Accessibility links

«Олег Нам отставкаға кетсін»...


25-ші қарашада «Талмас» қоғамдық бірлестігі мен «Қуат» корпорациясының үлескерлері Алматы қаласы мәслихатының депутаты Олег Намның отставкаға кетуін талап етті.

Баспасөз мәслихатын өткізген олар «Қуат» құрылыс компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Олег Нам қарапайым халықты ғана емес, президент Назарбаевты да алдап отыр деп есептейді. Олардың айтуынша, қалалық мәслихаттың депутаты президентке құрылыстың жанданып жатқанын айтса, үлескерлерге ақшаның жоқтығын сылтау ретінде алға тартуда. Сондай-ақ, үлескерлер Олег Намды өз еркімен депутаттық мандаттан бас тартуға шақырды.

XS
SM
MD
LG