Accessibility links

Алматыда метро салып жатқан жұмысшылар еңбекақы төлеуді талап етіп ереуілге шықты


Метро құрылысының жұмысшылары ереуілге шықты. Алматы, 10 тамыз 2010 ж.

Метро құрылысының жұмысшылары ереуілге шықты. Алматы, 10 тамыз 2010 ж.

Алматыдағы метрополитен құрылысының «Алмалы» стансасында жол салып жатқан оңтүстік кореялық «Юранус Сиэн Ай» компаниясы филиалында жұмысшылар жұмысты тоқтатып ереуілге шықты. Олар үш айдан бері еңбекақы алмағандарын айтады.


Сейсенбі күні «Алмалы» стансасындағы құрылыс басында жиналған жұмысшылар оңтүстік кореялық «Юранус Сиэн Ай» акционерлік қоғамы филиалының басшылығы отырған мекемеге баса-көктеп кірді. Кеңсені күзеткендердің ашулы жұмысшыларды тоқтатпақ болған әрекетінен түк шықпады. Жұмысшылармен бірге компания директорының алдына журналистер де жетті.

- Жалақы алмағанымызға үшінші ай болды. Алдымызда оқу жылы келе жатыр. Мектепке баратын бала-шағамызға кітап-дәптер,
Бақытжан Ырысымбетов (ортада) кәсіпорынның жұмысшыларға еңбекақы төлемегеніне үшінші айдың жүзі болғанын айтады. Алматы, 10 тамыз 2010 жыл.
киім-кешек ала алмайтын болдық, - дейді Азаттық радиосына сұхбат берген жұмысшылардың бірі Бақытжан Ырысымбетов.

Жұмысты тоқтатып, ереуілдеп жатқандар өздері жұмыс істейтін қосалқы мердігер компания басшысының сөздеріне көңілдері толмайтындығын айтып отыр.

- Біз өзімізге жүктелген жұмыс көлемін дер кезінде орындай алмай қалдық. Бас мердігер компаниядан алған авансымыз таусылды. Біз қаржыға қол жеткізе алмадық. Өйткені, тапсырылған норманы орындаған жоқпыз. Сол себепті, дер кезінде жалақыны да төлей алмай отырмыз, - деді оңтүстік кореялық «Юранус Сиэн Ай» кәсіпорны филиалының директоры Квон Кен Гын мырза. Оның айтуынша, жұмысшылар жалақыларын тек қыркүйек айында алуы ықтимал.

ЖҰМЫСШЫЛАР МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫ СОТҚА БЕРСІН

Алматыдағы метро құрылысының бас мердігері болып табылатын «Алматыметроқұрылыс» акционерлік қоғамы басшыларының айтуынша, оңтүстік кореялық мердігер компанияға келісім-шарт бойынша екі жарым шақырымдық темір жолды төсеп шығу үшін 600
«Юранус Сиэн Ай» кәсіпорны филиалының директоры Квон Кен Гын. Алматы, 10 тамыз 2010 жыл.
миллион теңге бөлу ұйғарылған. Осыған байланысты мердігерге 120 миллион теңге аванс беріліп, наурыз айынан бері небәрі 23 миллион теңгенің жұмысы атқарылған екен.

- Кореялық компания бізге ақпанның аяғында келді. Олар Райымбек пен Жібек жолы стансаларының арасындағы темір жолды биылғы жылдың қыркүйегіне дейін салып бітуі тиіс. Олар жол құрылысына қажетті материалдарды бізден алатындықтан бізге тағы 114 миллион теңге қарыз болып қалды. Шамасы компания қаржыны дұрыс жұмсай алмаған, - дейді «Алматыметроқұрылыс» компаниясының техникалық директоры Тахир Календарев.

Бүгінгі күнге дейін оңтүстік кореялық компания екі жарым шақырымдық жолдың бір жарым шақырымын аяқтаған.

- Егер қосалқы мердігер компания өз міндетіне алған құрылыс жұмысын айтылған мерзімінде орындай алмаса айыппұл саламыз, ал жұмысшылар, оңтүстік кореялық компанияны сотқа беріп, еңбекақыларын өндіріп алсын, - дейді бас мердігер компанияның өкілі. Ал ол.

КЕЛЕСІ ШАРА - АШТЫҚ ЖАРИЯЛАУ

Ал жұмысшылар болса қарызға батқан оңтүстік кореялық компанияның филиалы жалғыз күнде ізім-ғайым жоғалып кетіп, еңбекақыдан
Кәсіпорын аумағына кірер кезде жұмысшылардың алдын күзетшілер кес-кестеді. Алматы, 10 тамыз 2010 жыл.
мүлде көз жазып қаламыз ба деп қауіптенеді.

- Әркім өз пайдаларын ғана ойлап бізді елеусіз қалдырып отыр. Бас мердігер компания «сотқа беріңдер» десе, ал кореялық мердігер «қайтсеңдер де өздерің біліңдер» дейді. Екі ортада біз зар илеп қалатын болдық, - дейді метро жұмысшысы Данияр Бейсенбеков.

Жұмысшылар енді талаптары орындалмаса аштық жариялайтындарын айтып отыр.

Жиырма жылдан бері салынып жатқан Алматы метросының құрылысы қаржы жетіспеушілігінен бірнеше мәрте тоқтап қалған еді. Қазақстан үкіметі бюджеттен қаражатты дер кезінде бөлсе, метроның алғашқы желісі келер жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG