Accessibility links

Алтыншы қабаттан құлаған журналист Геннадий Павлюк ауруханада қайтыс болды


Қырғыз журналисі Геннадий Павлюк. Жеке мұрағаттағы сурет.

Қырғыз журналисі Геннадий Павлюк. Жеке мұрағаттағы сурет.

Бірнеше күн ауруханада ес-түссіз жатқан қырғыз журналисі Геннадий Павлюк бүгін таңертең Алматыда көз жұмды. Ол 16 желтоқсан күні қаладағы тұрғын үйлердің бірінің үстінгі қабатынан құлап, ауыр жарақатпен ауруханаға түскен еді. Серіктері оған қастандық жасалған болуы мүмкін деп отыр.


ГЕННАДИЙ ПАВЛЮК ТОСЫН ЖАҒДАЙ БОЛАРЫН СЕЗГЕН

Желтоқсанның 22-күні таңертең Алматыда қырғыз журналисі Геннадий Павлюк есін жимастан дүние салды. Ол қалалық №12 ауруханасының жансақтау бөлімшесінде жатқан болатын. Дәрігерлер өміріне аса қауіпті жарақат алған журналистің беті бері қарамаған күйі қаза болғанын айтады.

Журналист мұнда желтоқсанның 16-күні, Алматының орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің 6-шы қабатынан құлап, ауыр жарақатпен ес-түссіз күйі жеткізілген еді. Қазақстан полициясы журналист Геннадий Павлюк аяқ-қолы скотчпен байланған күйде үй
Қырғыз журналисті Геннадий Павлюк аяқ-қолы байланған күйде осы үйдің подъезінің күнқағарында табылған. Алматы, 21 желтоқсан 2009 жыл.
подъезінің күнқағарында ессіз халде табылғанын айтты.

Қазақстан құқық органдарының деректері бойынша, Алматыдағы Фурманов көшесіндегі жекеменшік пәтерлердің біріне журналист Геннадий Павлюкті белгісіз адамдар шақырған. Алматы қалалық ішкі істер департаментіндегілердің Азаттық радиосына хабарлағанындай, Геннадий Павлюк болған ол пәтерді біреулер жалға алған.

Геннадий Павлюк өзінің өміріне қауіп төніп тұрғандығын сезген болуы мүмкін. Ол осы жолы Қазақстанға сапармен келерден бұрын өзінің азаматтық некедегі зайыбы Ольгаға оқыс бір жағдай бола қалғанда, өзін Қырғызстанның Шолпан-Атасына апарып жерлеуді сұраған екен. Бұл туралы Азаттық радиосына Ольганың өзі хабарлады.

Оның айтуынша, соңғы уақыттары және Қазақстанға жол жүрерден бұрын Павлюк осы өтінішін бірнеше мәрте қайталаған. Журналистің нақты қандай қауіптен секем алғандығы әзірге жұмбақ күйінде қалып отыр.

Қазақстан полициясы журналистің биік ғимараттан құлауына қатысты қылмыстық іс қозғады және оның өміріне қастандық жасауы мүмкін күдіктілер тобын айқындағандығын хабарлады.

ОППОЗИЦИЯ БАСЫЛЫМЫН ШЫҒАРУ ЖОБАСЫ

Білетіндердің айтуынша, журналист Геннадий Павлюк осы жылдың соңына дейін қырғыз оппозициялық «Ата-Мекен» партиясының газеті шығарып, жаңалық тарататын интернет басылым ашпақшы болған.

Геннадий Павлюк Алматыда оқыс оқиғаға душар болған соң Азаттық радиосына берген сұхбатында қырғыздың «Ата-Мекен»
Журналист жоғарғы қабатынан құлаған тұрғын үй қала орталығындағы Фурманов көшесінің бойында орналасқан. Алматы, 21 желтоқсан 2009 жыл.
оппозициялық партиясының жетекшісі Өмірбек Текебаев журналисті біреулер тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан әдейілеп құлатып жіберуі мүмкін деген еді.

Қырғызстанның бірлескен халық қозғалысы журналист Геннадий Павлюкке жасалған
Қырғызстанның бірлескен халық қозғалысы журналист Геннадий Павлюкке жасалған қастандықты «арнайы ұйымдастырылған террорлық акт» деп есептейді.
қастандықты «арнайы ұйымдастырылған террорлық акт» деп есептейді.

Оппозициялық ұйым таратқан мәлімдемеде белгілі журналиске шабуыл жасау фактісін аса жайсыз әрі секем тудырарлық оқиға ретінде қабылдағандығы айтылған.

Бұған дейін журналист Геннадий Павлюк ресейлік «Аргументы и Факты» басылымының қырғыз өкілдігін басқарған, содан соң «Белый Пароход» интернет-басылымы мен газетін ашқан.

Павлюк өз материалдарына Ибрагим Рустамбек деген лақап атпен қол қойған. Өзінің авторлық мақалаларында журналист Геннадий Павлюк Қырғызстаннның қазіргі билігін бірнеше мәрте сынға алған-тұғын.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG