Accessibility links

Рамазан Есіргеповтың қорғаушылары бас прокуратураға шағымданбақ


Рамазан Есіргеповқа қатысты үкім шыққан күн. Тараз, 8 тамыз 2009 ж.
Рамазан Есіргеповқа қатысты үкім шыққан күн. Тараз, 8 тамыз 2009 ж.

Дүйсенбі күні Қазақстанның Жоғарғы соты тәуелсіз журналист Рамазан Есіргеповтың қылмыстық ісіне қатысты шығарылған шешімді қайта қараудан бас тартты. Енді қорғаушы жақ өз шағым-арыздарымен бас прокуратураға қайырылмақ.

«КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ САҚТАЛМАДЫ»

Дүйсенбі күні Астанада Жоғарғы сот, «Алматы инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргеповке, кәсіпкер Сұлтан Махмадов пен «БМ» ЖШС-нің күзетшісі Ерлан Сандыбаевқа қатысты қылмыстық істің шешімін қайта қараудан бас тартты.

– Адвокаттардың, Есергеповтің ісіне қатысты шешімді қайта қарау өтініші қанағаттандырылмады,- деді Жоғарғы сот судьясы Ғалихан Бапахов

С.Махмадовтың адвокаты Мұсатай Бектасов, сот шешімінің көшірмесін алғаннан кейін Қазақстанның бас прокуратурасына шағымданатындығын мәлімдеді.
Рамазан Есіргеповты қолдау акциясы. Алматы, 24 маусым 2009 ж.

– Бұл соңғы инстанция емес, заң бойынша біз барлық құжаттарды жинастырып, оның ішінде бүгінгі соттың шешімін алып бас прокуратураға шағымдана аламыз. Бас прокурор өз кезегінде бұл шешімге қатысты наразылық білдіре алады, - деді адвокат Азатыққа.

Қорғаушы жақ Жоғарғы сотта өз қорғаушыларының конституциялық құқының аяқ асты болғандығына баса назар аудартуға тырысқан. Алайда бұл нәтижесіз болды дейді адвокат Бектасов.

– Осы істе барлық үш айыпталушының конституциялық құқы бұзылды - олардың ешқайсысына айыптау қортындысымен танысуға мүмкіндік берілген жоқ. Заң бойынша айыпталушылар өзіне тағылған айыппен таныс болғаннан кейін үш тәулік өткен соң ғана басталуы тиіс. Бұл жайт та назардан тыс қалды. Осылайша бірқатар заңға қайшы жайттар – бұл іске «құпия» белгісінің заңсыз тағылғандығын байқатады, - деді адвокат Бектасов.

«КӘСІБІ ҮШІН ЖАЗАЛАНДЫ»

2009 жылы 8 тамызда «Алма-Ата инфо» басылымының бас редакторы Рамазан Есіргепов, кәсіпкер Сұлтан Махмадов пен оның күзетшілері Ерлан Сандыбаев және Вадим Сеньявскийге қатысты сот үкімі шығарылды.

Кәсіпкер Сұлтан Махмадов – 7 жылға, "БМ" компаниясының күзетінің бастығы Ерлан Сәндібаев – 8 жылға, ал Рамазан Есіргепов үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ тәуелсіз журналистке екі жыл журналистік және баспа жұмысымен айналысуына тиым салынды. Вадим Сеньявский 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Рамазан Есіргепов 2009 жылдың 5 қаңтар күні Алматыдағы ауруханада емделіп жатқан жерінен тұтқындалып, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облыстық департаментінің Тараз қаласындағы тергеу абақтысына жабылған-ды. ҰҚК-нің Жамбыл облыстық департаментінің оған қарсы қылмыстық іс қозғауына былтырғы жылғы 21-ші қараша күні «Алма-Ата инфо» апталық газетінде жарияланған Рамазан Есіргеповтің «Елді кім басқарады – президент пе, әлде ҰҚК ме?» деп аталатын мақаласы себеп болды.
Мұқтай Бектасов, кәсіпкер Сұлтан Махмадовтың адвокаты. Астана, 24 мамыр 2010 ж.

Даулы мақалада ҰҚК-нің төрағасы Амангелді Шабдарбаевқа Жамбыл облыстық департаменті бастығының жолдаған қызмет хаты жарияланған. «Құпия» белгісімен жазылған хатта салық төлеуден жалтарған деген негізбен «Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарсы қылмыстық іс қозғалғаны және серіктестіктің құрылтайшысы, кәсіпкер Сұлтан Махмадов Қазақстан президентінің Жамбыл облысына сапары кезінде онымен кездесуге тырысқаны туралы баяндалған.

Бірқатар бақылаушылар, Есіргепов өзінің кәсіби қызметі үшін «жазаланды» деген пікір айтады.
XS
SM
MD
LG