Accessibility links

Әлемнің ең сорақы ұлдары мен қыздарының рейтингі пайда болды. Оның тізімінде Астанадан ешкім жоқ


Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримова. 1 маусым 2006 жыл.
Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримова. 1 маусым 2006 жыл.

«Форин полиси» журналы «Әлемдегі шен-шекпенді ел билеушілердің отбасыларынан шыққан, халықаралық қоғамдастыққа әйгілі ең сорақы ұлдар мен қыздардың» рейтингін жариялады. Тізімде Ислам Каримовтың қызы және Муаммар Каддафидің ұлы бар

ЖАНЖАЛҚОЙ ТҰЛҒАЛАР

Мысал ретінде, таңдалынған билеуші отбасылық әулеттен шыққан бес қыз бен бес ұл алынған. Ол бестіктің ішінде қазақстандықтар жоқ. Бірақ, бұл мұндай оқиғалар Қазақстанға тән емес дегенді білдірмейді.

Егер осы бастама жалғасын тапса, қазақтың ірі саяси қайраткерлерінің қыздары мен ұлдары да «Форин полиси» журналы белгілеген тізімінің ішінен табылуы ғажап емес.

Астаналық сарапшылар мұндай тізімге, шамасы, имиджі құбыжықтай Рахат Әлиевті ұсынар еді. Бірақ, ол әлдеқашан, Нұрсұлтан Назарбаевпен арадағы саяси текетіресі голливудтық шарықтау шегіне жеткенде, олардың отбасынан қуылған. Рахат Нұрсұлтан Назарбаевқа күйеу бала болуды доғарған.

Рас, Қазақстан баспасөзі аспан әлемінің тұрғындарына айналған астаналық шонжарлардың балаларының әлдекімді жазатайым атып тастайтыны, мас күйде келе жатып біреулерді көлігімен басып кететіні, қоғамдық орында шатақ шығаратыны туралы жаңалықтарды шым-шымдап жеткізіп тұрады. Бірақ, мұның бәрі әзірше келешектегі, оның өзінде аймақтық сипаттағы рейтингтердің ғана жетістігі болып табылады.
.
Қалай болғанда да америкалық «Форин полиси» журналының рейтингі экстравагантты және жанжалқой жандардың шұбар ала әрі жағымсыздау көрінісі болып шыққан. Бұлардың арасында бірнеше әсіресе танымал, әйгілі жандар да бар.

ГҮЛНӘР КАРИМОВА - ДИКТАТОР МҰРАГЕРІ

Рейтингтегі қыздар тізімі өзбек президенті Ислам Каримовтың әулетінен, нақтырақ айтсақ, оның 37 жасар қызы Гүлнәр Каримовадан басталған.

Ол қыз Еуропада реактивті әйел, филантроп ретінде танымал. Ол америкалық актриса Шерон Стоунмен және британдық әнші Элтон Джонмен бірге думанды орындарда жүрді. Ол америкалық бұрынғы президент Билл Клинтонмен де бірге жұрт көзіне түскен.

Ал, үйде, Өзбекстанда, «Форин полиси» журналының жазуы бойынша, Гүлнәрды қатал диктатор-әкенің артындағы мұрагердің тағдыры күтіп тұрған сыңайлы.

Және де, Гүлнәр Каримова жеке өзінің жеткілікті қаржылық базасын қалыптастырып алу үшін әкесінің ықпалын пайдаланады емес пе? Гүлнәрдің өміріндегі күрт өзгеріс 2001 жылы күйеуі, Өзбекстанда тамаша бизнес-құрылымдары бар ауған текті америкалық бизнесмен
Ислам Каримовтың қызы Гүлнәр Каримова. 14 шілде 2007 жыл
Мансур Мақсудимен ажырасқан кезден басталды.

Гүлнәр барлық сот бұйрықтарын бұза отырып, балаларын Америкадан алып шықты. Шұғыл түрде Өзбекстандағы оның күйеуіне тиесілі кока-коланы бөліп құю зауыты жабылды. Күйеуінің үш туысқаны түрмеге кетті. Басқа 24 туысы күштеп Ауғанстанға көшірілді.

Гүлнәр Каримованың жүріп өткен жолы шулы да тұрпайы жағдайларға тола. 2006 жылы Өзбекстандағы шәй өндірісінде қомақты активі бар Гүлнәр жалданбалы қарулы топқа бәсекелесінің зауытын басып алып, холдингін жойып жіберуді бұйырған.

Бұл әйелдің нәзік жанды осал адам емес екені осы жәйттен-ақ байқалады. Әлбетте, оның тағдырына Ислам Каримов әулетіндегі өзіндік отбасылық құндылықтардың тәрбиелік салдарының тікелей әсер етпеуі мүмкін емес.

ДАРИҒАНЫҢ СӨНГЕН ЖҰЛДЫЗЫ

Бір кездері Қазақстан көгінде Назарбаевтар отбасынан шыққан жұлдыз туып келе жатты, ол президенттің үлкен қызы Дариға еді. 1990-шы жылдардың аяғы мен 2000-шы жылдардың басында Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы жасаған орасан зор коммерциялық және саяси
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева. 31қазан 2003 жыл
карьераны халықтың тамашалап отыруына мүмкіндік бар еді.

Дариғаның «Форин полиси» ақпараттық журналының таңдаулы бірінші ондығына жарамайтыны анық. Оның айналасында айтарлықтай дау-жанжал, шатақ шыққан емес. Бәлкім, оның бойында ерекше эксцентризм мен оқысмінезділік жетіспеген шығар.

Қайткенде де, әйтеуір бірнеше жыл бұрын Дариға Назарбаеваның жұлдызы жайлап сөне бастады, әкесінің ықпалымен іс жүзінде сөніп бітті.

Қайтыс болып кеткен Әбу-Даби билеушісінің және Біріккен Араб Әмірліктерінің бұрынғы президенті Саид бен Сұлтан әл-Наянның ұлы секілді мәселен, Дариғаның артынан ауыр сөздер ерген жоқ. Шейх Исса бен Саид бизнесті сәтті жүргізгенімен, оған танымалдық әкелген бизнес емес еді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында оның өз бәсекелестеріне тартқызған тауқыметтері туралы ақпарат пайда болған кезден бастап шейхтің басы дауға қалды.

КАДДАФИДІҢ АРСЫЗДЫҚПЕН ДАҢҚЫ ШЫҚҚАН ҰЛЫ

Көзін әлемнің белді саясаткерлерінің ұл-қыздарына салған «Форин полиси» журналының назарына түскен келесі бір жанның тағдырында да нағыз генетикалық кодтың салдары бар секілді.

Таңдаулылардың қатарына ливиялық көсем Муаммар Каддафидің 33 жасар ұлы Ганнибал түсіп қалыпты. Бұл енді, шынында да шулы есім. Каддафи бекзадасының жорығы Рим империясын басып алуға талпынған атақты қолбасшы, тарихи Ганнибалдың қызметінен гөрі әлдеқайда локалды.

Ганнибал Каддафидің жанжалды даңқы жағрапиялық тұрғыда біршама батысқа жуығырақ жақта пайда болды. 2004 жылы оның алғаш аты шыққан жер Париж еді. Француз полициясы мас күйінде Париждің орталық көшелерімен сағатына 130 шақырым жылдамдықпен, тағы да қозғалыс бағытына қарсы әрлі-берлі ағызып жүрген Ганнибалды тұтқындауға мәжбүр болған.

Тұтқындалған кезде Ганнибал бағына қарай Копенгагеннің студенті болып саналатын және дипломатиялық иммунитеті бар еді.

Осыған байланысты әдеттегі қатаң француз полициясы Ганнибалды босатуға мәжбүр болды. Бірақ, екі ай өтпей жатып, тағы да париждік полицейлерге Ганнибал Каддафи өзінің құрбысын ұрып-соғып жатқан қонақүйлердің біріне шұғыл түрде жетуге тура келді.

Ганнибал тапаншасын суырған кезде полицейлердің араласпауына айла қалмады. Бұл жолы да ол тұтқыннан босатылды.

Бірақ, ливиялық билеушінің ұлы жуық арада полициямен қайта қауышты. Бұл жолы даң Париждің басқа бір қонақүйінен шықты. Есерсоқтанып алған Ганнибал қонақүй жиһаздарын қирата бастаған.

Париждік қонақүйлердегі оқиғалар Ганнибал Каддафиге сабақ бола алмады. Өткен жылы ол швейцарияның Женевасында тұтқындалды. Жанжал тағы да қонақүйде шыққан, ол өзінің жеке қызметшілерін соққыға жыққан.

Ливиялық билеуші Муаммар Каддафи ұлының тұтқындалуына отбасылық жолмен жауап қайтарды. «Форин полиси» журналы әлемдегі кез-келген әкенің осындай қадамға баруы мүмкін екенін жазады. Ливия дипломатиялық жолмен наразылық нотасын мәлімдеп, швейцариялық дипломаттар тобын елден шығарып жіберді.

АСТАНА БЕКЗАДАЛАРЫНЫҢ ІШІНДЕГІ ЕҢ СОРАҚЫСЫ КІМ?

Оқырмандарға «елдің ең басты әулетін қоса айтқанда қазақстандық билеуші отбасыларының ең сорақы ұлы не қызы ретінде кімді айтар едіңіз» деген сұрақ қойылса, бұл оқырмандар үшін өте жайсыз сұрақ болар еді.

Өзге елдерде, әлемнің бөтен жерлерінде тентектік көрсету, сорақылық таныту жағынан олар өздерінің шетелдік құрбы-құрдастарымен теңесе ала ма?

Солтүстік Корея, Бирма, Қытайдағы, Иракта Саддам Хуссейн отбасындағы және «Форин полиси» журналы сипаттаған басқа да жағдайларда көрініс беретін билеуші әкеден жанжалқой балаға ұласқан осынау бір теріс генетикалық код қазақ топырағында бар ма?

Әзірге бұл сұрақтардың ешқандай жауабы жоқ. Бұл тақырыпта қандай да бір беделді ұйымдар зерттеу жүргізбеген.

(Журналист Александр Народецкий бұл мақалада өзінің көзқарасы мен ойтолғамын білдірген. Сондықтан, бұл Азаттық радиосы редакциясының ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.)
XS
SM
MD
LG