Accessibility links

Дін туралы заң Қазақстанды сталиндік репрессия жылдарына қайта оралтады деп ескертеді құқық қорғаушылар


Алматыдағы орталық мешіт
Алматыдағы орталық мешіт

Сарапшылар мен құқық қорғаушылар және діни қауымдастық Қазақстан президенті діни заңнамаларға енгізілген түзетулерге вето қояды деп үміттенеді. Ал билікке жақын қоғамдық ұйымдар ұлттық діни заңнаманы шектен тыс солқылдақ деп есептеп, діни секталарға қарсы күресті күшейтуге шақырған-ды.

Құқық қорғаушылар мен діни қауымдастықтың өкілдері "Діни наным- сенім бостандығы мен діни ұйымдар туралы заңға" енгізілген жаңа түзетулерді қабылдаған Қазақстан парламентіне өздерінің түңілістерін білдіруден тайсақтамады.

Қазақстанның адам құқығы мен құқықтық нормалар жөніндегі халықаралық бюросының директоры Евгений Жовтис, егер Қазақстан президенті өткен аптада парламент қабылдаған діни заңнамаларға енгізілген түзетулерге қол қойса, республика бүтіндей бақылау дәуіріне қайта оралады дейді.

«Мен түңіліп тұрмын, заң ЕҚЫҰ ұстанымдарына және халықаралық құқық талаптарына сәйкес емес», - деді ол.

- Біз болашақта жаңа заңның негізінде қуғын көретін боламыз, - дейді өз кезегінде баптистер шіркеуінің пасторы Ярослав Сенюшкевич «Форум 18» құқық қорғау ұйымына берген сұхбатында. – Бұл бізге ғана емес, басқа діндегілерге де қатысты болмақ. Сталин тұсындағыдай болады.

Кришна қауымдастығының баспасөз өкілі Максим Варфомолеевтің пікірінше, заңдағы репрессиялық нормалардың әрекет етуі Қазақстандағы діни азшылықтың жойылуына алып келуі мүмкін.

Астанадағы католик шіркеуінің архиепископы Томаш Пета Қазақстан тәуелсіздік алған 17 жылдан соң президент діни бостандықты шектеуге жол бермейді деп үміттенетінін мәлімдеді.

Қазақстандық құқық қорғаушылар заң жобасы бойынша өздерінің қорытындысын ұсынғанын еске сала кетейік, бірақ депутаттар оны есепке алуды қажет деп таппаған секілді. ЕҚЫҰ-ның демократия және адам құқығы бойынша бюросы сарапшыларының құқық туралы шолуларының тағдыры да осылай болған еді.

- Заң БДИПЧ (деморкатия және адам құқтары бойынша бюро) сарапшыларының бір тобы Әділет министрлігінің діни істер жөніндегі комитетімен заңның соңғы нұсқасы бойынша шолу дайындауға келіскен күннің ертеңінде қабылданды. Қазақстандық биліктегілердің өтініші бойынша БДИПЧ заңның алғашқы нұсқасы бойынша заңдық пікірді ұсынды. Заңның асығыс, азаматтық қоғамның талқылауынсыз қабылдануы және халықаралық ұйымның сараптамаларын есепке алмауы өкініш туғызады, - дейді БДИПЧ директоры елші Янеш Ленарчик.

Сонымен бірге ұйымның сарапшылары, заңды шығару процесінде өзінің соңғы сөзін айтатын Қазақстан президенті заңға осы қалпында қол қоймайды, әлі де болса ол халықаралық стандарттардың жақсы көрініс табуы үшін қайта қаралады ғой деген сенімде.

«Қазақстан президенті ЕҚЫҰ-ның және басқа да халықаралық стандарттардың міндеттемелері толық көрініс тапқан, ашық заң шығару процесін қамтамасыз ету үшін өзінің конституциялық өкілеттегін пайдаланады ғой деп үміттенеміз», - деп көрсетілген ұйымынң мәлімдемесінде.

