Accessibility links

Квятковская Жәкішеваға аяушылық білдірмейтінін айтып салды


Парламенттің бұрынғы депутаты Татьяна Квятковская тұтқындағы топ-менеджер Мұхтар Жәкішевке қарсы сөйлеп отыр. Алматы, 12 маусым 2009 ж.

Парламенттің бұрынғы депутаты Татьяна Квятковская тұтқындағы топ-менеджер Мұхтар Жәкішевке қарсы сөйлеп отыр. Алматы, 12 маусым 2009 ж.

Назарбаевшыл саясаткер Татьяна Квятковская өзінің айтумен тұтқындалған топ-менеджер Мұхтар Жәкішевке қарсы әрекетінен таяр емес. Оның кезекті баспасөз мәслихатына бұл жолы Жәмила Жәкішева да келді.



СОЛ БАЯҒЫ ТАТЬЯНА КВЯТКОВСКАЯ

Маусымның 12-сі, жұма күні Алматыдағы Ұлттық баспасөз-клубында Татьяна Квятковскаяның баспасөз-мәслихаты өтті. Онымен бірге бұл жиынға басқа да белгілі тұлғалар, атап айтқанда, «Қазатомпром» ұлттық компаниясының вице-президенті Сергей Яшин, Ядролық физика институтының директоры Әділ Төлеуішов, ядрошы ғалым Алмас Төлебаев және «Зияткерлік меншік бюросының» вице-президенті, ұлт жетекшісін әлеуметтік қолдау қоғамдық қозғалысының жетекшісі Нина Савицкая қатысқанымен, ол жердегі басты кейіпкер Татьяна Квятковскаяның өзі болды.

Бұл шараны бастап жүргізуші де Татьяна Квятковскаяның өзі болды. Ол кіріспе сөз сөйлеп, содан соң баспасөз-мәслихатына қатысып отырған басқа да адамдар журналистердің сұрақтарына жауап бергенде соларды қорытындылап отырды.

Бұл жолы Татьяна Квятковская 1 сәуірдегі сөзімен салыстырғанда жаңа ешнәрсені айта қойған жоқ. Ол кезде Квятковская Бас прокурор мен ҰҚК төрағасының атына мәлімдеме жасап, «ұрланған уран кен орындарына» байланысты «Қазатомпром» компаниясының президентіне қатысты қылмыстық тергеу жүргізулерін өтінген еді. Ол, жол-жөнекей, Мұхтар Жәкішевті қуғындағы бизнесмен, БТА
Жәмила Жәкішева (сол жақта) мен «Қазатомпром» компаниясының вице-президенті Сергей Яшин. Алматы, 12 маусым 2009 ж.
банктің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовтың мүддесіне қызмет етті деп айыптай кеткен-ді.

Татьяна Квятковскаяның айтуынша, оның бұдан бұрын айтқан деректері «расталған, сондықтан олар бүгін үкімет пен президентті дабыл қағуға мәжбүрлеулері керек. Бұны қылмыстық процесс барысында құқық органдары арқылы жасау керек. Өйткені, барлығы заңды бұза отырып жасалған».

Алғашқы сәттерде ол және баспасөз-мәслихатының өзге де қатысушылары «Қазатомпромның» және Қазақстанның ядролық саласының даму перспективасына қатысты өздерінің көзқарастарын білдіруге тырысқан. Алайда, баспасөз-мәслихаты тез арада «Қазатомпромның» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевті қылмыстық қудалау мәселесін талқылауға айналып кетті. Бұған қатысты Татьяна Квятковскаяның бұрыннан белгілі позициясы тек өзгеріп қана қойған жоқ, бұрынғыға қарағанда нығая түскен екен.

Оның пікірінше, Мұхтар Жәкішев барлық жаманшылықтардың өкілі болғандай. Яғни, ол «Қазатомпромды» басқарған алғашқы кездерден бастап мемлекет меншігіне және мемлекет қауіпсіздігіне зиян жасап келген. Өйткені, ядролық сала – «мемлекет қауіпсіздігінің» синонимі.

Татьяна Квятковская Мұхтар Жәкішевтің атына 1 сәуірде таққан айыптарын қайталап шықты. Біраздан соң Мұхтар Жәкішевті, оның жақтастарын, оларға бүйректері бұрып қолайсыз сұрақтар қойып отырған журналистерді меңзеп:«Біздің әкемізді жақсылап тұрып танытты, сөйте тұра бізден қуануды талап етеді!»- деді.

ЯШИННІҢ ДАУЫСЫ – ХОРДАҒЫ КҮТПЕГЕН ДИССОНАНС СИЯҚТЫ БОЛДЫ

Егер өткізілген баспасөз-мәслихатын хормен салыстырып көрсе, онда Татьяна Квятковская бірінші дауыста ән салды. Оған екінші дауыспен Нина Савицкая қосылды. Музыкалық фонды Әділ Төлеуішов пен Алмас Төлебаевтар ұстап тұрды. Соңғылары мүмкіндігінше Мұхтар Жәкішевтің атын атамауға тырысты. Олар тек «Қазатомпромның» проблемалары жайында айтты. Әрине, бұл проблемалардың пайда болуына Мұхтар Жәкішев кінәлі деген ыммен.

Сергей Яшин, «Қазатомпром» ұлттық компаниясының вице-президенті. Алматы, 12 маусым 2009 ж.
Осындай жағдайда «Қазатомпромның» вице-президенті Сергей Яшиннің сөзі анық диссонанс болды. Ол Татьяна Квятковскаяның «Қазатомпромның» атына айтқан негізгі айыптауларымен келіспейтінін білдірді.

Мұхтар Жәкішевтің қарамағында бес жылдан астам жұмыс істеген Сергей Яшин ұлттық компанияның бұрынғы басшысының уран кен орындарын мемлекет меншігінен заңсыз шығарғандығы туралы фактіні білмейтінін айтты.

«Менің жеке өзімде мұндай фактілер жоқ. Мұхтар Жәкішев жалдамалы менеджер еді. Ал ол кездері мемлекетте мұндай келісімді жасаудың белгілі бір процедуралары болатын. Тек сол орындалды», - деп түсіндірді ол. Сонымен бірге ол «сот шешіміне дейін Мұхтар Жәкішевті айыптау заң тұрғысынан дұрыс емес» деп атап кетті.

Ал Мұхтар Жәкішевтің өзіне келсек, «Қазатомпромның» вице-президенті Сергей Яшин «Қазатомпромның» қазіргі жетістіктері сөзсіз, ең алдымен компанияның бұрынғы басшысының атымен байланысты деді.

«Мен Мұхтар Жәкішевпен бес жыл бойы бірге жұмыс істедім. Оның талантты адам және ұйымдастырушы екендігі талас тудырмайды. «Қазатомпромның» қазіргідей жағдайда болуына Мұхтар Жәкішевтің сіңірген еңбегі зор. Бұл солай. Мұнда басшының рөлі үлкен. Бірақ, сауатты басшы жүйенің тек бір адамға ғана жұмыс істегенін қаламайды. Жәкішев бұны жақсы білді. Сондықтан да ол «Қазатомпромды» кім басқарса да, Мұхтар Жәкішев пе, Школьник пе, жоқ тағы басқа біреу ме, жүйе жақсы жұмыс істейтіндей қылып оны құра білді. Бұл үшін оған тек алғыс айтуымыз керек», - деді Сергей Яшин.

Сонымен бірге Сергей Яшин экс-депутат Татьяна Квятковскаяның «Мұхтар Жәкішевтің заңсыз әрекетінен» Қазақстан «қазіргі кезде республикадағы барлық уран кен орындарының 23 пайызына ғана ие болып отыр» деген сөздерін жоққа шығарды. «Ол әлденені таратып берді деп ешкім айта алмайды. Қазақстан Республикасындағы уран қорларынан, жер қойнауын игеруге келісімшарт жасалған қорлардан «Қазатомпромға» тиесілісі, Татьяна Квятковская айтқандай 23 пайыз емес, 42 пайыз. Бұл ресми цифрлар», - деп түсіндірді Сергей Яшин.

«Ал егер келісімшарт жасалғандардың барлығын есепке алсақ, онда цифрлар бұдан да көбірек болады», - деп атап көрсетті ол.

«Қалған уран қорларын бөлу тек мемлекеттің құзырындағы іс», - деді Сергей Яшин.

Сонымен бірге ол «Бүгінде Қазақстанның жер қойнауын игеруге қатысып жатқан стратегиялық серіктестердің әрқайсысымен бөлек-бөлек сөйлесу керек», - деді. «Қай компания қалай кірді (Қазақстан базарына), қандай шарттармен, қалай жұмыс істеп жатыр деген мәселе кен орынын берген кезде белгілі болған. Қазір бұл мәселелер бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр», - деп ескерте кетті ол.

«Обьективті тексеру болып, бұл сұрақтардың барлығына тек қана тексеру жауап беретін шығар», - деп атап өтті «Қазатомпромның вице-президенті.

«Оған дейін жеке адамды, ұйымды кінәлау, 23 мың адамды олар дұрыс жұмыс істеген жоқ деп айыптау, бұл заңсыздық», - деп қорытындылады сөзін Яшин.

«МЕН СІЗДІ АЯП ТҰРҒАН ЖОҚПЫН!»

Баспасөз-мәслихатына Мұхтар Жәкішевтің зайыбы Жәмила Жәкішеваның да келгенін айта кеткен жөн. Баспасөз-мәслихаты барысында ол баспасөз-мәслихатына қатысушыларға, ең алдымен Татьяна Квятковскаяға бірнеше қолайсыз сұрақтар қойды. Баспасөз-мәслихатына қатысушы ер адамдар Жәмила Жәкішева отырған кезде өздерін жайсыз сезінгендері байқалды. Ал, әйелдер жағы өздерін белсенді түрде
Жәмила Жәкішева жұбайы, тұтқында отырған Мұхтар Жәкішевке қарсы өткен баспасөз мәслихатына қатысушыларға сұрақ қойып тұр. Алматы, 12 маусым 2009 ж.
ұстады.

Бір кездерде әңгіме жеке бас мәселесіне ұласып кетті. «Мен сізді соншалықты аяп тұрған жоқпын»,- деді Татьяна Квятковская Жәмила Жәкішеваға. «Оның адвокаттарға ақшасы жеткілікті» деп түсіндіре кетті ол. Мұхтар Жәкішевке қатысты Нина Савицкая да шамамен осылай сөйледі.

Жәмила Жәкішева болса баспасөз-мәслихатынан соң Әділ Төлеуішевке «сізді шақыра отырып Квятковскаяның сізді пайдаланғысы келгендігін дап-дардай болып түсінбедіңіз бе» десе, «Мүмкін, мен оны пайдаланған шығармын!» деп жауап берді Әділ Төлеуішов.

БИЗНЕСМЕНДЕРГЕ САЯСИ САУАТСЫЗДЫҚТЫ ЖОЮ МЕКТЕБІ КЕРЕК

«Мұхтар Жәкішевке араша түскен кәсіпкерлерден басқа бизнесмендердің үн қатпауынан мен олардың шашыраңқы екендігін, оларда дамыған саяси сананың қалыптаспағанын байқап отырмын. Кеше Мұхтар Әблязовты алып кетіп, бүгін Мұхтар Жәкішевке келсе, ертең тағы біреуге келетініне мен өзім күмәнданбаймын. Өкінішке қарай, кезекті құрбан дәл ертең оған келетінін бір білмесе, содан соң қалай әрекет ету керектігін де білмейді», - деді Азаттық радиосына Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Әміржан Қосанов.

Баспасөз мәслихатын өткізгендер тұтқындағы топ-менеджер Мұхтар Жәкішевтің зайыбының сұрақтарына жауап айтуда. Адматы, 12 маусым 2009 ж.
Сонымен бірге, ол биліктің жекелеген бизнесмендерге қарсы ұйымдасқан күшпен шығатынын атап өтті. «Бұндай қорытындыға мен бүгінгі баспасөз-мәслихатынан соң және биліктің осының алдындағы әрекеттерін ескере отырып келіп отырмын. Бұларды ұйымдастыруға біраз қаржы мен күш керек», - деп атап өтті ол.

Мұндай жағдайда Қазақстан бизнесмендері үшін саяси сауатсыздықты жою мектебі керек деп ойлайды Әміржан Қосанов. «Біздің бизнесмендер мынаны түсінулері керек. Тек ақша таба білу жеткіліксіз. Олар сонымен бірге жеткілікті түрде саяси санаға ие болулары керек. Өздері үшін ұйымдаса күресуге санасы жететіндей болып», - деп қорытындылады сөзін Әміржан Қосанов.
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG