Accessibility links

«Kazakhgold» компаниясына еншілес «ҚазақАлтын» акционерлік қоғамы кезінде төленбеген салықты өз еркімен Қазақстан бюджетіне қайтарды. Ақмола облыстық салық департаменті 4 миллиард 600 миллион теңге немесе 32 миллион доллар көлеміндегі салықтың төленгенін растады.

ҚАЙТҚАН МАЛ

«Kazakhgold» компаниясына еншілес «ҚазақАлтын» акционерлік қоғамының хабарламасында «2007-2009 жылдары кәсіпорынның бұрынғы басшылығы қосымша құн салығын жалған құжаттармен бюджеттен заңсыз қайтарып алған» деп жазылған. Бұған қоса, «ҚазақАлтын» бұл сома кейін компанияның «қаржы есебінен заңсыз түрде шығарылған» деп хабарлады.

Аталған компанияның қазіргі басшылығы заңсыз шығарылған бұл қаражатты қайтарып, оны Қазақстан экономикасын қаржыландыруға жұмсауға дайын екенін мәлімдеген болатын. Осыдан біраз уақыт бұрын «KazakhGold» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы, әрі «Полюс Золото» акционерлік қоғамының директоры Евгений Ивановтың баспасөз мәлімдемесінде:«KazakhGold» компаниясы жалған келісім-шарттар арқылы заңсыз түрде бюджеттен қайтарылған қосымша құн салығын қазынаға қайтаруға дайынбыз. 2008-2009 жылдарға қосымша құн салығы 25 млн АҚШ долларын құрап отыр. Компания жауапкерлерден өзінің жеке заңды шығынын да төлеткізбек» деп жазылған болатын.

Ақмола облыстық салық департаменті бастығының орынбасары Динара Қошабаева аталған компания 4 миллиард 600 миллион теңге шамасындағы салықты төлегенін растады.

- 22-шілде күні 4 миллиард 600 миллион теңге ақша түсті Салық төлеуші өз мекемесінде тексеру жүргізді. 4 миллиард теңгенің 3 миллиардқа жуығы негізгі салыққа кіреді, ал қалғаны салық өсімі.

КІМ КІМДІ АЛДАП ОТЫР?


Алтын өндіретін компания KazakhGold-тың бұрынғы басшылары Асаубаевтар отбасын «көп жылдар бойы жалған келісім-шарттар жасау арқылы компанияның қаржысын жымқырып келген» деп айыптап отыр. Шағым берушілер компания басшылары 2006-2008 жылдары өндіру көлемі мен сатылған өнім және одан түскен пайданың мөлшері туралы ақпаратты жасырып қалған дейді. «KazakhGold» және «Jenington» компаниялары айыптау туралы ақпаратты Қазақстанның тиісті органдарына жіберген.

Биылғы маусым айының 25-і күні Лондондағы Жоғарғы сот KazakhGold компаниясының бұрынғы басшылары Асаубаевтарға қарсы азаматтық шағымын қарай бастады. KazakhGold акцияларының 50,1 пайызына ие ресейлік «Полюс Золото» компаниясы жауапкерден 450 миллион доллар талап етіп отыр.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің таратқан мәліметі бойынша Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңын бұзудың жаңа фактілері анықталғандықтан «KazakhGold Group Limited» компаниясының акцияларын Ресейдің «Полюс Золото» Акционерлік қоғамына сату шешімі жарамсыз деп танылды.

Бұл мәселеге қатысты «Полюс Золото» акционерлік қоғамының баспасөзбен байланыс бөлімінің директоры Антон Аренс «KazakhGold» компаниясының ресейлік «Полюс Золото» компаниясына қосылуы мен «Полюс Золото» акционерлік қоғамына еншілес «Jenington» комапниясымен келісім-шарт жасаспақ болған «KazakhGold» компаниясының бұрынғы басшыларына байланысты деп болжайды.

-Осы мәселеден кейін «KazakhGold»-қа еншілес компаниялар Қазақстанның Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен «KazakhGold» компаниясының құнды қағаздарын сатып алуын Қазақстанның құзырлы органы жарамсыз деп танығаны туралы хат алды. Мүмкін бұл 2009 жылғы «Jenington» компаниясына бұрынғы басшылар жасаған ұсыныс пен 2010 жылдың аяғындағы «Полюс золото» компаниясына «KazakhGold» компаниясын косу туралы ұсыныс себеп болған шығар. «KazakhGold» компаниясы тарапынан 100 миллион АҚШ долларына тең акция берілді. Хатта «KazakhGold» компаниясының келісім-шартының бағасы сұралған. Компания Қазақстан үкіметі сұратқан барлық мәліметті беруге дайын.

Лондондағы жоғарғы сот процесі кезінде «KazakhGold» директорлар кеңесінің бұрынғы атқарушы төрағасы Қанат Асаубаев пен директорлар кеңесі төрағасының бұрынғы орынбасары Айдар Асаубаев бұл айыптарды жоққа шығарды. «KazakhGold» компаниясының бұрынғы басшылары адвокат арқылы бұл іске қатысты мәлімдеме жасады. Олардың жорамалы бойынша, компанияның дауы «Полюс Золото» компаниясының шектен шыққандығын көрсетеді,. Асаубаевтардың және басқа да миноритарлы акционерлердің мүддесіне қайшы келеді.

«KazakhGold» компаниясының активтеріне Ақсу, Бестөбе, Жолымбет және Оңтүстіктегі Қарауылтөбе, Солтүстік Қазақстандағы Қызылсары, Шығыс Қазақстандағы бірнеше алтын кен орындары кіреді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG