Accessibility links

Азаттық радиосы үздік деп танылды


19-ші қараша күні Азаттық радиосы Қазақстанның ұлттық интернет жүлдесімен марапатталды. “AWARD.kz 2008” сыйлығы Азаттық радиосына мемлекеттік тілдегі ең үздік вебсайты үшін берілді. Сонымен қатар Азаттық радиосы байқаудағы Бұқаралық ақпарат құралы номинациясы бойынша бірінші орынды иеленді.

Жыл сайын өтетін бұл сайысқа қатысуға биыл Қазақстандағы мыңнан астам веб-сайт ниет білдірді. Алайда тек солардың отызы ғана финалға өткен. «AWARD.KZ ұлттық интернет сыйлығымен марапаттау рәсімі 19 қарашада кешке Алматыдағы «StarsClub» түнгі клубында өтті.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG