Accessibility links

Құлыбаевтың Әблязовқа талап-арызы бойынша Медеу соты БАҚ өнімдерін тұтқындауды ұйғарды


«Голос республики» апталық газетінің 16 қазан 2009 жылғы саны.

«Голос республики» апталық газетінің 16 қазан 2009 жылғы саны.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязов пен бірқатар БАҚ-ды сотқа берді. Сот соның негізінде, Құлыбаевқа қарсы Әблязовтың таққан айыптары туралы жазған БАҚ өнімдерін тәркілеуге анықтама шығарғаны мәлім болды.


АҚПАРАТ ТАРАТУҒА ТЫЙЫМ САЛУ

Сейсенбі, ақпанның 2-күні, «Голос Республики» басылымына келген Алматының Медеу аудандық сотының орындаушылары редакция басшылығын содан бір күн бұрын «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасының орынбасары Тимур Құлыбаевтың шағым-арызы бойынша шығарылған сот анықтамасымен таныстырған.

- Біздің редакцияға бүгін түстен кейін Медеу аудандық сотының орындаушылары келіп, аудандық соттың судьясы Д. Махметованың
«Голос Республики» басылымы бас редакторының орынбасары Оксана Макушина. Алматы, 9 қыркүйек 2009 жыл.
шығарған анықтамасымен таныстырды. Онда Медеу аудандық соты ақпанның 1-күні Тимур Құлыбаевтың арыз-шағымы бойынша, БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың Тимур Құлыбаевқа қатысты әшкерелеуші құжаттары бар екендігі туралы тараған ақпараттар шындыққа жанаспайды деп шешім шығарылғандығы жазылған. Ал осындай ақпаратты таратқан «Голос Республики», «Взгляд», «Курсив» сынды басылымдар Тимур Құлыбаевтың ар-намысына нұқсан келтіретін осы ақпараттарды жоққа шығарулары керек, - дейді «Голос Республики» басылымы бас редакторының орынбасары Оксана Макушина.

«Голос Республики» газетінің өкілі сот орындаушылары алып келген шағым-арызда өздеріне түсініксіз жайттар барын айтады.

- Мәселен, арыз-шағымның өзінде сіздердің радиодан берілген дәйексөз келтірілген. Алайда, сол үшін бізді жауапқа тартып отыр, - деді Оксана Макушина Азаттық радиосына.

Одан өзге Медеу аудандық соты «Тимур Құлыбаевтың ар-намысына нұқсан келтіретін БАҚ өнімдері мен қағазда және электронды тәсілмен ақпаратты тасушы болып табылатын кез-келген өнімді тұтқынға алу туралы» анықтама шығарған. Сонымен бірге, әлі таралып үлгермеген өнімдерді де таратуға тыйым салынған.

Бүгінгі таңда Медеу аудандық сотының аталған шешімін сараптап жатқан басылымның адвокаттары, осыған байланысты өз көзқарастарын сәрсенбі күні Алматыда арнайы баспасөз-мәслихатында жария етпек.

Азаттық радиосы бұл мәселеге байланысты түсініктеме алу үшін Алматының Медеу аудандық соты мен Тимур Құлыбаевтың хатшылығына хабарласқанымен, сейсенбі күні олардан жауап алудың мүмкіндігі болмады.

ӘБЛЯЗОВТЫҢ АЙЫПТАУЫ

Дүйсенбі, ақпанның 1-күні қазірде шетелде қуғында жүрген қазақ бизнесмені Мұхтар Әблязов Тимур Құлыбаевты әшкерелейтін құжат
"Kazenergy" қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев (сол жақта) пен Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шредер Астанадағы энергетикалық форумда. Астана, 25 қыркүйек, 2009 жыл.
көшірмелерін Қытай билігіне жолдағандығы туралы ақпарат тараған еді.

Мұхтар Әблязов өз хатында ресми Бейжіңнен «Құлыбаевқа пара берді» деп таныстырған қытайлық корпорациялардың басшыларын жазалауды сұраған.

Одан бұрын Мұхтар Әблязов Азаттыққа берген сұқбатында, Қазақстан президентінің күйеу баласы Тимур Құлыбаевты Қытай кәсіпкерлерінен пара алған деп мәлімдеп, бұл жайында әшкерелейтін деректер келтірген еді.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасының орынбасары боп табылады және «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «Самұрық Энерго» компанияларының директорлар кеңесін басқарады.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG