Accessibility links

Жаңаөзенде жұмысшылар кәсіподағы жетекшісін көлік қағып кетті


 Совет Төкенов, «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы қарамағындағы мұнай ұңғымаларына қызмет көрсету- 2 (УОС-2) мекемесі кәсіподағының төрағасы
Совет Төкенов, «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы қарамағындағы мұнай ұңғымаларына қызмет көрсету- 2 (УОС-2) мекемесі кәсіподағының төрағасы

Жексенбі күні түнде Жаңаөзендегі мұнайшылар кәсіподағы жетекшілерінің бірі Совет Төкеновті белгісіз көлік қағып кетті. Жұмысшылар мұны ереуілден кейін өздеріне жасалып жатқан кезекті ескерту деп санайды.


Оператор Естай Қарашаевтың айтуынша, оқиға қазанның 31-іне қараған түні сағат 23 пен 24 арасында болған. Жаңаөзендегі «Батша сарайы» мейрамханасынан тойдан шығып келе жатқан «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы қарамағындағы мұнай ұңғымаларына қызмет көрсетуші УОС-2 мекемесі кәсіподағының төрағасы Совет Төкеновті белгісіз машина қағып кетіп, ізін жасырған. Жарақат алған кәсіподақ жетекшісі Жаңаөзендегі қалалық ауруханаға жеткізілген.


«БҰЛ – ЖҰМЫСШЫЛАРҒА ЕСКЕРТУ»

– Бірнеше жігіт зембілге салып рентгенге түсіруге жәрдемдестік. Советтің басынан сау жер жоқ, таңғышпен орап қойыпты. Бірақ есін біледі екен, – деп хабарлады Азаттық тілшісіне Естай Қарашаев.

Ол Совет Төкеновті арақ пен темекіден аулақ адам ретінде сипаттайды. «Түнде естіп, ауруханаға барғанымызда одан ешқандай да ішімдік иісі сезілмеді» деді оператор жігіт.
Совет Токеновты осы "Батша сарай" меймаханасынан тойдан шыққан кезінде белгііз біреу машинмен қағып кеткен. Жаңаөзен қаласы

Жұмысшылар бұны осыған дейін бірнеше рет наразылық акцияларын өткізгендер арасында үрей тудыру мақсатымен жасалып отырған әрекетке балайды.

– Бұған дейін біраз белсенділерді ұрып-соғып кеткен жайттар болған еді. Одан соң күні кеше Таған Қощановты есірткімен ұсталды деп үйқамаққа отырғызды. Енді тағы біреуін көлікпен қағып ескерту жасап отыр, – деді аты-жөнін айтқысы келмеген жұмысшылардың бірі телефон арқылы Азаттық тілшісіне.

46 жастағы Совет Төкенов биыл наурызда Жаңаөзенде болған мұнайшылар ереуіліне қатысқан белсенділердің бірі. Одан бір жыл бұрын, 2009 жылы сәуір айында, кәсіпорын басшысы тарапынан қысым көрсетілді деп санап, өздерін заңсыз жұмыстан босатқандары үшін наразылық ретінде аштық жариялағандардың қатарында Совет Төкенов те болды. Сол акцияға онымен бірге қатысқан Таған Қощанов қазір үйқамақта отыр.

Ал сол жолы көліктерінде аштық жариялап отырған жұмысшылар өздері отырған көлік кабинасына газ жібергенін айтып, жергілікті құқық органдары өкілдерінің үстінен сотқа шағым түсіргені туралы Азаттық радиосы хабарлаған болатын.


ДӘРІГЕРЛЕР МЕН ЖОЛ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ЖАУАБЫ

Жұмысшылардан Совет Төкеновтің қазір Жаңаөзен қалалық аурханасының травматологиялық бөлімінде жатқанын естіген Азаттық тілшісі жарақат алған кәсіподақ жетекшісінің денсаулық жағдайын білмек болып дүйсенбі күні сол ауруханаға телефон шалған еді.
«Совет Төкенов ішімдік ішкен бе?» деген тілші сауалына алдымен «Жоқ» деген жол полициясы қызметкері артынша ол сөзінен айнып, «иә, спирттік ішімдік ішкені анықталған» деп жауап берді.

Бірақ, Жаңаөзен қалалық ауруханасы травматология бөлімінің дәрігері Марат Мекебаев Азаттық тілшісіне: «ондай адам жоқ» деп қысқа қайырып, телефон тұтқасын тастай салды.

Ал Жаңаөзен қалалық жол полициясы бөліміндегілер жексенбі күні түнде болған оқиғаны растады.

– Иә, Совет Төкеновті тойдан шыққанда қағып кеткен. Көргендердің айтуынша, алматылық нөмірі бар BMW маркалы машина. Қазір іздестіріп жатырмыз, – деді аты-жөнін айтпаған полиция қызметкері Азаттық тілшісіне телефон арқылы.

«Совет Төкенов ішімдік ішкен бе?» деген тілші сауалына алдымен «Жоқ» деген жол полициясы қызметкері артынша ол сөзінен айнып, «иә, спирттік ішімдік ішкені анықталған» деп жауап берді.
XS
SM
MD
LG