Accessibility links

Жұмысты тоқтатып, аштық жариялаған мұнайшыларды қолдайтындар көбейді


«Жайықмұнайгаз» компаниясының ондаған мұнайшысы аштық жариялап жатқан он жұмысшыға қолдау ретінде жұмысты тоқтатты. Аққыстау ауылы, Исатай ауданы, Атырау облысы. 3 шілде 2010 жыл.
«Жайықмұнайгаз» компаниясының ондаған мұнайшысы аштық жариялап жатқан он жұмысшыға қолдау ретінде жұмысты тоқтатты. Аққыстау ауылы, Исатай ауданы, Атырау облысы. 3 шілде 2010 жыл.

Атырауда еңбекақы төлеміне қатысты талаппен аштық жариялап жатқан «ЖайықМұнайГаз» мұнайшыларын қолдап, сенбі күні тағы ондаған адам жұмысқа шықпады. Кейбіреулері аштық жариялағандардың қатарына қосылмақ ниетте. «ҚазМұнайГаз» барлау-өндіру» акционерлік қоғамы әзірге олардың талаптарына жауап берген жоқ.


АШТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАНДАРДЫ ҚОЛДАУ

Сенбі күні таңертең Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау ауылында орналасқан «ЖайықМұнайГаз» басқармасы кеңсесінің алдына алты автобусқа тиеліп, осы компанияның ондаған жұмысшысы келді. Олар кешеден бері бұл жерде аштық жариялап жатқан он жұмысшыға қолдау ретінде, шілденің 3-і күні жұмысты тоқтатқандарын мәлімдеді.

Кеңсе алдында бес автокөлікте аштық жариялап жатқан он жұмысшының жақындары автокөліктерді полиция қызметкерлерінен
«ЖайықМұнайГаз» компаниясының он жұмысшысы еңбекақыға байланысты талаппен басқарма кеңсесінің алдында автокөліктерінде аштық жариялап жатыр. Аққыстау ауылы, Исатай ауданы, Атырау облысы. 3 шілде 2010 жыл.
қорғап тұрған болатын, полицейлер автокөліктің мемлекеттік нөмірлерін шешіп алуға әрекет жасаған еді.

«ЖайықМұнайГаз» басқармасы кеңсесінің алдына жиналып тұрғандарға келіп, оларды наразылық акциясын доғаруға көндірмек болған Исатай ауданы прокуроры Асланбек Жалалов пен аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Сембай Жапақовқа жұмысшылар өз талаптары орындалғанша тарамайтындарын айтты.

Олар құқық органдары қызметкерлері мен аудан әкімшілігінен наразылық білдіргендерді қудаламау туралы қолхат беруді талап етті.

– Жігіттердің талабы орындалмай оларды тастап кетпейміз. Тіпті Назарбаевтың өзі келсе де қорықпаймыз, – деді оператор Любовь Кузнецова.

БЕЙНЕТІ БАТПАН ЕҢБЕК

Осы жерде екінші күн аштық жариялап жатқан он кісі де алған бетінен қайтпауға бекініпті. Олар экологиясы нашар аймақта жұмыс істейтіндердің еңбегі әділ бағаланбай отырғанын айтады.

– Атыраудың экологиялық ахуалы баршаға аян. Соған қарамастан аймақтық коэффициентке келіп жармасады. Басқаны былай қойғанда, менің інімнің балалары іштен кеміс болып туса, ағам жүрегінің дертінен үйде жүре алмай жатыр, тағы бір ағам тамағынан
Аштық жариялап жатқандарға қолдау білдірген «ЖайықМұнайГаз» компаниясының жұмысшылары басқарма кеңсесінің алдында тұр. Аққыстау ауылы, Исатай ауданы, Атырау облысы. 3 шілде 2010 жыл.
ас өтпейтін ауру. Бұның бәрі экологияның салдары, әйтпесе олардың ешқайсысы да зейнеткерлікке жеткен жоқ. Алқымымыздан алып тұрған экологиялық жағдайға қарамай мұнайшылар еңбек етуде. Сондықтан талабымыз орындалмай аштығымызды тоқтатпаймыз, – деп мәлімдеді аштық жариялап отырған жүргізуші Меңдібай Қаражанов.

Мұнайшылармен сөйлесуге келген Исатай ауданы әкімінің орынбасары Мәди Өтеғалиевты ешкім тыңдамады. Шенеуніктің өзі Азаттық тілшісінің қойған сауалдарына ләм-мим деп аузын ашқан жоқ. Ауыл тұрғындары аудан әкімі Бақберген Қарабаевтың әлі келіп төбе көрсетпегеніне реніш білдірді.

«Астанада отырған «ҚазМұнайГаз» барлау-өндіру» компаниясының қызметкерлері мұнайшылардың ақшасы көп деп санаса, онда өздері біздің орнымызға келіп мұнай өндіріп көрсін, біз олардың «аз» ақшасына Астанаға баруға келісеміз», – деді ұзақ жылдар бойы осы салада еңбек етіп келе жатқан геолог Ақсұлу Айдарова.

Аштық жариялап жатқандарды қолдауға келген әйелдердің бірі кеніштердегі еңбек жағдайының мүлде нашарлығына шағымданды.

– Мұнайшылардың ешқайсысының денсаулығы жоқ, бірі белден, бірі жамбастан жүре алмайды. Вахталық демалыста барып қаралатын медпункттері де, амбулаториялары да жоқ. Ал оларға берілетін тағамдардың калориясы балабақшадағы бес жасар баланың ас мәзірімен бірдей, – деді өз аты-жөнін айтқысы келмеген әйел.

Ал жиналған адамдар ортасына шыққан жігіт өзін оператор Жәнібек Жүгінісов деп таныстырып, аштық жариялап жатқандардың қатарына ертеңнен бастап қосылатынын мәлімдеді.

Сенбі күні түстен кейін Азаттық тілшісімен байланысқан «ЖайықМұнайГаз» өндіру басқармасының мұнайшылары олармен сөйлесуге «ЕмбіМұнайГаз» өндірістік филиалы директоры Ізтұрған Баймұханов, Исатай ауданы әкімі Бақберген Қарабаев, Атырау облыстық прокуратура қызметкері Балтабай Халықов келгенін хабарлады. Бірақ аштық жариялағандар олармен тілдеспеген.

– Баймұханов біздің әрекетіміздің заңсыздығынан басқа, талаптарымыз туралы нақты ештеңе айта алмады. Ол тіпті біздің «аштық жариялағандардың өміріне қауіп төнсе кім жауап береді?» деген сауылымызға да жауап бере алмады, – дейді мұнайшылар.

Мұнайшылар жағдайына түсініктемені өз аузынан естімек болып «ЕмбіМұнайГаз» өндірістік филиалының директоры Ізтұрған Баймұхановтың қол телефонына қоңырау шалғанымызбен ол жауап қатпады.

ТАЛАП ХАТ

Шілденің 2-і күні мұнайшылар IMS байланысы арқылы Қазақстан Республикасының бас прокуроры Қайрат Мәми мен «ҚазМұнайГаз» барлау-өндіру» акционерлік қоғамы бас директоры Кенжебек Ибрашевке өз талаптарын жолдаған-ды. Хатта былай
«ЖайықМұнайГаз» компаниясының жұмысшылары еңбекақы төлеміне қатысты талаппен жұмысты тоқтатты. Аққыстау ауылы, Исатай ауданы, Атырау облысы. 3 шілде 2010 жыл.
деп жазылған:

«ҚазМұнайГаз» барлау-өндіру» акционерлік қоғамы ұсынған қосымша келісім шарттың күші жойылсын. Егер қосымша келісім шарт жасақталса, бұрынғыдай тарифтік жүйе деген ұғым қалсын; екі жүйемен жұмыс ақысын есептеу тоқтатылсын; 70 пайыз аудандық коэффициент кесімді еңбекақының (оклад) ішіне енгізілмей, бұрынғыдай тәртіппен есептелетін болсын; «ЕмбіМұнайГаз» өндірістік филиалы кәсіподақ төрағасын жұмысшылардың өздері сайлауға мүмкіншілік берілсін. «ҚазМұнайГаз» барлау-өндіру» акционерлік қоғамы басшылығы бұған кедергі жасамасын; Еңбекақы төлеу жүйесін жете түсіну үшін осы жүйеге байланысты барлық мәліметтер, құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жұмысшыларға берілсін; наразылық білдірген жұмысшыларға болашақта қысымшылық-қудалау болмайтындығына жазбаша кепілдік берілсін; қосымша келісім-шарттарын жұмысшыларға қысымшылықпен үгіттеп қол қойдыру тоқтатылсын және болашақта осындай қысымшылық-мәжбүрлеу болмасын».

Сонымен бірге мұнайшылар «ЕмбіМұнайГаз» өндірістік филиалы басқармасынын директоры Ізтұрған Баймұхановты жұмыстан босатуды талап етіп отыр.

Жұмысшылар бұл талаптары орындалмайынша наразылық акциясы тоқтамайтындығын ескертті.

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

«ҚазМұнайГаз» барлау-өндіру» акционерлік қоғамы баспасөз қызметінің менеджері Дәулет Жұмаділ ембіліктердің толқуына жаңа жүйенің игілігін түсінбегендіктен туындап отыр деген баға берді.

Ол аштық жариялап жатқандардың бас прокурор мен бас директорға жолдаған шағым-хаты туралы әлі естімепті.

– Бірақ ондағы талаптар орындалып отыр, «тарифтік жүйені» қалдырдық, ескі жүйемен алғысы келетіндерді жаңа жүйеге өтуге қыстамаймыз, наразылық білдіргендерге қысым көрсетілмейтінін айтқанбыз, енді не талап ететіндері түсініксіз. Ал мұнайшылардың Ізтұрған Баймұхановтың кетуі жайлы талаптары еңбек заңында қарастырылмаған, – деді ол шілденің 3-і күні Азаттық тілшісіне.

Дәулет Жұмаділ мұнайшыларға қосымша келісімнің мәнін түсіндіру жұмыстары ары қарай жалғаса беретінін айтты.

Атырау облысында осы аптада алдымен Мақат ауданындағы «ЕмбіМұнайГаз» өндірістік филиалы құрамындағы «ДоссорМұнайГаз» кәсіпорнына қарасты бірқатар кен орындарының жұмысшылары еңбекақыға қатысты талаптар көтеріп, ереуіл бастаған болатын.
XS
SM
MD
LG