Accessibility links

Бұрынғы советтік радар станциясын бұзу кезінде кемінде төрт кісі қаза болды


«Дарьял-У» – өртеніп, тоналған бұрынғы әскери нысан. Балқаш, маусым, 2009 жыл.

«Дарьял-У» – өртеніп, тоналған бұрынғы әскери нысан. Балқаш, маусым, 2009 жыл.

Балқаштағы бұрынғы әскери нысанды заңсыз бұзу кезінде ғимарат құлап түсіп, бірнеше адамды басып қалды. Ядролық қалдықтар сақталған дәл осы радарлық станция үшін бұрынғы экология министрі сотталған еді.


ТОНАУҒА ҚАУІПТІ

Қарағанды облысының Балқаш қаласына жақын маңдағы бұрынғы «Дарьял-У» радиолокациялық станциясының аумағында 22 қаңтар күні қорғаусыз әскери нысанның құрылыс материалдарын алып жатқан бірнеше адамды бетон плиталары басып қалды. Соңғы мәлімет бойынша, төтенше оқиғадан төрт кісі қаза болды, бетонның астында қалған бір адам құтқарылған.

Хабарларға қарағанда, құтқару жұмыстары үшін Балқаш қаласынан үлкен көптонналы кран алдыруға тура келген. Мамандар ғимараттың
«Дарьял-У» нысаны аумағындағы ескерту белгісі. Балқаш, маусым, 2009 жыл.
500 шаршы метрден астам аумағы құлағандығын хабарлап отыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, «Балқаш-9» нысанындағы кісі өліміне ғимаратты бұзу кезінде қауіпсіздік ережелері сақталмағандығы себеп болған. Құтқару жұмыстарын жүргізушілердің айтуынша, жергілікті тұрғындар үлкен ғимараттың төменгі тіреуішін суырып алуға талпынған, соның салдарынан төрт өткел опырылып түскен. Қирандылар бірінші қабат пен одан төменгі бөліктерін толық басып қалған.

Сонымен бірге, төтенше жағдайдан нақты қанша адамның қаза болғандығы белгісіз қалып отыр. Өйткені құрылыс материалдарын бұзуға қанша балқаштық қатысқандығын ешкім дөп басып айта алмай отыр.

– Кем дегенде отызға жуық адам жиналып ғимаратты жылдам бұза бастаған. Тірі қалғандары оқиға орынынан тез арада сытылып шығуға тырысқан. Ендігі жерде үйінді қанша адам қалғандығын шамалап анықтау үшін Балқаш аудандық радиосынан тұрғындарды жоғалған адамдар туралы хабарлауын сұрап жатыр, – деді өз аты-жөнінен аталмауын қалаған құтқарушы.

ЕСКЕРТУ ХАТ

Қазіргі таңда «Балқаш-9» нысанында шамамен 4 500 полихлордефинилі бар конденсатор сақталған. Бұл өте қауіпті және арнайы химиялық кәсіпорындарда жойылуы тиіс материалдар қатарына жатады. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қаржыландыруымен, конденсаттарды Германияда жою жобасы 2009 жылы министрліктің бұрынғы басшылығының үстінен іс қозғауға негіз болды. Сол жылы
«Балқаш-9» нысанын жұрт бұзып алып жатқандығы туралы «Меркурий Плюс» фирмасының бұрынғы директоры Сергей Походяевтің жазған арыз-хаты.
күзде Астана қаласының Есіл аудандық соты бұрынғы экология министрі Нұрлан Ысқақовты, оның бірқатар орынбасарларын және «Меркур Плюс» компаниясының өкілі Әділбек Жайылғановты кінәлі деп шешіп, оларды түрлі мерзімдермен түрмеге жапты.

Бұған дейін «Меркур Плюс» кәсіпорынының директоры Сергей Походяев Қазақстанның бірқатар мемлекеттік мекемелеріне тұтқындалған мүлікті тонау фактісі туралы хабарлап, қауіпті нысанды заңсыз бұзу кезінде оқыс бір нәрсе бола қалған жағдайда ол үшін өзінің жауап бермейтіндігін ескерткен еді.

