Accessibility links

Алматыда жалдық төлемді төмендетуді талап еткен жүздеген саудагер ереуіл жасады


Кәсіпкер Геннадий "Алатау-1 Еуропа" базарында сауда жасайтындардың бірі. Алматы, 20 қаңтар 2009 ж.

Кәсіпкер Геннадий "Алатау-1 Еуропа" базарында сауда жасайтындардың бірі. Алматы, 20 қаңтар 2009 ж.

Қаңтардың 20-сы күні Алматыдағы «Алатау-1 Еуропа» базарындағы сауда орындарын жауып, жұмысқа шықпай наразылық танытқан жеке кәсіпкерлер орындарды жалға алғаны үшін төлем мөлшерін азайту туралы талап қойды. Базардағы жағдайды білуге барған Азаттық тілшісіне әкімшілік базар аумағында ақпарат жинауға рұқсат бермеді.

Алматыдағы «Алатау-1 Еуропа» базарында сауда жасайтын кәсіпкерлер әкімшілік тарапынан белгіленген жалға алу бағасының қымбат екендігін айтып, оның мөлшерін 30 пайызға азайтуды және күнделікті бір жолғы талон төлемін алып тастауды талап етіп отыр. Сейсенбі күні базардағы сауда орындарын жауып, жұмысқа шықпай наразылық танытқан 500-ге жуық кәсіпкер өз талаптары орындалғанша күнде ереуілге шығатындарын мәлімдеді деп хабарлады ақпарат агенттіктері.
"Алатау -1 Еуропа" базары. Алматы. 20 қаңтар, 2009 жыл.
Саудагерлердің айтуынша, базар әкімшілігі биылғы жыл басынан жалға алу бағасын екі есеге жуық қымбаттатып жіберген. Алайда, алдымен қаржы саласын, одан кейін күш алған қазіргідей кезеңде, саудада түсім азайып, орынды жалға алу бағасы қалта көтермейтіндей дәрежеге жеткенін айтып шағымданады кәсіпкерлер.
«Қазіргі уақытта мен базар әкімшілігіне айына орташа есеппен 33650 теңгені (278 АҚШ доллары шамасында) орынды жалдағаныма төлеймін», - деді осы базарда сауда жасайтын Геннадий есімді жеке кәсіпкер Азаттық тілшісіне.
Жалға алу құнын азайтуды сұрап базар әкімшілігіне бірнеше мәрте ұсыныс жасағанымен ол тілектері орындалмаған соң, шыдамы таусылған кәсіпкерлер наразылық ретінде қаңтардың 20-сы күні сауда орындарын жауып, өз талаптары орындалғанша күнделікті жұмысқа шықпай, ереуіл өткізуге бел буған. Олар талап-тілектерін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовке де жолдады.
Сейсенбі күні «Алатау-1 Еуропа» базарындағы жағдайды білуге барған Азаттық тілшісіне базар аумағында ақпарат жинауға өзін
20 қаңтар күні базардағы сауда орындарының көбі жабық тұрды.
базар әкімшілігінің өкілімін деп таныстырған белгісіз адам рұқсат бермей қойды. Өз аты-жөнін айтудан бас тартқан әкімшілік өкілі басшылардың жұмыс орнында жоқ екенін, ал олардың рұқсатынсыз баспасөз өкілдерінің бұл жерде кәсіби қызметін атқаруына болмайтындығын айтып, қысқа қайырды.
Ал базарда сауда жасайтын кәсіпкерлер күн өткен сайын жағдайларының қиындап, қарызға белшеден батып жатқандарын айтып, егер өз талаптары орындалмаған жағдайда базардың жанынан өтетін автокөлік жолын жауып, аштық жариялайтындарын ескертіп отыр.
XS
SM
MD
LG