Accessibility links

Әзірбайжанда аты-жөндегі орысша жалғаулардан арылу мәселесі талқылануда


130 жасқа келіп, 2009 жылы мамырда қайтыс болған Сахан Досованың совет кезіндегі паспорты.
130 жасқа келіп, 2009 жылы мамырда қайтыс болған Сахан Досованың совет кезіндегі паспорты.

Әзірбайжан парламенті азаматтардың аты-жөніндегі орыс тіліне тән жалғауларды ауыстыру мәселесін талқылауда. Қоғам арасында әлгіндей жалғауды өзгертуді қолдайтын пікірлер де айтылып жүр. Әйтсе де бұл іс азаматтардың өз еркімен ғана жасалуы тиіс деген үндеулер естілуде.


ЖАЛҒАУДЫ ӨЗГЕРТУ

1993 жылы Әзірбайжанда азаматтардың өз аты-жөнін мемлекеттік тілге сәйкестендіру туралы заң қабылданған болатын. Сол кезде Әзірбайжан Ғылым академиясының жанынан арнайы құрылған комиссия аты-жөнді өзгерту тұжырымдамасын даярлады.

Бұл мәселеде әңгіме негізінен орыстық «ов» пен «ев» жалғауларына қатысты болып отыр. Оларды сөз түбіріне қарай «лы», «лу», немесе «лю», сондай-ақ «заде», «оглу» не «гызы» жалғауларына ауыстыру ұсынылды. Сондай-ақ мүлдем жалғаусыз жазуға да рұқсат етілді.

Тіпті қызды-қыздымен бұл пікірталаста күлкі туғызатын ұсыныстар да айтыла бастады: Әзірбайжанның әлемдік интернет-кеңістіктегі домені «az» болғандықтан, аты-жөннің соңын «аз» жалғауымен аяқтау туралы пікірлер естілді. Ондай жағдайда әзірбайжандардың фамилияларын Алиаз, Мамедаз, Джафараз секілді етіп жазуға тура келген болар еді.

Заң 1993 жылы қабылданса да Әзірбайжан парламенті фамилиядағы жалғаудың ұлттық нышанда жазылуы мәселесін талқылауға енді ғана кірісті.

Тұжырымдамада көрсетілген жалғауларға қосымша бұл мәселені шешудің тағы бір жолы ұсынылуда. Елдің атауы «жан» болып аяқталатындықтан, фамилияның соңына да осы жалғауды қосу ұсынысы айтылып отыр.

Милли Межлистің Мәдениет жөніндегі комитетінің төрағасы Низами Жафаров бұл ұсынысты да талқыдан тыс қалдыруға болмайды деп
Қазір әзірбайжандардың 70-80 пайызы орыс тіліне тән жалғаумен жүр.
санайды.

Низами Жафаров тұжырымдама бекітілгеннен кейін фамилияны ауыстыру барысы ең алдымен дүниеге жаңа келген нәрестелерді қамтитын болады дейді. Халықтың қалған бөлігі науқанға өте қарапайым ережемен қосыла алатын болады. Және де бұл науқан Әзірбайжанның барлық азаматтарының бәріне бірдей міндетті болмайды.

Комитет төрағасы қазір әзірбайжандардың 70-80 пайызы орыс тіліне тән жалғаумен жүр деп айтып өтті. «Ең бастысы — біздің сол бір жалғаулардан құтылғанымыз», — дейді шенеунік.

Низами Жафаров бұл идеяны өмірге енгізу мәселесі Әзірбайжан парламентінің көктемгі сессиясында-ақ қаралуы мүмкін деп болжайды.

ЭМОМАЛИ РАХМОННЫҢ ҮЛГІСІ

1991 жылдан кейін, арнаулы қаулы шықпай тұрып-ақ, көптеген Әзірбайжан азаматтары өздерінің фамилияларын өз бетінше өзгерте бастады. Мысалы, Мамедовтар Мамедлиге, Әлиевтер Әли-задеге, Таировтар Таир-оглу боп шыға келді.

Мұндай үрдіс ең алдымен саяси ортада пайда болды, бірақ ол үрдіс жалпы халықтық сипат алмады. Саясаткерлер өзгелерді де осы үрдіске қосу үшін, тіпті, әзірбайжандық фамилияларды славяндық жалғаумен жазуға тыйым салатын арнайы заң қабылдануын талап етті.

Ондай талапты Азаматтық үндестік партиясының жетекшісі Сабир Рустамханлы қойған еді. Ол бір сөзінде тәжік президенті Эмомали Рахмоновтың өз аты-жөнін Эмомали Рахмон деп өзгертіп, отандастарының бәрін фамилиядағы славяндық жалғаулардан құтылуға шақырғанын үлгі қылды.

Эмомали Рахмон елдегі барлық азаматтық хал актілерін тіркеу орындарына өмірге жаңа келген сәбилердің фамилиясын «ов» және «ев» жалғауларымен тіркемеуге өкім етті.

Бірақ, не қылғанмен де Әзірбайжан елінде мұндай үрдіс жалпы халықтық сипат алған жоқ. Елде фамилияны өзгерту — әрбір азаматтың өз қалауындағы шаруа, яғни, бұл мәселе ерікті негізде жүзеге асуы тиіс деген пікір белең алды.

ЖАҢА ҚҰЖАТТАР

Фамилияны ұлттық нышанда жазу мәселесінің негізінде жатқан және әлі күнге оның өзегі болып келе жатқан нәрсе – отансүйгіштік ниет болса да, мұның арғы жағында көптеген таза тұрмыстық қолайсыздықтар мен қиындықтар да жоқ емес.

Себебі, бір фамилияны өзгертумен ғана іс бітпейді. Оның артынан міндетті түрде туу туралы және неке қию туралы куәліктерден бастап сан түрлі жеке құжаттарды ауыстыруға тура келеді. Ал, бұл шаруа нешетүрлі бюрократиялық қиындықтарға апарып тіреледі.

Милли Межлистің мәдениет жөніндегі комитетінің төрағасы Низами Жафаровтың өзі де екі түрлі тұжырымға келіп отыр:

«Менің фамилиям — Жафаров, мұны маған жүз рет өзгертуге болар еді. Бірақ, мәселе сонда, менің фамилиям осы түрінде көптеген құжаттарға жазылған және қоғамда да мен осы фамилиямен танымалмын. Оны өзгертуге байланысты қаншама құжатты ауыстыру керек болады деп ойланамын. Аға буын өкілдері үшін бұл қиындық тудырмақ. Ал, біздің артымыздан келе жатқан өскелең ұрпақ өзінің түбегейлі тегін білуге тиіс».

ӘРКІМНІҢ ӨЗ ЕРКІ

Әзірбайжан қоғамында фамилияны өзгерту мәселесіне қатысты айқын келісім үстемдік құрып тұр деп айтуға келмейді. Бұл идеяны түбегейлі қабылдамайтын жандар да бар.

Олардың қатарында философ және саясаттанушы Расим Агаев бар. Ол кісі фамилияның жалғауын өзгертуды үлкен ақымақтық деп санайды. Оның айтуынша, кезінде Милли Межлис тура осы секілді топонимикаға, оның ішінде қала атауларына өзгеріс енгізу дегенді
Неге менің фамилиямның қалай жазылуын басқа біреу шешуге тиіс? Фамилиямның соңында қандай жалғау тұр, сол күйі тұра берсін. Негізінде мұндай үрдіске қосылу-қосылмау – әркімнің өз еркі болуы тиіс.
шығарған.

Расим Агаевтың қарсылығын туғызатын ең басты нәрсе – бұл мәселемен Милли Межлистің айналысуы. Оның айтуынша, Милли Межлис айналысуға тиіс миллиондаған мәселелер бар – заңдардың орындалуы, заң сапасын бақылау деген секілді.

«Неге менің фамилиямның қалай жазылуын басқа біреу шешуге тиіс? Фамилиямның соңында қандай жалғау тұр, сол күйі тұра берсін. Негізінде мұндай үрдіске қосылу-қосылмау – әркімнің өз еркі болуы тиіс. Мен парламент мүшелеріне сұрақ қойғым келеді: тұрмыстық жағынан мұның ақылға қонымдылығы қай жерінде?

Дүниедегі бір де бір парламент мұндай мәселемен айналыспайды. Неге бұлар қоғамның әрбір мүшесі үшін шешім қабылдауға тиіс? Ал, егер болашақта қазіргі парламент құрамы ауысып, келесі сайланған құрамы «ибн» жалғауын қосуды дұрыс көрсе ше? Мұның не маңызы бар?

Бүгінде көбісі түрікшіл болып алған, ертең парсышыл бола қалса, ал, арғы күні қытайлар келсе, сонда не, аты-жөндерімізді қытай мәнеріне ыңғайлайық деген үндеуге көше ме?» – дейді Расим Агаев.

ҚАЗАҚЫ ТӘЖІРИБЕ

Қазақстан халқы да әзірбайжандық жолмен жүріп, орыстанған аты-жөндерін қазақы мәнерге келтіре ме, жоқ па? Келтірген жағдайда, қандай мәнер дұрыс болмақ?

Өйткені, дәстүрлі қазақ қоғамында еуропалық ұғымдағы фамилия деген нәрсе болмаған, қазақтың аты-жөні екі есімнен, яғни, өзінің және әкесінің есімінен тұратын – жынысына қарай әке есімінің соңына «ұлы» немесе «қызы» деген жалғау жалғанатын болған, бұл орыстың «ович» пен «овнасына» сәйкес келеді.

Орыстандыру мұрасынан құтылу мәселесі қоғамда көтерілген кезде жалаң еліктеушілікке немесе пафостық менмендікке бой алдырған қазақ зиялылары өз аты-жөндерін мүлдем әртүрлі жаза бастады: түрік мәнерінде де (ешбір жалғаусыз); араб мәнерінде де (туылған жерін білдіретін «и» жалғауын қосумен); бес-алты атасының атын тізбектеген шұбаған аты-жөн де кездесетін; кейбіреулері сондай-ақ «әулет» жалғауын да қосып жазды.

Осылайша неше түрлі тәжірибе жасалды. Қайсыбір қазақ зиялылары фамилиясының орнына руын көрсетуден де бас тартпайды, Қазақстанда рушылдық өршіп келеді.

Қазақтың көбісі анау-мынау деп қиналып жатпай, «ұлы» немесе «қызы» деп қана қоя салады. Ал, танымал адамның әулетіне келін болып түскен кейбір әйелдер өзінің туған әкесінің атынан бас тартып, сол танымал қайын атасының атына көшіп, соңына «келіні» деген жалғау қосып қоятыны да жоқ емес.

Ал, енді керісінше, ер адамның танымал қайын атасының атына көшуі байқалмайды. Мұндай үрдіс пайда болмайтын да шығар, өйткені қазақ та басқа көптеген халықтар секілді «күшік күйеу» болуды жек көреді. Саясат пен экономикада күйеу баланың артықшылығын қош көреді, бірақ, бұл – непотизм, оның филологияға еш қатысы жоқ.

(Тәуелсіз журналист Александр Народецкий Лондонда тұрады. Аутордың бұл мақаладағы жеке ой-тұжырымы Азаттық радиосының ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.)
XS
SM
MD
LG