Accessibility links

Бейсенбі күнгі басылымдарда Оңтүстік Осетия мен Абхазиядағы соғыс, Бейжіңде өтіп жатқан олимпияда ойындары, «Болашақ» бағдарламасының жаңалығы жайлы мақалаларға орын беріліпті.

«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Сүлеймен Мәметтің мақаласында, «Болашақ» бағдарламасының жаңалықтары жазылыпты. Мақалада, «Болашақ» бағдарламасына түсуге тілек білдірген 392 үміткердің жеке ісі талқыға түсендігі, олардың 356-сына «Болашақ» халықаралық степендиясын тағайындау жөнінде шешім қабылданғандығы хабарланыпты. Тілек білдірген жастардың дені Ұлыбритания, АҚШ, Ресей, Украина, Қытай мемлекеттерінің білім ордаларында оқуға талпыныс білдірген.


Ал «Литер» газетіндегі Қазыбек Айсиннің «Пекиндік экспресс» деген мақаласында Қытай, АҚШ, Ресей сынды елдердің біраз медалді еншілегенін, алайда Қазақстаннан барған кейбір спортшылардың ел үмітін ақтай алмағандығы жазылған.


«Айқын» газетіндегі «Патриоттық мүдде мемлекеттік мүде алдында бас ие ме?» деп аталатын Кәмшат Сәтиеваның мақаласында, спорт пен саясаттың қатар жүретіндігі сөз болған. Мақалада автор, 1936 жылғы Берлиндегі, 1968 жылғы Мексикадағы, 1980 жылғы Мәскеудегі және 1984 жылғы Лос-Анжелестегі олимпиядалардан мысал келтірген. Сондай-ақ автор Бейжіңде алғаш олимпиада ойындары басталған күні, бірнеше жарылыстың болғандығын, елдегі саяси тұрақтылықтың төмендегендігімен түсіндірген.


Газеттің осы санындағы «Болашақ ауылға бет бұрды» деген мақалада, ауыл балалары мен мемлекеттік және ғылыми педагогикалық қызметкерлер үшін арнайы квотаның бөлінгендігі баяндалған. Автор, 1994 жылдан бастап, 2007 жылға дейін, аталмыш бағдарламамен 1036 жастың әлемнің 27 елінде білім алғандығына тоқталыпты.


«Түркістан» газетіндегі «Жұмыр жерді дуылдатқан олимпиада» деген мақалада қазақстандық Нұрбақыт Теңізбаев пен зілтемір көтеруші Ирина Некрасованың күміс медалді иеленгендігі тілге тиек етіліпті.


Газеттің екінші бетінде Есенгүл Кәпқызының «Оңтүстік Осетия Грузия субъектілерін сақтай ала ма?» деген мақаласы жарық көрген. Онда автор 29-шы олимпиада ойындары басталған күні Оңтүстік Осетияда соғыс өрті тұтанғандығын айтып, бірінші болып қай жақтың оқ атқанының әзірге беймәлім екендігіне тоқталыпты. Соғыстың зардабы осетиндер мен грузиндерге ауыр тигендігін жазған автор, соңғы ақпараттар бойынша 2000-дай адамның қаза тапқандығына айрықша тоқталған.


Мақалада қазақстандық саясаттанушылар бұл мәселеге түрлі баға берген .Мәселен, Әзімбай Ғали Ресей агрессордың рөлін атқарып отыр десе, Айдос Сарым, Грузияның Ресейге борышкер еместігін, оның да өзіндік амбициялары бар екендігін айтқан. Ал «Ақ жол» партиясының жетекшісі Әлихан Бәйменов, бұл мәселеге бір жақты бағаның берілмейтіндігін, мұнда екі жақтан да саяси қателіктерге жол берілгендігін сөз қылған.


«Жас алаш» газетіндегі Мұхтар Жанұзақұлының «Ұрыс аяқталды, бірақ соғыс қаупі сейілген жоқ» деген мақаласында, халықаралық сарапшылардың пікірі келтірілген. Онда Ресейдің бұл соғыста жалғыз қалды, оны қолдауға ТМД елдері ниет танытпай отыр делінген. Сондай-ақ БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі бес рет жиналып, Ресей ме Грузия арасындағы кикілжіңді талқыласа, ТМД ұйымы бұл соғыс жайлы бірде-бір отырыс өткізбегендігін саралапты мақала авторы.


Ал «Свобода слова» газетінде жарық көрген «Кавказдағы соғысқа кім кінәлі» деген мақала қазақстандық саясаткерлер мен саясаттанушылардың пікірлерімен толықтырылыпты. Автор Грузия мемлекетінің бұл әрекетін «21 ғасырдың тағылығы» деп бағалапты.

XS
SM
MD
LG