Походяев 25 қаңтарда Азаттық радиосына Балқаш тұрғындарының қауіпті нысандағы қазасы туралы сұхбат берді. Оның пікірінше, бұл жағдайға ескерту хатынан ешқандай нәтиже шығармаған мемлекеттік органдар кінәлі.

– 2009 жылы көктемде біз тиісті мемлекеттік органдарға улы материалдар сақталған нысанды тонаушылардың суреттері мен автокөліктерінің нөмірлерін бердік, бірақ оған ешкім жауап берген жоқ. Одан қалды, қаржы полициясы менің жеке өзіме қоқан-лоқы жасады, сол себепті Қазақстаннан кетуге мәжбүр болдым, – деді Походяев. Қазіргі күні ол Мәскеуде тұрады.

Оның айтуынша, улы құрылыс материалдары Қарағанды және Астана қалаларының
Өртеніп, тоналған «Дарьял-У» бұрынғы әскери нысанының бір көрінісі. Балқаш, маусым, 2009 жыл.
базарларында сатылуы мүмкін, алайда оны зерттеу үшін тәуелсіз зертханаларды тарту қажет, өйткені жергілікті СЭС «ашылмай жатып-ақ ақшаға сатылып кеткен».

МЕМЛЕКЕТТІК МҮДДЕ ҚҰНЫ

Кәсіпкер Борис Меклердің Азаттық радиосына телефон арқылы Германиядан мәлімдеуінше, бұрынғы радиолокациялық станциясын тонау нысанды әскери полиция қорғайтын кезден-ақ басталған.

– Ғимаратты заңсыз бұзу үшін ондаған жұмысшыны, бір кран және жүк мәшинесін бір түнге 250 долларға жалдауға болатын еді. Отанның мүддесі арзанға бағаланып келеді: «түнгі көбелектің» бір түндік жұмысынан да арзан, – деді Меклер.

Ал Походяевтің пікірінше, кісі өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған Балқаш полициясының әрекеті де қисынсыз.

– Салақтық және қызмет бабын асыра пайдаланушылық қаза болған кісілердің өздерін кінәлі етіп шығарады, бұл тергеу үшін ең қолайлы әдіс болып тұр, – деді Походяев.

ЭКОЛОГИЯ ҮШІН ҚАУІП

Борис Меклер «қазіргі күні қазақстандық полиция конденсаторлардың қалдықтары сақталған орынды ғана қорғайды, бірақ ол жерде полихлордефинилден де қауіпті материалдар бар» деп мәлімдеді. Бірақ кәсіпкер бұл не қылған қауіпті материалдар екендігін атап
Неміс кәсіпкері, Қарағанды қаласының бұрынғы тұрғыны Борис Меклер. Қоғамдық ұйымның альбомындағы сурет. Астана, 4 маусым 2008 жыл.
жатпады. Алайда ол «құпия ақпаратты білуі тиіс адамдар біледі, бірақ ешқандай іс-шара қолданылып жатқан жоқ!» деп мәлімдеді.

Меклердің айтуынша, мұндай материалдар шашылған жағдайда оның залалы 14 мың жыл бойы кетпеуі мүмкін. Сонымен бірге, ол су құбырлары мен канализация жүйесінде қатып қалған су екі айдан кейін еріп, Балқаш көліне қосылу қауіпі бар екендігін де жасырмады.

Бұрынғы «Дарьял-У» радиолокациялық станцияның нысандары көл жаңалауынан 100-200 метр жерде орналасқан.

Қазіргі қоршаған ортаны министрі Нұрғали Әшімов 2009 жылы 11 желтоқсанда «Балқаш-9» нысанында төтенше экологиялық жағдай жариялайтындығын мәлімдеді, бірақ әлі күнге дейін жарияланған жоқ.
XS
SM
MD
LG