалғасып жатқанымен байланыстырып отыр.

Сонымен бірге Венада шығатын газет Австрия президентінің Астанаға сапар шегуден бас тартуына экс-дипломат әрі Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің төңірегіндегі оқиғалар да түрткі болуы мүмкін екендігін меңзепті. Мақалада соңғы кездері екіжақты қарым-қатынастарда пайда болған түйткілдер туралы айтылған.

«2007 жылғы тамызда Австрияның әділет мекемесі Қазақстанның Венадағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевті Қазақстанға беруден бас тартқаннан кейін екі елдің арасындағы байланыстар күрделене түсті. Басқа қылмыстармен бірге адам ұрлаған деген айып тағылған Әлиевті бермеуге Қазақстанда оған қатысты әділетті тергеу жүргізу мүмкіндігінің жоқтығы негіз болған еді. Ал Әлиев өзін Венадан ұрлап әкету мақсатымен жалдамалыларды айдап салғанын айтып, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты айыптады», - деп жазады die Presse.

Әңгіме осыдан бір апта бұрын австриялық Profil апталығына берген сұхбатында Рахат Әлиевтің айтқан мәлімдемесі туралы болып отыр.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG