Accessibility links

Абайтану пәні оқытыла бастағанына 68 жыл толды


Абайтану пәні 1942 жылы қыркүйек айынан бастап қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде арнайы курс ретінде оқытыла бастады. Бұл пәнді белгілі қазақ жазушысы Мұхтар Әуезов енгізген еді.


Осыдан 68 жыл бұрын қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш рет арнайы пән ретінде абайтану курсы оқу бағдарламасына қосылды. Бұл пәнді енгізген Мұхтар Әуезов қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 1934 жылы ұстаздық қызметке келіп, ондаған жыл бойы дәріс берді.

Абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметовтің айтуынша, жаңа пәнді оқу бағдарламасына енгізген жазушы Мұхтар Әуезов үлке
Абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметов. Алматы, 6 мамыр 2010 жыл.
н дайындықпен келген.

– Абайтану алғаш енгізілген кезде Мұхтар Әуезов өзі осы пәннен дәріс оқыған. Оның таспаға жазылған лекцияларының негізінде абайтану бойынша "Абай Құнанбаев" деген атпен ғылыми монография жарық көрген, – дейді Мекемтас Мырзахметов.

Ал әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің деканы Қансейіт Әбдезұлы кезінде Мұхтар Әуезов негізін қалаған абайтану пәні әлі күнге дейін оқытылып келе жатқанын айтады. Деканның сөзінше, қазіргі кезде студенттер Абай шығармаларын таңдау пәні ретінде де қосымша оқиды.

– Филология факультетінің жанынан 2008 жылы абайтану ғылыми-зерттеу орталығы құрылған. Бұл орталық абайтану пәнінен басталатын абайтанудағы барлық ғылыми жұмыстарды қайта қарап, қайта басып шығарумен, Абай шығармаларын аударумен айналысады, – дейді Қансейіт Әбдезұлы.

Абайтану пәні Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының бәрінде бірдей оқытылмайды. Әйтсе де бұл пәнді оқыту дамып келе жатыр дейді Мекемтас Мырзахметов.

Ғалымның айтуынша, Совет одағы кезінде абайтануда Абайдың шығыс әдебиетімен байланысы мүлдем айтылмай келген. Қазір сол олқылықтың орнын толықтыруға басымдық беріліп жатыр дейді Мекемтас Мырзахметов.
XS
SM
MD
LG