Accessibility links

Аштық акциясы әкімшілік жазамен аяқталды


Балалары айыпталған аналар полиция мекемесінде. Aтырау, 29 маусым 2010 жыл.

Балалары айыпталған аналар полиция мекемесінде. Aтырау, 29 маусым 2010 жыл.

Атыраудағы құқық қорғау органдарының шешімдеріне наразылық білдіріп аштық жарияламақшы болған жеті әйелдің әрекеті сәтсіздікпен аяқталды. Оларды аштық акциясы басталмай жатып полиция қызметкерлері ұстап алып, облыстық әкімшілік сотына апарады. Алайда әкімшілік ескерту алған аналар шілденің аяғында Астанаға шағымдануға аттанатындарын айтады.



ӘЙЕЛДЕРМЕН АЙҚАС


Аштық жариялаушы әйелдер Айгүл Сүйеуова, Дина Есбосынова, Ләйлә Есенова, Саржан Есбосынова, Гүлнәр Пазылова, Майра Омарова, Жұлдызай Нарымова 29 маусым күні аштық акциясын бастап үлгермеді. «Жайырақ бастасақ полиция қудалап жүрер» деп ойлаған олар, таңғы 4-тен бастап Атырау облыстық әкімшілігі алдына палаткаларын құрмақ болады. Алайда таңғы сағат 3.30-да әкімшілік алдына келген аналар қарапайым киінген бір топ жігіттің серуен құрып жүргенін көріп таң қалыпты.

- Енді жиналып бір-бірімізбен сөйлесе бастағанымыз сол еді, сау етіп қаруланған полиция өкілдері пайда болды. Әлгі серуендеушілер
Аштық жариялаған аналар Дина Есбосынова, Саржан Есбосынова, Ләйлә Есенова, Гүлжан Бижанова, Гүлнәр Пазылова, Айгүл Сүйеуова, Күлән Тілекешова. Атырау, 29 маусым 2010 жыл.
де бізді қоршап алды. Қолдарымызды артымызға қайырып, айқайлағанымызға қарамай "Газель" көлігіне қойша тоғыта бастады,- деп баяндады әйелдер Азаттық тілшісмен болған кездесуде.

Балаларын қорғауға талпынған аналардың аштық акциясын көзбен көруге барған Азаттық тілшісін де қару асынған полиция қызметкерлері бөгеді. Олар тілшінің наразылық акциясына қатысушылармен сөйлесуіне кедергі жасап, суретке түсіруге бөгет жасамақ болды. Ал қарусыз тұрғын полиция қызметкерлерінің бірі қолындағы фуражкасымен объективті жабуға ұмтылды.

Бұл кезде уақыт таңғы 5.30 еді. Көп кешікпей «бүлікшілдермен» сөйлесуге келген қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы Амантай Айжігітов көрінді. Ол тілшімен тілдесуге құлықсыздық танытты. Бұл турасында Атырау облыстық ІІД баспасөз жетекшісі Гүлнәзира Мұхтароваға телефон соққанымызбен ешқандай жауап ала алмадық.

Сағат 11 шамасында аштық жарияламақ болғандарды әкімшілік сотына жазалауға алып кеткені белгілі болды. Мұндағылар да ішкі істер бөлімімен келісіп қойғандай, есіктерін тарс бекітіп, БАҚ өкілдерін ішке кіргізбеуге тырысты. Артынан облыстық әкімішілік сотының төрағасы Ізім Жұмабек есікті ашқызғанымен, сот өкілдері наразылық акциясына қатысушылармен сөйлесуге ұмтылған Азаттық тілшісінің қолындағы аппараттарын тартып алуға әрекет жасап, сот ғимаратынан сүйрелеп сыртқа шығарды. Біздер әйелдермен кездесуді сыртта күтуге мәжбүр болдық.

Тек түскі сағат 13-терде ғана әкімшілік соттың судьялары Самал Әбуғалиева мен Ринат Алдамжаров аштық жариялаған жетеуге бұрын әкімшілік жазаға тартылмағаны ескеріліп, жай ғана ескерту берілетінін жария етті. Соттар мен қалалық прокурор көмекшісі Бахтияр Тоғызбаев оларға «егер бұл әрекет тағы қайталанса, не 15 күнге қамалатындарын, не 1-ден 50 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл тартатындарын» хабарлады.

Аз уақыттан соң сыртқа әділдік іздеген әйелдер тобы да шықты. Олар өздерін ҚІІБ қызметкерлерінің «ұйымдастырушы кім» деп жауапқа алғанын айтады. «Бізді арнайы ұйымдастырып отырған ешкім жоқ. Балаларымыз үшін шықтық» деп түсіндіреді өздерінің әрекеттерін ашынған аналар.

АШТЫҚҚА РҰҚСАТ СҰРАҒАН

Наразылық білдірушілердің айтуынша аштық акциясы туралы арызды олар маусымның 17-сі күні облыстық прокуратураға апарып тапсырған. Бірақ акция басталған күнге дейін құқық қорғау органдары тарапынан ешқандай жауап болмапты.

- Бізді митингке шықты деп айыптап отыр. Бірақ біз ол туралы алдын ала прокуратураға арызданған жоқпыз ба? Бізге ешкім
Аштық жариялаған аналар Айгүл Сүйеуова мен Ләйлә Есенова. Атырау, 29 маусым 2010 жыл.
«сендердің әрекеттерің заңсыз болады, оның басқа жолдарын қарастырайық немесе талаптарыңызды талқылайық» деген ұсыныс айтқан жоқ, - дейді Саржан Есбосынова.

Аштық жариялағандардың бірі Гүлнәр Пазылованың айтуынша тек 28 маусым күні кешке қарай белгісіз біреулер қоңырау шалып, Атырау облыстық ІІД бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Бауыржан Рахметовке бару керектігін айтқан.

- Бірақ бұл кезде кешкі сағат 18 шамасы еді. Мен Құлсарыдан ертеңгі акцияға дайындалу үшін Атырауға келген едім. Сонда бізге Рахметовке жолығыуымыз керектігі ертерек неге айтылмаған? Бәлкім, біздерді жазаға тарту үшін әдейі жасалған болар-дейді ол.

Әйелдер сот залынан шыққанда оларға Құлсарыдан таң ала кеуімде басталған аштық акциясына жетіп үлгермеген Гүлжан Бижанова мен Күлән Тілекешова келіп қосылды. Олар өздерінің жол алыстығынан үлгермегендері болмаса, бұл акциядан бас тартпағандарын айтады.

Кейінен Азаттық тілшісіне телефон шалған облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев әлгі журналистерге дөрекілік пен әлімжеттік көрсеткен сот қызметкерлеріне шара қолданылатынын мәлімдеді.

АНАЛАР ШЕРУІ АСТАНАДА ЖАЛҒАСПАҚ

Бұған дейін құлсарылық және атыраулық бір топ әйел сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының балаларына қатысты шешіміне наразылық танытып маусымның 16 -сы күні облыстық сот ғимараты алдына пикетке шыққан болатын. Олар БАҚ өкілдеріне жауапқа тартылып жатқан балаларының құқық қорғау органдары тарапынан қысымға ұшырап жатқандығын жария еткен еді.

Бұл әйелдердің әрқайсысының өз мұңы бар. Біреуі тергеуге алынған ұлына қатысты айғақтардың зерттелмей отырғанына шағымданса, енді бірі - «жазықсық сотталды» деген аналар шағымдарын көріп, өз баласына қатысты жүріп жатқан соттың әділдігіне күдіктеніп келгендер. Мәселен, Күлән Тілекешова ұлының 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылғанын және жәбірленуші жақтың пайдасына 700 000 теңге моральдық зиян өндіруге үкім шығарылғанын айтады.

- Сот үкімі әуелде күдікті ретінде жауапқа тартылып, кейінен бүркеншік куәға айналған адамның қарама-қайшылыққа толы жауаптарына негізделді.Адвокат Т.Боранбаевтың аппеляциялық шағымына қарамастан, соттың шешімі өзгеріссіз қалып отыр, - дейді ол.

Әділдік іздеген аналардың айтуынша әкімішілік сот жазасы мен полиция қызметкерлірі көрсеткен құқайға қарамастан алған беттерінен қайтпақ емес. Олар шілденің аяғында Астанаға жол тартатындарын жариялап отыр.

- Біз бәріміз - Құлсарыданбыз. Ең көп кісі өлімі болатын да осы аудан әрі оның барлығына бір бүркеншік куә деген тартылып, жас балалар жазықсыз сотталуда. Көзіміздің жеткені Жылыой аудандық құқық қорғау органдары тек әлсіздерді ғана алқымнан алады. Мәселен, менің жалғыз балам 8 жылға кетті. Оған куә ретінде психдиспансерде есепте тұрған адам тартылып отыр. Мен өзім денсаулығым нашар, мүгедекпін. Қолымдағы қызымның да мүгедектігі бар. Ендігі аянарым жоқ, жалғыз ұлым ақталмай не нәрсге болса да даярмын,-деп мәлімдеді Гүлжан Бижанова Азаттық тілшісіне.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG