Accessibility links

Жаңа қоғамдық ұйым сотталғандардың құқығын қорғамақшы


Құқыққорғаушы Вадим Курамшин. Алматы, 13 қыркүйек 2010 жыл
Құқыққорғаушы Вадим Курамшин. Алматы, 13 қыркүйек 2010 жыл

Тамыздың 13-і дүйсенбі күні Алматыда «Озбырлықпен күрес» атты республикалық ұйым құрылатындығы жайлы хабарланды. Түрмеде отырған сотталушылардың құқығын қорғаумен айналысатын бұл ұйым саясаттан қашық тұрады деп мәлімдеді бастама көтеруші Вадим Курамшин.


ЖАҢА ҰЙЫМ

«Озбырлықпен күрес» ұйымын құрмақшы болып бастама көтергендердің қатарында «Талмас» және «Қазақстан -2012» ұйымдарының жетекшілері Айнұр Құрманов пен Есенбек Өктешбаев та бар.
Айнұр Құрманов, оппозицияшыл қоғамдық белсенді. Алматы, 13 қыркүйек 2010 жыл

- Қазақстандағы биліктің өзі қылмыстық-түзету жүйесін реформалайтын уақыттың туғанын мойындады. Бірақ қылмыстық-түзету жүйесін жаңғырту процесін қоғам өкілдері қадағалап отыруы ләзім, - дейді құрылтайшылардың бірі Айнұр Құрманов.

Жуырда ғана әкімшілік жаза негізінде он күн қамауда болған құқыққорғаушы Вадим Курамшин сотталушылар құқығын қорғайтын ұйым құру туралы көптен бері ойластырып жүргендігін айтады.

- 1999 жылдан бастап Қазақстан түрмелерінде отырғандарға қатысты режимнің күшею тенденциясы байқалады. Сотталғандарды топ-тобымен жазалау тәжірибесі енгізіліп, оларды ұрып-соғу, қорлау мен айып изоляторларына заңсыз қамау сынды әдістер жиі қолданылады, - дейді құқыққорғаушы.

Түрменің «іші мен сыртын» жақсы білетінін мәлімдеген құқыққорғаушының айтуынша түзету мекемелерінде жолдан тайғандарды түзеудің орнына, оларды басып –жаншу жүріп жатыр. Сотталушылардың қарапайым құқықтары сақталмайды.

- Өзекті мәселелердің бірі – қылмыстық-атқару жүйесіндегі жемқорлық. Сотталушының мерзімінен ерте босауы, қарапайым туыстарымен кездесуінің өзі саудаға салынады, - дейді Курамшин.
Өзекті мәселелердің бірі – қылмыстық-атқару жүйесіндегі жемқорлық.

Жаңа ұйым негізінен әр саладағы адам құқығының шектелуіне қарсы әрекет жасамақ. Түзету мекемелерінде мониторинг жүргізіп, заңсыз қудалау нәтижесінде сотталғандар ісін тексерумен айналыспақ. Курамшиннің айтуынша түрмеге түскеннің барлығы дерлік азаптауға ұшырайды. Ал түзету мекемелеріндегі медициналық қызметтер түрме әкімшілігіне бағынышт болғандықтан азаптау фактілері жабық күйде қалады. Сондықтан да жаңа ұйым сотталған адамның денесіндегі қандай да бір «азаптау іздерін сол мезгілде хатқа түсіру» процедурасын талап етпекші.

Айта кететін бір жайт, әзірге бұл ұйым тіркелмеген, қазір республика бойынша ұйымды қолдаушылар тізімі жасалып жатыр.

САЯСИ ІСТЕР

Курамшин Қазақстанда соңғы уақытта жалған айыптың негізінде түрмеде отырған азаматтар жеткілікті екендігін айтады.
Мәселен, маусым айында «сотқа құрмет көрсетпеді» және «полицейлерге қарсыласып күш көрсетті» деген айыптар негізінде төрт жылға бас бостандығынан айырылған Ермек Нарымбаев. Естеріңізде болса, мамыр айында Нарымбаев «Назарбаев, кет!» деген акция ұйымдастырған еді.
Жаңа ұйым сотталған адамның денесіндегі қандай да бір «азаптау іздерін сол мезгілде хатқа түсіру» процедурасын талап етпекші.

Одан өзге, шілде айында Ақтөбедегі оппозицияшыл саясаткер Айдос Садықов «бұзақылық істеді» және «полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетті» деген айыптармен екі жылға түрмеге кесілді.

Соымен бірге, 2009 жылы тамыз айында тәуелсіз журналист Рамазан Есіргепов қызмет бабындағы құпияны заңсыз жариялады деген айыппен үш жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл істердің барлығының саяси астары бар деген Вадим Курашин, осы істердің негізінде елде қоғам өкілдерінің саяси қудалауға ұшырап жатқандығын баяндайтын құжаттарды БҰҰ-ның жанындағы адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссар Манфред Новакке тапсырмақ. Жоғарғы комиссармен кездесу қазанның 1-і күні өтеді. Ол уақытқа дейін Курамшин Ресейге кетуге мәжбүр екендігін айтады.

- Мен, қазір Қазақстаннан кетіп қалмасам, қазанның 1-і күні ешқандай кездесу болмасы анық. Біздің билік мені БҰҰ-ның жоғарғы комиссарымен кездестірмеу үшін қолынан келгенін жасап бақпақшы. Мені қазірдің өзінде күні-түні аңдиды. Туыстарыма да, маған да белгісіз біреулер телефон шалып, қорқытады. Мені кез-келген уақытта ұстап алып, ойға келмейтін айыптар тағу олар үшін түкке тұрмайды, - дейді Вадим Курамшин.

ТӘЛКЕК

Естеріңізде болса, тамыздың 29-ы, жексенбі күні Ақмола облысының әкімшілік соты Вадим Курамшинге ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағып, он тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Соңғы кездері жиілеп кеткен түрмедегі бүліктер кезінде ерекше көзге түскен құқық қорғаушыға қатысты Денис Сицко есімді әлдебір азаматты тілдеп, ар-намысына тиді деген кінә тағылды.

Дегенмен, өзінің кінәсіз екендігін мәлімдеген Курамшин, өзін он күнге жабудың басты себебі – құқыққорғаушыны Еуропаламент делегаты Джо Хиггинспен кездестірмеу деп біледі.

Өз кезегінде шетелдік делегация мүшелері де бұл әрекетті билік тарапынан әдейі жасалған тосқауыл деп бағалады.

Құқыққорғаушы Курамшин бұған дейін екі рет түрмеге түскен. Алғаш рет 1999 жылдың ақпанында, өз айтуы бойынша, оны не айыбы бар екенін айтпастан ұстаған. Артынан қылмыс жасадың деген айыппен 7 жыл 6 айға соттап жіберген. 2003 жылғы ақпанда шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған.

Ал, екінші рет түрмеге түсуінің арғы түбінде саясат жаты дейді Курамшин. Өзіне жала жабу айыбымен 2006 жылдың қыркүйегінде 3 жыл 10 айға сотталды. 2009 жылғы қазанда шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.
XS
SM
MD
LG