Accessibility links

Қазақстан президенті Н.Назарбаев 21-қарашада, жұма күні ұлттық инвесторлармен кездесті. Мемлекет орта және шағын бизнеске қаржылай қолдау білдіріп, экономикалық шаралармен көмек көрсетпекші.

Осының алдында 20-қарашада ол инвесторлармен кездескенде экономиканы тұрақтандыру үшін үкіметтің қолданатын шаралары туралы хабарлайтынын айтқан еді. Президенттің айтуынша, мемлекеттің барлық іс-шаралары шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталады.
Ұлттық қордағы 10 миллиард доллардың 1 миллиарды шағын және орта бизнесті қолдауға және 1 миллиарды ауылшаруашылығын дамытуға, 3 миллиарды құрылыс саласын қолдауға жұмсалады.
— Бұл қысқа жаңалық сіздерді шабыттандырып, сапалы және ауқымды жұмыс істеуге шақырады, — деді Назарбаев, мемлекет басшысының «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын тапсыру рәсімінде кәсіпкерлердің алдында сөйлеген сөзінде.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ 2007-2008 жылдары экономиканы тұрақтандыруға 540 миллиард теңге (3,5 миллиард доллар шамасында), мұның 127 миллиарды (1 миллиард доллар шамасында) — орта және шағын бизнесті дамытуға бөлінгенін айтты. Сонымен қатар орта және шағын бизнесті экономикалық ынталандыру мәселесін сөз етті.
— Мемлекеттің «30 корпоративті көшбасшы» индустриалды бағдарламасы жалғасын табады. Мұның айналасында орта және шағын бизнестің де өрісі кеңейетіні түсінікті. Автомобиль, теміржол құрылысы және энергетика саласының инфрақұрылымдық жобаларын қаржыландыру жалғасады, бұл да орта және шағын бизнес жұмысын жандандырады.
XS
SM
MD
LG