Accessibility links

"ЕҚЫҰ-ның адам құқтары бойынша талаптары орындалмай отыр"


Адам құқын қорғаушылар Нинель Фокина (сол жақта),Евгений Жовтис, Тамара Калеева. Алматы, 15 қазан, 2008 жыл.

Адам құқын қорғаушылар Нинель Фокина (сол жақта),Евгений Жовтис, Тамара Калеева. Алматы, 15 қазан, 2008 жыл.

Осыдан бір жыл бұрын ҚР сыртқы істер министрі Марат Тәжин бастаған делегация Испания астанасындағы кеңесте ұйымға мүше 56 елдің өкілдеріне Қазақстанда саяси реформалар жүргізуге уәде еткен еді.

Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2010 жылы төрағалық етуі туралы шешім 2007 жылы қарашаның 30-ы күні Мадридтегі саммитте қабылданды. Сол форумда осы ұйымға мүше елдердің өкілдерінің алдында Қазақстан делегациясы саяси жүйені жетілдіріп, билік пен азаматтық қоғамның өзара қарым-қатынасының тиімді үлгісін қалыптастыруға уәде берген еді. Содан бері бір жыл өтті. Не өзгерді?
Адам құқы және заңдылықтардың сақталуы жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтистің пікірінше, Мадридтегі форумнан бері елде саяси жүйені жетілдіру саласында ешқандай ілгерілеушілік байқалмайды.
«Заң шығарушы органдардағы жұмыс топтары пікір таластырып жатқаны болмаса, сайлау жүйесі мен саяси партияларға қатысты қандай да бір өзгерісті байқамадым", - деді Е. Жовтис.
- Билік «Саяси партиялар туралы» заң бар деп жатыр, бірақ оны көрген ешкім жоқ. Жергілікті биліктің өзін-өзі басқару жүйесіне қатысты тұжырымдама ғана қабылданды. Оның қашан заңға айналатындығы белгісіз».
Ал Қазақстандағы Хельсинки комитетінің төрайымы Нинель Фокина болса елдегі бірқатар діни бірлестіктердің тағдырына алаңдаушылық танытты. Фокина ханымның пікірінше, Парламентте талқыланып жатқан «Діни наным-сенім бостандығы және діни бірлестіктер» туралы заң жобасы адам құқықтарының халықаралық ережелеріне қайшы келеді.
«Заң жобасына талқылау жасау барысында дискриминацияға қатысты 20 ереже, негізсіз тыйымдар мен шектеулерді қарастыратын 40 ереже таптық. Мұның барлығы діни наным-сенім бостандығын жоққа шығарады», - Нинель Фокина.
Құқық қорғаушылардың пікірінше, жоба осы күйінде қабылданып кетсе, елдегі бірқатар діни бірлестіктер заң аясынан тыс қалады – адам құқығы аяққа тапталады.
«Іріктеу жүргізілетіндігі белгілі, - деп алаңдайды Н. Фокина, - Бірақ мұндай келеңсіз әрекеттер заң қабылданбай жатып-ақ басталды. Қазірдің өзінде Алматы облысында 6 шіркеуді меншігінен айыруға қатысты іс басталды: ғимараттарын, жерлерін тартып алып жатыр».
Бұдан бөлек құқық қорғаушылар сөз бостандығына қатысты жағдай Қазақстанда тіпті сын көтермейтіндігін алға тартып отыр: билік тарапынан ақпарат құралдарына бақылау күшті, журналистерге қысым көрсетушілік бар, бірқатар интернет сайттарын жауып тастау немесе республика аумағында жасырын шектеу әрекеттері жиі кездеседі.
«Әділ сөз» қоғамдық қорының төрағасы Тамара Калеева: «Сөз бостандығы бойынша 1 пайыз ғана алға жылжушылық бар, мұны мен асырып айтып отырмын...», - деп есептейді.
Мадридтегі ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлерінің кеңесінде Қазақстанның 2010 жылы осы ұйымға төрағалық етуі туралы шешімді форумға қатысушы 56 ел біраыздан қолдап дауыс берген болатын.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG