Accessibility links

Алтынбек Сәрсенбайұлының өлтірілуі. «Өкіл қайын ата» кітабының негізгі өзегі


Қастандықпен өлтірілген оппозициялық саясаткер А.Сәрсенбайұлы, оның көмекшілері В.Журавлев пен Б.Байбосынның өлі денелері 2006 жылдың 13 ақпанында Алматы маңындағы Көктөбенің іргесінен табылды. Рахат Әлиевтің «Өкіл қайын ата» кітабындағы сурет.

Қастандықпен өлтірілген оппозициялық саясаткер А.Сәрсенбайұлы, оның көмекшілері В.Журавлев пен Б.Байбосынның өлі денелері 2006 жылдың 13 ақпанында Алматы маңындағы Көктөбенің іргесінен табылды. Рахат Әлиевтің «Өкіл қайын ата» кітабындағы сурет.

Рахат Әлиевтің «Өкіл қайын ата» кітабының 25-ші тарауы белгілі оппозиция қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының өлтірілуіне арналған. Бірақ, бұл кісінің қазасына қатысты Әлиевтің өзінен күдіктенетіндер де бар. Оппозицияның бір бөлігі осы міндетті атқаруда.

АЛТЫНБЕК СӘРСЕНБАЙҰЛЫН ҚАЛАЙ ӨЛТІРГЕН?

«Өкіл қайын ата» кітабының бұл тарауы тұтас кітапқа жүк болғандай. Онда қажетсіз деп табылған отандастардың көзін құртудың жай-жапсары бүге-шігесіне дейін келтірілген. Адамды құрту туралы бұл баяндау бір кездері дәл сол машинерияны көзімен көріп, қорғаған, құрған және одан әрі дамытқан кісінің сөзімен жазылған.

ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Рахат Әлиев қазіргі заманда Қазақстанда жендеттік құралдың қалай жұмыс істейтінін жасырын тетіктері мен ұңғыл-шұңғылына дейін біледі. Әлиев ондай ойыннан шығып, жүйеден кету туралы шешімге қалай келгенін айтудан жалыққан емес. Әлиевтің сөзіне қарағанда, 2006 жылдың ақпан айында болған оқиға оған өткенінен үзілді-кесілді қол үзуге көмектескен.

Алтынбек Сәрсенбайұлын ақтық сапарға шығарып салу. Алматы, 15 ақпан 2006 ж.
«Өкіл қайын ата» кітабының 25-ші тарауында Рахат Әлиев мемлекеттің басты басшыларын ең белсенді қазақстандық оппозиционерді өлтіруді ұйымдастырғаны үшін ғана айыптамайды. Рахат Әлиев осынау кісі өліміне байланысты ең жауапты адам ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың өзін бөле-жара көрсетіп қана қоймайды. Ол одан да тереңірек сөз қозғайды. Ол өзін осы қылмыстың тікелей куәгері ретінде атайды.

Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның көмекшілерін ұрлауды сипаттаған жері сол жылы жазда сотта нақтыланған ресми нұсқамен сай келеді. Алайда тұтқындарды бір мырзаның үйіне алып келген сәттен бастап Әлиевтің сипаттауындағы оқиға Астананың нұсқасынан мүлде бөлек өрбиді. Өлтірмек болып қорқытып, билікке қайтып келуді талап етеді. Алтынбек оған көнбейді, осының барлығын баспасөзге айтып беремін деп қорқытады.

Батырлар кейде аңғал болады. Рахат Әлиевтің жазған нұсқасы бойынша, дұшпандары ымыраға келмеген Алтынбекті, алдында қорқытқанындай, өлімге кесті. Иә, ұрлауды ұйымдастырған отставкадағы полиция офицері Ибрагимов. Бірақ қалай болғанда да атқан ол емес. Осылардың барлығы жайында атышулы «Өкіл қайын ата» кітабында жазылған. Расында, Әлиев әлденені жасырып отырғандай, барлық негізгі детальдарды айтпағандай әсер қалдырады. Сондықтан да, біз аутордың нұсқасын толықтай шындық деп қабылдаудан сақтанамыз. Әлиев өзінің саяси ойындарын өзі ойнай берсін. Біз үшін елге өте танымал Алтынбектің өлімінің құпиясының ашылуын қоғамның қалай қабылдағаны маңыздырақ.

Василий Журавлев, кісі қолынан қаза боларынан бір жылдай бұрын. Алматы.
Нұрсұлтан Назарбаев Австрияның аумағында парламент сенатының спикері, қосымша жұмысы бойынша көптен бері арнаулы қызметтердің кураторы Нұртай Әбіқаевқа оппозиция жетекшісі Алтынбек Сәрсенбайұлын ақырғы рет тәртіпке салу туралы тапсырма бергенде, президенттің бұрынғы күйеу баласы өзінің тікелей сол жерде болғанын сипаттап жазады.

Бір күннен соң, деп жазады Әлиев, спикер төменге, қол астындағы екі адамға бұйрық түсіреді. Олар операцияны іс жүзіне асыруға даярлайды. Бұдан арғысы техниканың ісі еді. 2006 жылдың 13 ақпанында Алтынбек Сәрсенбайұлы және оның көмекшілері Василий Журавлев пен Бауыржан Байбосынның өлі денелері Алматы облысындағы Көктөбе ауылының маңынан табылады.

Тергеу жүргізілді, сот болды. Рахат Әлиев бұның барлығын кісі өлімінің басты ұйымдастырушыларынан күдікті бұрып жіберу үшін жоспарланған ойын деп сипаттайды. Әлиевтің басына бұлт үйіріліп, ол елден қашып кетпегенде, ресми түрде халық жауы деп
Алтынбек Сәрсенбайұлы және Бауыржан Байбосын (сол жақта). Алматы, 2005 ж.
жарияланбағанда, кісі өлтіру туралы іс өлгендермен бірге көмілуі мүмкін еді.

Оппозиция алғашқы қадамдардан-ақ кінәлілерді «таңдауға» байланысты күмәндарын білдіргенімен, мемлекет өз шаруасын жасады. Бұл державалық монолитті енді ешкім бұза алмастай көрінген.

Ең жақын адамы, өз ішінен шыққан, қасында жүрген (оның үстіне отбасы мүшесі, жақын туысқан), дәл соның өзі осы бір мызғымас қағиданы бұзады деп ешкім күткен жоқ еді. Ең сорақысы, ол өзін қылмыстың куәгері ретінде атайды.

АЛТЫНБЕКТІҢ АҒАСЫ РАХАТТЫҢ НҰСҚАСЫН ҚАБЫЛДАМАЙДЫ


Дәл осы Әлиевтің кітабы Алтынбек Сәрсенбайұлының туыстары мен оның саяси серіктеріне ел басшылығынан аталған кісі өлімдері бойынша жаңа тергеуді бастауды талап етуге негіз болды. Олар да кісі өлімінің басты тапсырыс берушілері бостандықта жүр және тапсырыстың төркіні мемлекеттік машинаның ең жоғарғы жағынан шыққан деп есептейді.

Рас, кейбір оппозиционерлер нақты ешкімнің атын атамайды. Бірақ, дәл осы жерде олардың барлығы бір кісідей бұл қылмысқа, кісі өлтіруге қатысушылардың бірі ретінде Рахат Әлиевтің өзінен күдіктенеді. Алтынбектің жанына жақын жүретін серіктері Рахат – нашар жігіт, ар-абыройдан жұрдай, сондықтан оның бір сөзіне де сенбейміз дейді. Және бұл сөзді айтып келе жатқанына бірнеше жыл болды.

Болат Әбілов, «Азат» партиясының төрағасы. Алматы, 2 маусым 2009 ж.
Алтынбек Сәрсенбайұлының серіктері және ең алдымен «Азат» партиясының жетекшісі Болат Әбілов бұл кісі өліміне Рахат Әлиевтің қатысы болуы мүмкін екендігі жөнінде талай мәрте жария түрде мәлімдеме жасады. Өз күдіктерін олар биылғы маусым айында Алматыда өткен баспасөз-мәслихатында да айтты. Бұл баспасөз-мәслихатында олар билікті Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісінің өлтірілуіне байланысты қосымша тергеу жасауға шақырды.

Әзірге бұл күдіктің дәлелі анық байқалмайды. Бұл кісі өліміне Рахат Әлиевтің қатыстылығы туралы күдік оппозиционерлердің болжамы бойынша құрылған. Олар, Алтынбек Сәрсенбайұлы 2001 жылғы бүліктің ашылуына бастамашы болған адамдардың бірі болғандықтан, Рахат Әлиев оған тісін басып жүрген деп есептейді.

Билік таратқан нұсқаға сәйкес, қастандыққа Рахат Әлиев пен оның әйелі (енді бұрынғы) Дариға Назарбаева қатысқан. Мақсаттары – Назарбаевты құлатып, билікті тартып алу. Мұндай күдікті баспасөз-мәслихатында, өлтірілген оппозиция жетекшісінің ағасы, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы да айтты.

Нәтижесінде біртүрлі түсініксіз жағдай қалыптасты. Оппозицияның бір бөлігі Рахат Әлиевті жаппай құбыжыққа айналдыру бағдарламасында билікпен ынтымақтас болып отыр.

Егер мемлекеттік машинаның қолында Рахат Әлиевтің бұл кісі өліміне қатыстылығы туралы бұлтартпас айғақтар болса, онда олардың бұны пайдаланбауы мүмкін емес.

Осыдан бірнеше ай бұрын Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне Рахат Әлиевтің қатысы жоқ деген Ішкі істер министрлігінің тергеушісі Гаши Машанлоның жария мәлімдемесі нағыз жарылған бомбадай жаңалық болды.

Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарында Рахат Әлиевті жағымды қырынан көрсету ұмыт болған кезде полковник Гаши Машанло шындықты айтып салды. Мүмкін, осы үшін зардап шеккен де болар.

Тепе-теңдік үшін айта кетейік, Рахат Әлиевтің өзі де оппозицияның кейбір жетекшілері мен белсенділерін, атап айтқанда, дәл сол Болат
Рысбек Сәрсенбайұлы інісі Алтынбектің зиратының басында баспасөз өкіліне сұхбат беріп тұр. Алматы, 11 ақпан 2009 ж.
Әбіловтың өзін билікпен құпия ымыраласқан деп күдіктенеді. Рахат Әлиев жариялаған компроматтардағы аудиофайлдарда «Жас Алаш» газеті де жайсыз жағынан көрсетілген. Ол басылым Рысбек Сәрсенбайұлының басшылығымен билікке, Ақордаға жұмыс істейді-міс. Бірақ, бұл да басқа көздерден алынған дәлелдері жоқ аудиофайлдар. Билік оны жасанды деп жариялады.

Оппозиция Рахат Әлиевтің атын билік бұл істі қайта қарасын деген оймен пайдаланып отырған болуы да мүмкін. Еуропаның бір мемлекетінің қорғауында отырған Әлиевке қарағанда, Қазақстандағы оппозиционерлер Алтынбек Сәрсенбайұлының өлімінің бастамашысы деп есептейтін ел басшыларын айыптай алмайды.

Тек, оппозиционерлер Рахат Әлиевті қылмысқа қатысы бар деп айыптай отырып онымен қалай ынтымақтасуы мүмкін екендігі түсініксіз. Бұл тергеуді кім қалай елестетеді? Ол қай жерде болады? Болат Әбілов әлдебір Халықаралық криминалистік институт туралы айтады.

Өлтірілген оппозиционердің ағасы Рысбек Сәрсенбайұлы жаңа тергеуге Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі бастамашы болуы керек деп есептейді. Бұл жерде Рысбек бұған ешқандай сенімінің жоқ екенін айтады. Рысбектің айтуынша, Рахат онымен байланысқа түскісі келмейді. Дәлел-құжаттарды оның қолына бермейді.

Рахаттың айтуынша, қылмыс Австрияның аумағында басталған. Сондықтан, тергеу осы жерде басталуы керек. Тек ол үшін Алтынбек пен оның көмекшілерінің туыстары бастама білдіруі керек дейді ол. Алдымен Аустрияның сотына берсін, сонда ғана дәлелдерді беремін дейді.

Мәселе осы жерде тығырыққа тіреледі. Василий Журавлевтің әйелі ол өлтірілгеннен соң көп ұзамай қайғыдан көз жұмды. Бауыржан Байбосынның туыстарынан болмашы ғана азаматтық белсенділікті оның қарындасы ғана танытып отыр. Ал Алтынбектің туыстары, анығырақ айтқанда, оның етжақыны Рысбек Рахат Әлиевтің өзіне сенбейді.

РАХАТПЕН АШЫҚ АЙҚАСҚА ЕШКІМ ШЫҚҚАН ЖОҚ

Саясаткердің өлтірілуі – елдің ішкі тарихының бір бөлігі. Қазақстан қоғамына бұл оқиғаны салмақтап, ой елегінен өткізуге тура келеді.

«Өкіл қайын ата» кітабы бұл процеске түрткі болды. Алтынбек Сәрсенбайұлына жасағандары саяси жазаның әлемдік тәжірибесінде қорқыту акциясының санатына жатады. Өзінің «Өкіл қайын ата» атты кітабында Рахат Әлиев осындай байлам жасап отыр.

Алтынбек Сәрсенбайұлымен қоштасу рәсімі. Алматы, 15 ақпан 2006 ж.
Әлиевтің өзі де, оның айтуына қарағанда, егер арнаулы қызметтің қолына ілінер болса, осылай жазаланбақ. Оған қатысты жасаған әрекеттері мүлт кете берген соң билік енді аңысын аңдуға көшкендей.

Міне, бірнеше айдан бері «Өкіл қайын ата» кітабы Қазақстандағы механизмі барынша мықты да тұрақты автократияны шайқалтқысы келіп тырысуда. Президент Назарбаев өз билігінің жиырма жылдығы қарсаңында осындай ерекше сыйлық алды.

Әлиевтің кітабында елдегі түрлі деңгейдегі басшылардың аты-жөндері өріп жүр. Және олардың барлығына жуығы соншалықты жағымды қырынан көрсетілмеген. Ең болмаса солардың біреуі шыдай алмай, жаңадан пайда болған жазушымен ашық айқасқа шығатын мезгіл жеткендей.

Кітапқа аты шыққандар соншалықты кедей адамдар емес. Батыс демократиясының апанында Рахат Әлиевті сотқа тартып «үнін өшіріп»
Алтынбек Сәрсенбайұлымен қоштасуға жиналғандар. Алматы, 15 ақпан 2006 ж.
тастау үшін миллиардтаған долларды жинай алар еді. Оның әр айтқан сөзі үшін. Әр айыптауы үшін. Қазақстандағы барлық ресми мифтер мен аңыздарды қорлағаны үшін.

Бірақ бұндай еш қимыл болып жатқан жоқ. Кітапқа байланысты алғашқы реакция – Бас прокуратураның қорбаңдаған қозғалысы болды. Бірақ олардың да аптығы тез басылды. Енді барлығы ауыздарына құм толтырып алғандай үндемей қалды.

Бірақ, жүйе әлсіздігімен, қорқақтығымен емес, жасырын, керемет динамикасымен өмір сүруге бейім. Тоқтап қалу, демалу деген болмайды. Машинерия жаңа сапаға жеткенше шаршамай, талмай жұмыс істей береді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG