Accessibility links

«Тристардың» үлескерлері биліктен ғана көмек күтеді


«Қазтранскомсервис» компаниясына қарасты «Тристар» деп аталатын тұрғын үй құрылысының тоқтап қалғанына екі жылдан асып бара жатыр.

Үлескерлермен жасасқан екі жақты келісім-шартта аталған компанияның басшылығы Алматының орталығындағы бұл тұрғын үйді 2006 жылдың қараша айына дейін аяқтау керек болатын. Алайда, 90 үлескерден шамамен 18 миллион доллар жинаған компания басшылығы, құрылыс жүргізуге берілетін арнайы мекемелердің рұқсат құжаттарының толық болмау себебінен, «Тристардың» құрылысын тоқтатып тастауға мәжбүр болған.


XS
SM
MD
LG