Accessibility links

Ғани Қасымов: Назарбаевтың 20 жыл бұрын билікке келгені халықтың бақыты болды


Парламент сенатының депутаты Ғани Қасымов палатаның жалпы отырысында. Астана, 25 маусым 2009 ж.
Парламент сенатының депутаты Ғани Қасымов палатаның жалпы отырысында. Астана, 25 маусым 2009 ж.

Азаттық радиосы Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғарғы билікке келуінің 20 жылдығына арналған мақалалар тізбегін аяқтайды. Обьективтілік үшін біз циклды Назарбаевтың мықты жақтастарының бірі Ғани Қасымовпен болған әңгімемен тұжырымдасақ.

Сенатор және Патриоттар партиясының жектекшісі, Қазақстан президенттігіне бұрынғы кандидат Ғани Қасымов Азаттық радиосына берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаевтың билікте 20 жыл болуы соншалықты көп уақыт емес деді. Назарбаевқа қазірдің өзінде баламаның жоқтығына сенатор сенімді. Ғани Қасымов, сонымен бірге, көп ұзамай Қазақстанда президенттік-парламенттік республика болады деп есептейді.

«17 ЖЫЛ ДЕГЕНІҢІЗ – БИЛІКТЕГІ БІР ЖЫЛ ІСПЕТТІ»

– Ғани мырза, өзіңізге белгілі, осыдан дәл жиырма жыл бұрын қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы ретінде билікке келіп, елдің бірінші басшысы болды. Ол осы уақытқа дейін елді басқарып келеді. Сіз осыған байланысты не айта аласыз?

– Оның 20 жыл бұрын билікке келуі біздің халқымыз үшін үлкен бақыт болды дегім келеді. Еліміздің қазіргі келбетін көргендер, бізге келгендердің барлығы, қазір Қазақстанда болып жатқандар, обьективті бағалай білетіндердің барлығы Қазақстан осы 20 жылдың ішінде үлкен жолдан өтті деп есептейді.

Жас кәсіпкер Болат Әбілов президент Нұрсұлтан Назарбаевқа нан-тоқаш өнімдерін көрсетіп тұр. Алматы, 1994 ж.
Өзінің дамуында үлкен, тарихи кезеңдерді толықтай игеріп өтті деп айтуға болады. Мен экономикадағы, қоғамдық санадағы, азаматтардың санасындағы т.б. кезеңдерді айтып отырмын.

– Ғани мырза, кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып тұрған кезінде бір адамның ұзақ уақыт билікте отыруына болмайды, бұл басшының өзін де, елді де аздыруға алып келуі мүмкін дегені есіңізде ме? Енді міне Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі билікте 20 жылдан астам уақыт отыр.

– Мемлекет басшысының мұндай мәлімдемесінің болғанын мен атап өте кеткім келеді. Сіз айтып тұрған кезде, меніңше ол премьер-министр болған сияқты. Солай ма?

– Иә, иә...

– Бұл сол кезде өте қалыпты құбылыс болды. Оның үстіне бұл Совет Одағы тарқамай тұрғанда, Қазақстан әлі толықтай дербес мемлекет болмай тұрған кездегі әңгіме.

Сол бір тарихи аласапырандардың кезінде бұрынғы көптеген одақтас республикалар сияқты Қазақстан да тізгінін өз қолына алды. Міне
Осы жағдайлар Қазақстанның 17 жылдық тәуелсіздігін сығымдап, бұл биліктегі бір жыл сияқты әсер қалдырды.
осы жағдайлар Қазақстанның 17 жылдық тәуелсіздігін сығымдап, бұл биліктегі бір жыл сияқты әсер қалдырды.

Тарихи маңызы үлкен көптеген шешімдер қабылданды. Сондықтан, дәл қазір оны ауыстыруға лайықты, біздің халқымыздың тарихи мақсатын ақтай алатын адам бар болса, онда кім екенін айтыңыз. Мен әзірге баламаны көрмей тұрмын...

Мен сіздің не жайында айтып отырғаныңызды, ол жақта оппозициялық ниеттің барлығын түсінемін. Бәріміз білеміз! Бәріміз түсінеміз! Осыдан келіп мынаны айтамын. Олардың арасынан біреуі лайықты адамды, ең болмаса дәл қазір, біздің бүкіл халқымыздың мүмкіндігіне лайық уәкілді ме, кандидатураны ма ұсынсын. Тұлға ретінде халыққа арқа сүйей алатын немесе, керісінше халық оған сенетін адамды.

Табыңыз, мархабат, келіңіз отырып талқылайық. Қазірдің өзінде сіз «20 жыл билікте отыру көптеу» дегіңіз келеді. Бірақ, қазірдің өзінде оған балама жоқ.

ТЕК БІР АДАМНЫҢ ҒАНА САЙЛАУҒА ТҮСУ ҚҰҚЫ ЖОҚ

Ғани мырза, 2007 жылдың мамыр айында Конституцияға кезекті түзетулер енгізіліп, осыған сәйкес Нұрсұлтан Назарбаевқа ғана ерекше құқық - президенттік қызметке ешқандай шектеусіз қайта сайлана алу құқығы берілгендігіне байланысты сіз не дейсіз?

– Жоқ, сіз дұрыс айтпай тұрсыз. Одан да мен дұрысын айтайын. Мамырдағы парламенттің бұл шешімі қабылданғанда әңгіме оның жеке өзіне шектеу қоймау туралы болды. Бірінші президентке шектеу қоймай, мысалы, 2012 жылы сайлауға қайта түсу құқын беру туралы болды. Басқаларға тиым салған жоқ қой! Сіз дұрыс сөйлеңіз! Өтінемін, сұрақты дұрыс қойыңыз!

Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті. Сурет Қазақстан президенті туралы ресми фотоальбомнан алынды.
Яғни, басқалардың да, оның да сайлауға түсу құқы бар. Түсінесіз бе, сайлауға түсуге. Ал, сайлауға бес, он, жиырма, қанша болса, сонша адам түсе алады.

Бірақ ол... Міне, оған тек сайлауға түсуге ғана рұқсат берді. Ал, енді ешқандай баламасыз сайлауға тек сол ғана түседі деген әңгіме болған жоқ.

Бұған, обьективті қарайық. Келіңіздер, бұл мәселеге заңды,
Міне, оған тек сайлауға түсуге ғана рұқсат берді. Ал, енді ешқандай баламасыз сайлауға тек сол ғана түседі деген әңгіме болған жоқ.
сараптамалық түрде қарайық.

– Ғани мырза, мен Қазақстанның бірінші және қазір болып тұрған президентінің сайлауға түсуге өзгелерден ерекше құқығы бар деп айтқым келіп еді...

– Жоқ, сіз мына бір «өзгелерден ерекше» деген сөзді алып тастаңыз! «Өзгелерден ерекеше, тек өзінің ғана құқығы» деген ешкімде жоқ. Құқық біреу ғана. Ол - бірінші президент және парламент оған басқа азаматтар сияқты қайта сайлануға құқық берді. Басқаларды ондай құқықтан шектеп жатқан жоқ қой.

– Ғани мырза, сұхбатыңыз үшін рахмет.
XS
SM
MD
LG