БДИПЧ директоры Янеш Ленарчик: "Сонымен қатар бұл 2010 жылы ЕҚЫҰ-на жетекшілік етер алдындағы елдің заңдарды қабылдау мен әзірлеуде халықаралық стандарттар мен жариялылық, ашықтық ұстанымдарын құрметтейтінінің куәсі ретіндегі дұрыс белгісі болар еді," деп мәлімдейді.

Ал Евгений Жовтис болса, қазір президенттің қалай жауап беретінін дәл айту қиын деп есептейді:
- Бұл оның ауқымды сыртқы саяси жүйені тұтас тануына байланысты. Егер президент заңға қол қою Батыспен қарым-қатынасты бұзатынын түсінсе, заңды Конституциялық кеңеске жолдауы әбден мүмкін. Ал егер ол ішкі саяси жағдайды бағытты басшылыққа алса, онда заңға қол қойылады. Осылайша авторитаризмге қарай жайлап көшу аяқталады.

Президенттің парламенттегі өкілі Арсен Бейсенбаев «Форум 18»-ге "Аталған заңды қолына алғаннан кейін де Нұрсұлтан Назарбаевтың шешім қабылдауы үшін бір ай уақыты бар" деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ бұл жөнінде қандай да бір ойын білдіруден бас тартты.
«Ешкім де біреу үшін, әсіресе президент атынан сөйлей алмайды», -деді Арсен Бейсенбаев.

Астанадағы омбудсмен кеңсесі жаңа заңның мазмұнымен әлі таныспаған. Адам құқығы бойынша ұлттық орталықтың президенті Вячеслав Калюжный: "Омбудсмен президентке қол қоюға жіберілген заң жобасы бойынша өз ұсыныстарын айтады немесе түсінік қана бере алады," - деп мәлімдеді. Бұдан басқа ол діни қауымдастықтардан аталған заң жобасы бойынша ескертпелер түсіп жатқанын да айтып өтті:
-Өкінішке қарай, адамдар заңның өздеріне ұнамайтынын ғана жазады, бірақ несімен ұнамайтынына нақты мысалдар келтірмейді.

Сонымен бірге бұл арада дін өкілдерінің көпшілігінің жаңа заң жобасын қолдайтындығы да аңғарылады.
«Ол өте дұрыс» деп есептейді бас мүфтидің өкілі Нұржан Маханов. Құқық қорғау ұйымы «Форум 18»-ге берген сұхбатында ол Жоғары мүфтиаттың 2000 жылдан бері президент пен парламентке діни заңды өзгерту туралы айтып келе жатқанын мәлімдеді.

Мемлекеттік апппарат құқық қорғаушылардың және діни азшылық өкілдерінің ұсыныстары мен қарсылықтарына орай жауап берді.

1 желтоқсан, дүйсенбі күні Алматыда өткен арнайы баспасөз-конференциясында билікке жақын қоғамдық ұйымдар құқық қорғау орындарын діни секталарға қарсы батыл қимылдауға шақырды.
- Секталар республиканың ұлттық қауіпсіздігіне нақты қауіп туғызады, сондықтан да оларға қарсы күресті күшейту керек, -дейді заң ғылымдары академиясының президенті Сәкен Өзбекұлы.
Одан басқа ол республикадағы діни наным- сенім бостандығы және діни бірлестіктер мәселелерін қамтитын заңнамалар тым солқылдақ деп мәлімдеді.
- Заң жобасына біз діни бірлестіктерді тіркеу олардың мүшелері 5 мың адамнан асқан жағдайда ғана жүзеге асуы керек деген түзету енгізуді ұсындық. Сонымен бірге біз діни бірлестіктер тіркелгенге дейін кемінде 10 жыл жұмыс істеуі қажет деп есептейміз. Алайда біздің ұсыныстарымыз бен идеяларымыздың барлығы да ескерілген жоқ,- дейді С. Өзбекұлы.
Оның осы пікірімен Қазақстан мұсылмандар одағының төрағасы Мұрат Телібеков те келіседі:
«Мемлекет секталарға қарсы идеологиялық күрес жүргізуі тиіс», - деді ол аталған баспасөз-конференциясында.
XS
SM
MD
LG