Accessibility links

Ұлы Абайдың ескерткіші ақын образын аша ала ма?


Республика сарайы алдындағы Абай Құнанбайұлының ескерткіші. Алматы, 4 тамыз 2009 жыл.

Республика сарайы алдындағы Абай Құнанбайұлының ескерткіші. Алматы, 4 тамыз 2009 жыл.

Биыл қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 165 жыл толды. Осыған орай Абайды еске алған жұрт оның ескерткішінің алдында ақын шығармаларын оқып, Абайдың өлеңдерін және өздерінің ақын рухына бағыштаған арнауларын оқыды. Бірақ көбісі ескерткіштен ойшыл ақын емес, батыр кейпін көретіндерін айтып отыр.



Абайдың ескерткіштері Қазақстанның барлық ірі қалаларында бар. Алайда, Азаттық радиосына сұхбат берген сарапшылар мүсіндердің көбі бір-біріне ұқсайды және Абайдың образын толық ашпайды деген пікірде.

Жас ақын Жанар Әпсадық Абайдың мүсіндерінен дана ойшылды емес, халық батырларының кейпін көретіндігін жеткізеді. Суретші Ерболат Төлепбайдың айтуынша, ескерткіштің жақсы шығуы мүсіншінің кәсіби деңгейі мен мүсін жасауға рұқсат беретін басшылыққа байланысты.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG