Accessibility links

Fortune журналы Гүлжан Молдажанованы әлемдегі ең ықпалды, іскер он әйелдің қатарына енгізді

  • Есен СМАҒҰЛОВ

Гүлжан Молдажанова. Алматыда шығатын "Новое поколение" газетіндегі сурет.

Гүлжан Молдажанова. Алматыда шығатын "Новое поколение" газетіндегі сурет.

Гүлжан Молдажанова мұндай жоғары рейтингке ие болған посткеңестік кеңістіктің тұңғыш өкілі.

Американың Fortune атты іскер журналы жариялаған әлемнің ең ықпалды да іскер елу әйелінің тізімінде оныншы орында тұрған қазақ қызы Гүлжан Молдажанова ресейлік «Базовый элемент» холдингінің бас директоры. Ол басшылық еткен уақытта компанияның табысы еселеп артып, 26,8 миллиард долларға жеткен.

Fortune сарапшылары Гүлжан Молдажанованы осындай тізімге бұрын да екі рет кіргізген болатын. 2006 жылы 22-ші орында тұрса, 2007 жылы 20-сыншы орынға көтерілген. Ал, жақында ең ықпалды Forbes журналы жариялаған 100 ең ықпалды әйелдер тізімінде Гүлжан Молдажанова 37-ші орынға ие болды.

XS
SM
MD
LG