Accessibility links

Әлемдегі мұсылман жамағаты үшін қасиетті Рамазан айы басталды. Қазақстанда кеше мешіттерде тауарих намазы оқылды.

«Рамазан - адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы ретінде пенделерге Құран түсіріле бастаған ай». Қасиетті Құран кәрімде Алла тағала Рамазан оразасының парыздығын осылай атап көрсеткен.
Бұл айда балиғатқа жасы жеткен, ақыл-есі дұрыс адам үшін азаннан күн ұясына қонғанша нәр татпай ораза ұстап, пітір мен зекет беру мұсылмандықтың парызы болмақ.
Ораза кезінде жамағат ағайын арасындағы өкпе-ренішті кешіріп, жетім-жесір мен мүсәпір жандарға жәрдем көрсетуі міндет саналады.
Биыл Рамазан айы 29 күнге созылады. Рамазан айының 26-нан 27-не қараған түні - Қадыр түні деп аталады. Мұсылмандар үшін бұл түн мың түнге пара-пар саналады. Ал қыркүйектің 30-да күн арқан бойы көтерілгенде айт намазы оқылады. Сол күні Ораза айт мейрамы басталады.

Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының деректері бойынша, елдегі 15 млн тұрғын халықтың 70 пайызға жуығы ислам дінін ұстанады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG