Accessibility links

«Қазатомөнеркәсіп» қызметкерлері қуғын-сүргіннен қорқады ал компанияның өзі позициясынан айрылып қалуы мүмкін


Таяуда ғана «Қазатомөнеркәсіп» - әлемдік ауқымдағы жобаларды көздеген топ жұмыс істейтін компания еді. Мұхтар Жәкішевтің жақтастары қазір «Қазатомөнеркәсіп» кеңсесін қандай көңіл-күй жайлап тұрғаны жайында әңгімелейді.

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІПТЕГІ» ҚЫСҚАРТУЛАР

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы үшін Мұхтар Жәкішевтің қызметінен кетіріліп, артынан тұтқындалуы – халықаралық деңгейдегі беделі менен әлемдік жетекшіге айналуды көздеген орасан зор жобаларының желкесін үзген алғашқы естен танытарлық соққы болды.

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясы қазынашылық департаментінің бұрынғы директоры Ғалым Назаров біздің Азаттық радиосына берген сұхбатында былай деді:
Мұхтар Жәкішев, "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының президенті кезінде. 2 cәуір, 2009 жыл.

- Жәкішев қызметінен алынып, соңынан тұтқындалғанда компаниядағылар жағасын ұстап, жаппай есеңгіреп қалды, тегіс құлазыған күйге көшті. Жандарын қайғы араласқан қорқыныш биледі. Әрі-сәрі күй кешті.

Бұл кісінің сөзіне қарағанда компания қызметкерлері қуғын-сүргін басталды-ау деп қорыққан, ол қорқыныш әлі де тарқамаған, ал ҰҚК-ің өкілдері өз үйінде жүргендей компанияның орталық кеңсесінде еркін жүр, кез келген кабинетке кіріп, қызметкерлерді сөзбен қорқытып, өздеріне қажетті айғақтарды беруге мәжбүрлеуде.

Ғалым Назаровтың пікірінше, ҰҚК бұрынғы басшылық пара алды, басқа да қылмыстар жасады деген комитеттік тұжырымдарын қуаттату үшін бүкіл ұжымның да, оның жекелеген мүшелерінің де жігерін жасытатын небір әдіс пен әрекеттің түр-түрін қолдануда. Жұртты діңкелетіп, комитетке қажетті айғақты бермеске қоймай жатыр дейді Ғалым Назаров.

Ал, Қазақстанның әлемдік деңгейдегі жалғыз ұлттық компаниясына берілген екінші ауыр соққы – «Қазатомөнеркәсіпті» жәкішевтік кадрлардан тазалау науқаны болды.

«Самұрық-Қазына» қорының нұсқауымен «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының орталық аппаратында бүгіндікке кемінде 22 адам жұмыстан қысқартылған. Компанияның кадрлар бөлімінің директоры Болат Ашықбаев растағандай «вакансия бойынша да, жекелеген адамдар бойынша да «науқан» жүрген.

Бірінші болып қысқартуға іліккендердің қатарында бес вице-президенттің екеуі бар: бұл компанияда бір жылға жетер-жетпес жұмыс істеп үлгерген Нартай Дүтбаев және Асқар Қасабеков. Асқар Қасабеков куәгерлерді қорғау деген бағдарлама бойынша ҰҚК-нің жасырын пәтерінде отырғанына да қарамастан қысқартылған.

Болат Ашықбаевтың айтуынша Жәкішевтің өзге екі орынбасары – Дмитрий Парфенов пен Малхаз Цоцория қызметтен «өз еркіменен» кеткен.
"Қазатомпром" компаниясының вице-президенті Малхаз Цоцория телемойындау барысында. ҰҚК-нің түсірілімі, Астана, 1 маусым, 2009 жыл.

Ғалым Назаровтың өзі де «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басшылық аппаратының шын мәнінде өз еркімен қызметінен кеткен ілу де бір өкілдерінің бірі, ол қазынашылық департаментінің директоры лауазымынан кеткен.

Бір қызығы – «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының жаңа менеджменті қызметтен кеткен Назаровтың артында әлдебір өтелмеген қарыздар қалғанын анықтаған. Назаров оны жоққа шығармайды.

«КАМИКАДЗЕ»

Әзірге компания құрылымын оңтайландыру шарасының құрбаны болғандардың соңғысы – заң қызметі департаменті директорының орынбасары Асылбек Дүйсембин. Бизнес-әкімшілік департаментінің директоры Григорий Самароковқа келер болсақ, оның тағдыры не болып жатқанынан еш хабар жоқ.

Кадрлар бөлімінің директоры Болат Ашықбаев өзінің демалыста екенін айтты. Не үшін атын атамайтынымыз белгілі, біздің компания ішіндегі дерек көздеріміз Григорий Самароков демалыстан соң қызметтен кетуді ойлап демалысқа шықты дейді. Біз Григорий Самароковпен байланысқанымызда ол демалыста екенін айтты. Бірақ, ол жұмыста барын не шығарылғанын әзірге білмейтін болып шықты.

Не дегенмен, ойландырмасқа қоймайтын нәрсе – «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының осы үш топ-менеджерінің билік алдында ортақ бір айыптары бар. Асылбек Дүйсембин Мұхтар Жәкішевтің қоғамдық қорғаушысы болуда табандылық көрсетуге тырысты, бұл туралы бірнеше рет ашық түрде жариялады да.

«Қазатомөнеркәсіптегі» біздің дерек көзіміз 26 және 27 мамыр күндері, яғни, ҰҚК органдары Жәкішевті тұтқындағандарын хабарлаған күннің ертесіне Ғалым Назаров пен Григорий Самароковтың «Время» газетіне шыққан сұхбатына қарап, ол екеуін «камикадзе» деп атап отыр.

«Время», «Республика» және «Жас Алаш» газеттеріне берген сұхбаттарында Ғалым Назаров елдегі ең озық және үлгілі менеджерлердің бірі – Мұхтар Жәкішев артында «өте ықпалды біреу тұрған» компанияға байланысты тұтқындалып, айып тағылып отыр дегенді айтқан.
"Қазатомпром" компаниясының президенті Асқар Қасабеков телемойындау барысында. Астана, 1 маусым, 2009 жыл.


Григорий Самароков Жәкішев басқарған «Қазатомөнеркәсіп» бәсекелестердің жолын кесіп кететін болған-ау, шамасы дегенді айтып еді. Ондай бәсекелес Ресейде отыруы мүмкін, мәселен. Неге десеңіз, Самароков «тігінен тік интеграцияланған компанияның Қазақстанда дамып-жетілуі Ресей тәрізді әлемдік уран нарығындағы ең ірі ойыншылардың бірінің мүддесіне қайшы келеді» деп есептейді.

Күн тәртібінде тура сол ядролық саладағы ынтымақтастық мәселесі тұрған Ресей премьер-министрі Владимир Путиннің Қазақстанға келуі де, Жәкішевтің қызметінен кетіріліп, тұтқынға алынуы да бір күнде орын алды.

«Қазатомөнеркәсіптің» өзіндегі біздің дерек көзіміздің айтуынша, осы сұхбатынан кейін Григорий Самароков та Ғалым Назаров секілді «бөтен» болып шыға келді, яғни, жаңа басшылықтың қарамағында ол екеуіне компаниядан орын жоқ.

ЖӘКІШЕВ ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРЫП ЖІБЕРГЕН АДАМ ЖҰМЫСҚА ҚАЙТА АЛЫНДЫ

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясы қазынашылық департаментінің бұрынғы директоры Ғалым Назаров «Қазатомөнеркәсіп» Мұхтар Жәкішевтің тұсында тұтас бір ғана команда жұмыс істеген жалғыз ұлттық компания болды, басқа ұлттық компаниялардың бәрінде вице-президент орынында әртүрлі элиталық топтардың және «ағалардың» өкілдері отырды деп мәлімдеді. Және сол топтардың әрбірі «көрпені өзіне қарай тартатын».

- Бізде компанияда бәрі тек қана достық негізге құрылған еді. Ол шын мәнінде біртұтас команда еді. Ол түйілген жұдырық еді. Міне, «Қазатомөнеркәсіптің» небір ғажап нәтижелерге қол жеткізгені де содан шығар, - деді Ғалым Назаров.

Бұрынғы және қазіргі жетекші қызметкерлердің «Қазатомөнеркәсіптегі» жаңа басшылық жүргізіп отырған кадрлық саясатқа деген көзқарастары әртүрлі. Мәселен, 13 шілдеде «Қазатомөнеркәсіптің» өндіріс жөніндегі вице-президенті болып Нұрлан Рыспанов, ал, экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті қызметіне Ғалымжан Пірматов тағайындалды.

Кезінде Нұрлан Рыспановтың «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы құрылымдық бөлімшелерінің бірінде басшылық қызмет атқарып көргені анықталды.

Азаттық радиосының ұлттық компаниядағы екінші бір астыртын дерек көзі Нұрлан Рыспановтың «Қазатомөнеркәсіптегі» сол күндерінің немен аяқталғанын айтып берді:

- Нұрлан Рыспанов «Бетпақ дала» бірлескен кәсіпорынының бірінші бас директоры болған және сол қызметінен өзі бастаған бизнес-жобаны іске асыра алмағаны үшін мәселе көтеріліп, Мұхтар Жәкішев қызметінен босатқан болатын. Рыспанов кеткен соң әлгі жоба «серпіліп қоя берді». Бүгінде «Бетпақ дала» бірлескен кәсіпорны болашағы ең зор әрі тиімді орын болып отыр, Мұхтар Жәкішев негізінен осы кәсіпорынға арқа сүйеген еді.

Нұрлан Рыспановтың өткені жайында Азаттық радиосына «Қазатомөнеркәсіптің» бұрынғы биік лауазымды қызметкері Ғалым Назаров анағұрлым тереңірек айтып берді:

- Біріншіден, ол шынында алдына қойылған міндетті орындай алмады. Екінші жағынан, (бұл жасырын күйде қалдырылды) жалпы, оны қызметінен кетірді. Нақты айтқанда, «Қазатомөнеркәсіптің» еншілес компаниясы «Бетпақ дала» БК-на арналып жалға алынған кеңседе Рыспанов өзінің де жекеменшік компаниясын ұстаған.

Азаттық радиосының журналисі бұл турасында "Қазатомөнеркәсіп" компниясынан комментарий алған еді. Қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Айгүл Қанатбаева Ғалым Назарбаевтың қандай дерек көздерін пайдаланып отырғанын білмейтінін айтты. "Ғалым Назаровтың айтқандарының ешқайсысы да шындыққа сәйкес келмейді" деп атап көрсетті Айгүл Қанатбаева.


«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» РЕСЕЙДІҢ ЕНШІСІНЕ АЙНАЛУЫ МҮМКІН

Өз өтініші бойынша есімі өзгертілген «Қазатомөнеркәсіптің» қызметкері Смағұлдың келтірген дәйектері бойынша, Мұхтар Жәкішев Ресей тарапымен тұп-тура тепе-тең негізде «РесҚазАтомӨнеркәсіп» бірлескен кәсіпорын құру жөнінде келіссөз жүргізген. Ресей бұл компанияны бақылауда ұстауды көздеп, ұзақ уақыт бойына 50 пайыз және оған қоса тағы бір пайыз акциясы біздікі болады деп табандап тұрып алған.

Бірақ, Мұхтар Жәкішев жүргізген келіссөздердің нәтижесінде ол ұсынған талаптарға Ресей келіскен болатын. Ол құрылымды Мұхтар Жәкішев басқаруға тиіс болатын. Қазір, Ғалым Назаровтың және «Қазатомөнеркәсіптегі» Азаттық радиосының тағы екі дерек көзінің жеткізуі бойынша, Ақорда Кремлмен бұл бірлескен компанияны бақылау құзырын «Росатомға» беру жөнінде жасасатын келісімін даярлап жатқан көрінеді. Арғы жағы белгілі, Қазақстанның бүкіл уран шығару кешенін Ресей бақылап отыратын болады.

Нәтижесінде Қазақстан өз алдына атом өнеркәсібі бар мемлекет мәртебесінен ажырап, Ресейді атомдық шикізатпен қамтамасыз ететін аймаққа айналмақ.

«Қазатомөнеркәсіптің» өзге бір қызметкері де (оған Ардақ деген есім берейік) ұлттық компанияның қазіргі басшылығының Ресейге басын иіп отырғанын қуаттады.

Оның пікірінше, Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау тұрғысынан келгенде Мұхтар Жәкішев Ресей мен Франция секілді тікелей бәсекелестермен де, Америка, Жапония, Қытай және басқалары секілді стратегиялық серіктестермен де тамаша қарым-қатынас орната білді.

Ал, «Қазатомөнеркәсіп» басшылығы ауысып, бүгінгідей оқиға орын алған кезде контрагенттер үшін ынтымақтастық шарттарын қайта қарауға ілік табылып отыр. Олар осы ілікті өз пайдаларына шешуде. Өйткені, Жәкішевтен басқа ешкім, дәл сол сияқты Қазақстанның мүддесін бекем әрі тиімді түрде қорғай алмайды деп санайды Ардақ.

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясы орталық аппаратының қызметкері Смағұл болса, «Біз бәрімен де дос бола білдік, бірақ, Қазақстанға керекті және ұлттық мүддесіне жауап бере алатын деңгейде ғана дос бола білдік» дейді.

Сондай-ақ, қуатты болса да Ресей ресурстық базасыз түк істей алмайтынына налыды дейді ол. Жәкішев Қазақстанның ресурстық базасына барлық әлемдік жетекшілерді байлап қойды, бәрін бір тәртіпке салып, көпвекторлы саясат шеңберінде ортақ игілікке бағытталған және ең алдымен Қазақстанның мүддесін көздеген теңқұқықты ынтымақтастық орната алды, ал, қазір бәрінің күлі көкке ұшты.

Ал Ғалым Назаров бүгінде Ресей уран экспортерінен импортеріне айналды. Ресейліктерге өздерінің табиғи уран өндірістері жеткіліксіз дегенді айтады.

Ғалым Назаров пен Смағұлды толықтырған Ардақтың айтуынша, қазақ атом компаниясының көптеген шетелдік серіктестері ынтымақтастықты доғаруды былай қойып, тіпті, қазақтармен келіссөз жүргізуге де құлықсыздық танытуда.

Оның долбарынша, «Қазатомөнеркәсіптің» шетелдік серіктестері осы сәттен бастап екі түрлі ойын жүргізуі мүмкін, яғни, олар жағдайдың байыбына барып, енді Қазақстанның «үлкен ағасы» - Ресейге қарайтын болады. Олар жұмыстың Қазақстанмен емес, Ресеймен келісу арқылы жүретінін түсініп отыр.

Осы дәйектердің бәрі іс жүзінде Ресей Қазақстанның «үлкен ағасы» мәртебесін өзіне қайтарып алатынын көрсетіп отыр. Қазір Кремль Мұхтар Жәкішев даярлаған барлық келісімдерді талқандап жатыр дейді Ардақ.

ҚАЙТА ҚҰРТЫП ЖІБЕРУ ҮШІН ӨРКЕНДЕТІЛДІ МЕ?

Атомдық компанияда 10 жылдан аса жұмыс істеген Ғалым Назаровтың айтуынша, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы 1998 жылы уран өндіру көлемі жағынан 13-ші орында болған, бірақ, "ақырын жүріп, анық басқан" күйі табиғи уран алу жағынан ғана емес, барлық ядролық-отындық жағынан да әлем бойынша бірінші компанияға айналып келе жатты.

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясы қазынашылық департаментінің бұрынғы директоры Ғалым Назаров Азаттық радиосына былай деді:

«Қазатомөнеркәсіптегі» адамдардың көбісі Мұхтарды бастық ретінде ғана емес, адам ретінде шын жақсы көреді. Оларда Мұхтарға деген терең сүйіспеншілік болды. Өйткені, жасырын ештеңе болмайтын, жұмыстар жұрттың көз алдында ашық жүріп жататын.

1998 жылы компания қатты дағдарысты басынан өткерді. Жұмысшылар азық-түлікті ауыз-ауызға санап тұрып бөлетін. Бірнеше ай еңбекақы көрмеген. Сол кезде Мұхтар пайда болды. Әлдебір үлкен жоспарлар сызып, бәрі жақсы болады деп уәде берді жұртқа.

Әрине, басында жұмысшылар түңілістен арыла қойған жоқ: 1998 жыл, дағдарыс. Сөйткен қиын кезде бәрі орнына келе бастады. Жұмысшылардың жарты жылдық еңбекақысы төленді. Ақшалары қолдарына тиген жұрт жылжымайтын мүлік, көлік, жиһаз сатып алып, бір жасап қалды.

Яғни, орындалмайтын дүниені айтып ауыз көпіртетін біреу емес, сөзі мен ісі бір жерден шығатын адамның келгені түсінікті болды. Көп ұзамай компанияның абыройы көтеріле бастады. 1998 жылы табиғи уран алу көлемі жағынан 13-ші орында тұрған компания көшбасшылыққа көтерілді.

Мұхтар жұртты соңынан ерте білді. Енді, әрине, кез келген компанияның жетістікке жетуі оның ұжымына байланысты. Егер ұжымның ойы бір жерден шықса, біртұтас команда болса, онда тауды да қопарып тастауға болады. «Қазатомөнеркәсіп» сондай ғажайып іс көрсетті».

Сондай-ақ, Жәкішевтің тұсында «Қазатомөнеркәсіп» жоғары сападағы өніммен әлемдік нарыққа шығу мақсатында зор жұмыстар тындырды. Қазақстан табиғи уран емес, отындық түйіршік және жылу бөлетін құралым (ЖБҚ) секілді өңделген өнім сатуға тиіс еді.

Бүгінде әлемдік нарықта табиғи уранның бір килограмы шамамен 160 долларды құрайды, ал, бір килограмм ЖБҚ бағасы 2 – 3 мың доллар аралығында өзгеріп тұрады.

ЕҢ БИІК РЕЙТИНГКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛГЕН БОЛАТЫН

Өзінің тұтқындалатын күнінің алдында Азаттық радиосына берген эксклюзивті сұхбатында Мұхтар Жәкішев әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының халықаралық несиелік рейтингісі керісінше айтарлықтай өскенін егжей-тегжейлі әңгімелеп берген еді.

«Қазатомөнеркәсіп жұрттың сенімін жоғалтпаған компанияларға жататындықтан біздің компанияның шеттен алып пайдалану несиесі өсті, оған себеп болған – клиент азайды, бірақ, ақшаның көлемі сол қалпында. Демек, қалған клиенттерге несиелік линия өсуі мүмкін, осындай жағдай «Қазатомөнеркәсіппен» көптен бері жұмыс істеп келе жатқан біздің серіктес банктерде болып жатыр», - деп мәлімдеген мамыр айында Мұхтар Жәкішев.

Смағұлдың айғақтауынша, Жәкішев кеткен кезде «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының несиеқабілеттілік рейтингісі Қазақстан бойынша ғана емес, бүкіл әлем бойынша да ең жоғарғы деңгейде болған. Тіпті, жалпыәлемдік несиелік баға алу жағынан да «Қазатомөнеркәсіп» елдің бүкіл мұнай саласынан жоғары тұрды.

Ардақ та Мұхтар Жәкішевтің компанияны Қазақстанның жалпы инвестициялық тартымдылығының арасында бриллиант секілді қаржы құралына айналдырғанын айтады.

Және де оның сөзіне қарағанда, Қытай бөлген 10 миллиард доллар көлеміндегі қарыз да – іс жүзінде Мұхтар Жәкішевтің тікелей еңбегі. Ал, енді бар-жоғы екі айдан аса уақыт өткенде дейді Ардақ, «Қазатомөнеркәсіп» инвестиция тартуға сүйкімді болып қала берді деп айтуға ешкімнің де ауызы бармайды.

Ғалым Назаров өзінің «Қазатомөнеркәсіптен» кетуін басшылық ауысқаннан кейінгі орнаған көңіл күйі мен құралған және жоспарланған дүниенің бәрін қалай быт-шытын шығаратындарын көргім келмеді деп түсіндірді.

- Оны көру ауыр және күйінішті. Ең өкініштісі – сол өзін-өзі құрту процестеріне тосқауыл болатындай қолдан келер айланың жоқтығы,- деп күйінді Ғалым Назаров.

Смағұл қазақ үкіметі келісімге барып отырған қазіргі шарттар бойынша «Росатом» ресейлік компаниясымен бірігуге үзілді-кесілді қарсы.
Мұхтардың ағасы Ермек Жәкішев, 31 шілде, 2009 жыл.


«Время» газетіндегі сұхбатында Григорий Самароков мәлімдегендей, Жәкішевтің «Қазатомөнеркәсіп» басшылығынан кетірілуі Ресейдің мүддесіндегі мәселе деген оймен Ғалым Назаров келіспейді. Назаровтың ойынша, Кремль Жәкішевті кетіру мақсатындағы ондай бір арнаулы операция жүргізбеген.

Бірақ, Ғалым Назаров Қазақстанда Амангелді Шабдарбаев секілді мырзаның бары – Ресейдің бағы екеніне сенімді. Мұндағы сөз қылып отырғанымыз – Мұхтар Жәкішев пен оның серіктеріне қарсы бірнеше ай бойына операция жүргізген ҰҚК төрағасы. Мұхтар Жәкішевтің бауыры Ермек Жәкішев Азаттық радиосына берген сұхбатында, тіпті, Амангелді Шабдарбаев өз пайдасы үшін «Қазатомөнеркәсіпке» арнаулы қызметтің бүкіл қуаты мен Қазақстан президентінің ашуын айдап салған деген болжамын айтты. ҰҚК мұны жоққа шығаруда.

Қалай болғанда да Мұхтар Жәкішевтің соты болмай қоймайды. Пессимистер үрейлі болжам айтуда. Жаңадан пайда болған саяси эмигрант Мұхтар Әблязовқа жақын дерек көздер 2009 жылдың күзі «қызу» болады, өйткені Әблязов ашық саяси күреске көшуі мүмкін дегенді ұқтыруда.

Ал, оның режимгеқарсы қояр уәждері баршылық: 2002 жылы ҚДТ оппозициялық қозғалысының талқандалуы және түрмеге жабылу; 2003 жылы Әблязовқа рақымшылық жасап, қорлауы; 2009 жылы мега-бизнесін талқандауы, серіктестерін тұтқындауы, жақтастарын қуғындауы.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG