Accessibility links

«Қалам-қаржы 2008» байқауының жеңімпаздары марапатталды


19-ші қараша 2008 жылы Ұлттық баспасөз клубында қаржы нарығының дамуын қазақ тілінде үздік баяндайтын бұқаралық ақпарат құралдары арасында өткізілетін дәстүрлі «Қалам-қаржы-2008» атты екінші республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Аталған байқаудың төрт номинациясы бойынша экономика тақырыбында мақалалар жазып, радио және теле хабарлар дайындаған үздік 13 журналист жүлдегер атанды. Осы бәйгеге ат салысқан Азаттық радиосының тілшісі Неля Рушановаға ынталандыру сыйлығы берілді. Естеріңізге сала кетейік, 2007 жылы өткен байқауда Неля Рушанова «Қаржы нарығының дамуын баяндайтын үздік телерадиобағдарлама» номинациясы бойынша үшінші орынды иеленген еді.

XS
SM
MD
LG