Accessibility links

"ЕҚЫҰ төрағасының уәдесінде пәтуа жоқ"


Сотталған журналист Рамазан Есіргеповке қолдау жазылған плакат. Алматы, 24 маусым 2009 жыл.

Сотталған журналист Рамазан Есіргеповке қолдау жазылған плакат. Алматы, 24 маусым 2009 жыл.

ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлері кеңесінің Алматы маңындағы Ақбұлақ демалыс орнында 16-17 шілде күндері өткелі отырған саммиті алдында Халықаралық журналистерді қорғау комитеті осы ұйымның қазіргі төрағасы Қазақстандағы сөз бостандығы мен адам құқтары жағдайына назар аударуды сұрап, ашық хат жолдап отыр.


"ТӨРАҒА УӘДЕСІНДЕ ТҰРМАДЫ"

Халықаралаық журналистерді қорғау комитетінің ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлеріне жолдаған ашық хатында былай делінген: «Осы жылдың соңына қарай Астанада ЕҚЫҰның саммитін өткізу мәселесін талқылауға жиналғалы отырсыздар. Қазақстан ЕҚЫҰ-на төрағалық тізгінін алардан бұрын адам құқтарының сақталуы талаптарын жақсарту, сөз бостандығын жетілдіру міндеттемелерін мойнына алған болатын.

Міне, ЕҚЫҰ сияқты ұйымға төрағалықты атқарып жатқанына жарты жылдан асқан уақытта Қазақстан кемінде бір журналист пен бір құқық қорғаушыны түрмеде ұстап отыр» деп атап көрсетілген халықаралық журналистерді қорғау комитетінің ЕҚЫҰ-ның сыртқы министрлер кеңесінің жиынына жолдап отырған хатында.

Қазақстан 2007 жылы қараша айында төрағалықты алар алдында Мадридтегі кездесуде елдегі баспасөз жағдайын жақсартамыз деген міндеттеме алған болатын.

Сол кездегі Қазақстан сыртқы істр министрі Марат Тәжин ЕҚЫҰ-ның министрлер кеңесіне Астана елдегі баспасөз зсаңдарын халықаралық стандартқа сай тұрғыда қабылдайды деп уәде берген-ді.

Бірақ содан бергі үш жылда Қазақстан президенті Н.Назарбаев қол қойған баспасөз заңдарына интернет кеңістігін бақылау, азаматтардың жеке өміріне қол сұққандарды қудалау сияқты тараулар қосылды деп атап көрсетеді журналистерді қорғау комитеті.

Қабылданған заңдарда интернет сайттары тіпті жекелеген блогтар, чат бөлімдері, әлеуметтік сайттардың бәрі кәдімгі баспасөз санатына жатқызылды.

Журналистерді қорғау комитеті халықаралық қауымдастықтың сынына қарамастан, Қазақстан баспасөз саласында шектеулер енгізуді жалғастырып отыр деп ескертеді.

"ЗИЯНДЫ ВЕБ-САЙТТАРДЫ БАҚЫЛАЙТЫН АГЕНТТІК"

Осы жылдың наурыз айында Қазақстанның ақпараттандыру және байланыс агенттік төрағасы, қазіргі Қазақтелеком басшысы Қуанышбек Есекеев қазақ парламенті алдында деструктивті, яғни зиянды сайттарды бақылап отыратын арнайы қызметтің құрылғанын мәлімдеді. Алайда Есекеев қандай сайттар, қандай шарттары бойынша зиянды деген топқа жатқызылып, «қара тізімге» қалай енгізілетіні жөнінде нақты жауап бере алмаған еді.

Журналистерді қорғау комитеті Қазақстан кейбір тәуелсіз басылымдардың интернет сайттарына көпшілік қолданушылардың еркін кіре алмайтындығына назар аударады бұл хатта. Атап айтқанда соңғы уақытта соттасудан көз ашпаған Республика газетінің интернет сайтын ашу үнемі тосқауылға тап болады дей келе журналистерді қорғау комитеті бұл сайтта әдетте Қазақстан билігі атына сын айтқан мақалалардың жиі жарияланатынын еске салады.

Мемлекеттік құпияны жария етті деген айыппен үш жылға бас бостаныдығынан айрылып түрмеде отырған журналист Рамазан Есіргеповтың шағым арыздары қаралса да, үкім өзгеріссіз қалуда деп жазған журналистерді қорғау комитеті ЕҚЫҰ-ның сыртқы істер министрлері кеңесіне бағытталған хатында Халықаралық журанлистерді қорғау комитеті ЕҚЫҰ-ға төрағалық міндеті Қазақстан президенті үшін өзіндік жарнама жасау және бедел жинау рөлін ғана атқарып отыр деген тұжырым жасайды.

«1992 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға мүшелікке өткен кезде ұйымның негізгі құжаттарындағы барлық талаптарды, соның ішінде сөз бостандығын қамтамасыз етуді де ерікті түрде мойнына алған еді. ЕҚЫҰ құжаттары әр елдің жеке жауапкершілігн айқындап қана қоймайды, сонымен бірге ұжымдық жауапкершілік үстейді» делінген аталған комиеттің ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлеріне жазылған хатында.

Комитет мұндайда ұйымнан Қазақстанда адам құқығы мен сөз бостандығының сақталуына ықпал етуді кесімді түрде талап етіп отыр. Ашық хатта комитет ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы жағдайға бей-жай қарамай, Астанада өтетін ұйымға мүше елдер басшылары саммитінің күн тәртібіне сөз бостандығы мәселесінің қамтылуына мүдделілік танытады.

Бұған қоса осы ашық хат арқылы комитет ЕҚЫҰ мүшелері басшылары саммитіне тәуелсіз журналистер мен азаматтық қоғам өкілдерінің қатыстырылатындығына да сенгісі келеді.
XS
SM
MD
LG