Accessibility links

Ресейдегі, Қазақстандағы және Әзірбайжандағы авторитарлық капитализм Батысқа қыр көрсетеді


Екі егде әйел бетке жағатын опа жарнамасының жанынан өтіп бара жатыр. Мәскеу, 30 желтоқсан 2004 жыл
Екі егде әйел бетке жағатын опа жарнамасының жанынан өтіп бара жатыр. Мәскеу, 30 желтоқсан 2004 жыл

Постсоветтік және батыс елдеріндегі орта таптың жағдайы әртүрлі. Бұрынғы советтік елдерде «авторитарлық капитализм» орнығуда. «Азат Еуропа/Азаттық» радиосының жүргізген зерттеуінің нәтижесі осындай.


ОРТА ТАП ЖӘНЕ АЗАТТЫҚ

Еуразияның көптеген елдерінде орта таптың күйі әзірше әлсіз болып отыр. Өйткені, ол бөлшектеліп тасталған және ынтымықтасатын күні де әлі алыста.

Британдық «Экономист» журналының зерттеулерінде коммерцияның дамуымен орта таптың қалай болғанда да мүмкіндігі артып, ол өз қоғамында ауқымдырақ әлеуметтік қызмет атқара бастайтындығы атап өтілген.

Мәселе бұл қызметтің демократия мен азаттық идеясын қорғауда қаншалықты қолданыла алатындығында болып тұр. Бұған орта тап өз бетімен келе ме, әлде қалыптасу барысында жеген таяғы тұрақтылықты сақтап қалу үшін оны билікті қолдауға мәжбүрлей ме?

Қытайда, Үндістанда және бұрынғы Совет Одағының көптеген аймақтарында жаңа коммерциялық таптың пайда болып жатқаны айдан-анық. Ол жергілікті өлшем бойынша, тұрғын үй мен азық-түлік шығындарын алып тастағанда, табысының үштен бір бөлігін өз қалауынша жұмсай алатын адамдардан тұрады.

Мәскеудегі гольф-клуб. 8 тамыз 2005 жыл
Мұндай жаңа коммерциялық таптың пайда болуы негізінен, экономикалары экспортқа шығарылатын энергетикалық шикізаттар бағасының күрт өсуі мен құлдырауына орай тербеліп тұратын Ресей мен Қазақстанда байқалады.

Зерттеулерге сәйкес, бұл елдердегі жаңа буржуазияның өсетінінен ұміттенуге негіз бар. Міне, сондықтан да, қоғамның осы жаңа тобының даму жолдарының мүмкіндігін сараптау өте маңызды. Олар Батыстағы орта таптың тарихи тұрғыда өз мойнына алған құндылықтарын қорғай алады ма?

ОЛАР АДАМДАРҒА РИЯСЫЗ ҚЫЗМЕТ ЕТПЕЙДІ

Бұл сұрақ ондаған жылдар бойы коммунизм үстемдік құрған мемлекеттерге көбірек қатысты. Аймақтағы көптеген бақылаушылар олардың жаңа коммерциялық табына Батыстағы орта таптың сипаты тән емес екенін атады. Ол – альтруизмнің сипаты. (альтруизм- адамдарға риясыз қызмет ету, олар үшін өзінің жеке мүдделерін құрбан етушілік)

Батыста орта таптың альтруизмі, мұқтаж адамдарға көмек көрсету үшін қайырымдылық қорларын құрудан бастап, қоршаған ортаны қорғау үшін жасылдар партиясын жасақтауға дейінгі көптеген азаматтық шаралардың тұғыры болып табылады.

Дамушы әлемде өте кедейлер мен асқан байлардың ортасында тұрған жаңа коммерциялық таптың өкілдері ең алдымен өздерінің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен әлек.

Постсоветтік елдердегі қазіргі үдеріс мынадай, кез-келген филантроптық немесе әлеуметтік қызмет жеке тұлғалардың ынтасымен жасалмай, оны мемлекетке арта салғанды жөн көреді.
.
ЖАҢА ФИЛОСОФИЯ

Бұл, әсіресе, аймақтағы барлық жаңа сәннің заңнамашысы – Ресейде анық байқалады. 1996 жылы коммунистік режим құлағаннан кейінгі бес жылдан соң үкіметтік емес қайырымдылық ұйымдар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті.

"Перзент" жекеменшік қайырымдылық қорының тәрбиеленушілері. Алматы, 24 қыркүйек 2008 жыл
Бірақ, олардың көпшілігі Владимир Путин билікке келген соң жабылып қалды. Кремль Батыспен байланысы бар үкіметтік емес ұйымдарға күдікпен қарап, олардың үстінен мемлекеттік бақылау күшейе түсті.

Ресейде «путинизм» деген атқа ие болған Путин командасының философиясы мынадай қисынды қорғады. Оған сәйкес, Ресей өз азаматтарын қамқорлыққа алуға қабілеті барынша күшті мемлекет. Осыған байланысты, елге «уайым басқан азаматтардың» ешқандай қажеттілігі де жоқ және оларға орын да жоқ.

Бұл философияның нәтижесінде ресейлік бюрократия советтік өлшемге дейін өсіп кетті. Ресей Мемлекеттік думасының төрағасы Борис Грызлов билеуші партияның съезінде, соңғы сегіз жылда бюрократияның жылына 100 мың адамға өсіп отырғанын ашық мойындады.

Борис Грызловтың айтуынша, бюрократтар бұрынғы СССР-ға қарағанда, қазіргі Ресейде көбірек. Және бұл билік вертикалін құрып, бюрократтық иерархияны нығайтудың табиғи нәтижесі.

АВТОРИТАРЛЫҚ КАПИТАЛИЗМ

Бірақ бұл процесс әлдебір ауытқушылық ретінде қарастырылмайды. Ол, нарықтық экономиканың жергілікті концепциясының көрінісі ретінде, «авторитарлық капитализм» деген ат алған көптеген постсоветтік жүйелерге тән.

Осы жаңадан пайда болған схемаға сәйкес, мемлекет негізгі экономикалық ресурстар мен әлеуметтік қызметтерге монополиясын сақтайды.

Сайлауға тек билікке қарсы шықпайтын партиялар ғана жіберіледі. Азаматтарға негізгі назарды саясатқа емес, коммерцияға аударыңдар
Тұрғын-үй дағдарысынан зардап шеккен үлескерлердің наразылық шарасы. Алматы, 11 наурыз 2009 жыл
деп кеңес береді. Мұндай концепцияны жақтаушылар, жүйе әлеуметтік тұрақтылыққа кепілдік береді және экономикалық дамуға мүмкіндік туғызатынын мәлімдейді.

Мұндай дәлелдерге адамдардың көпшілігінің сенетінін мойындау керек. Әсіресе, мұндай дәлелдердің таяуда орын алған жаһандық экономикалық дағдарыс кезінде әсері болды.

Авторитарлық капитализмнің тартымды болғандығы соншама, қазір кейбір тарихшылар бұдан демократия мен нарықтық экономиканың батыстық идеяларына қарсылықты байқап отыр.

Британдық жазушы Тимоти Гартон Эш бұған байланысты мынаны айтады:«1989 жылдан бері бірінші рет демократиялық капитализмге өте маңызды бәсекелес пайда болды және бұл – ресейлік немесе қытайлық нұсқадағы авторитарлық капитализм. Оларды Батыс қолдап отырған жоқ. Бірақ, дамушы елдердегі көптеген адамдар олар десе аузын ашып, көзін жұмады. Жиырма жылдан бері бірінші рет бізге қарсы елеулі қарсылас пайда болды».

Алайда, дәл осы дамушы әлемде, қалай болғанда да, демократиялық капитализмді артық көретін көптеген адамдар бар. Және олар оған және сол үшін жұмыс істеуге даяр. Олар өз үміттерін орта таптың классикалық құндылықтары үшін үлкен кеңістік құрылатынымен байланыстырады және басқаларының да ең ақырында осы құндылықтарды сақтап қалуға қосылатынына сенімді.

Орта таптың күшімен қол жеткен, әлеуметтік демократияға негізделген, Батыстағы гүлденіп отырған мемлекеттерді - демократиялық капитализмнің даусыз артықшылығының мысалы ретінде атауға болады.
XS
SM
MD
LG