Accessibility links

Бердімұхамедов көп ұзамай Түркіменстанның Қаһарманына айналады, ал Назарбаевтың маңдайына ондайды жазбапты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) және Түркіменстан президенті Ғұрбанқұлы Бердімұхамедов. Ашғабат, 11 қыркүйек 2007 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) және Түркіменстан президенті Ғұрбанқұлы Бердімұхамедов. Ашғабат, 11 қыркүйек 2007 жыл.

Түркімен халқы өз президенті Бердімұхамедовке Түркіменстанның Қаһарманы атағын беруді сұрап жатыр. Қазақ халқы болса өз басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа президент лауазымына шектеусіз сайлануға конституциялық құқық берді.

ТҮП НЕГІЗІ БІРЕУ

Тағы бір орталықазиялық тұлғаның айналасында оның атын аңызға айналдыруды көздейтін әртүрлі жарнамалау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бұл жолы көпшіліктің талқысы Түркіменстанның президентіне қарай бет бұрды. Оның толық аты-жөні – Ғұрбанқұлы Бердімұхамедов.

Бұл қауесеттің рәсімі барлық аппараттық нормаларға сәйкес. Батыстың Шығыстан үйренері әлі көп.

Енді мұның жолы қалай, соған келейік, Сайлау және референдум өткізу жөніндегі Орталық сайлау комиссиясы (Түркіменстанда бір мекеменің осылай аталуының өзі бір мазақы анекдот секілді естіледі) «президентке Түркіменстан Қаһарманы атағының берілуін сұрайтын елдің түкпір-түкпірінен келіп түсіп жатқан азаматтардың, кәсіпорын, мекеме және қоғамдық ұйым ұжымдарының қыруар тілектері
Түркімендер Тәуелсіздік күні өткен салтанатты шеруде президент Ғұрбанқұлы Бердімұхамедовтың суретін ұстап келеді. Ашғабат, 27 қазан 2009 жыл.
жайында» хабарлады.

Одан кейінгісін жергілікті ақпараттық агенттіктер іліп әкетіп, айрықша көңіл аударуға лайықты ескертпе жасайды: «Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мұрат Қаррыевтің бұл сөзін үкімет отырысына қатысушылар түрегеп тұрып, ұзақ та дулы қошеметпен қарсы алды» делінген.

Ол жағдай біздің де басымызда бар деген оймен қазақ оқырмандарының мұны күле қабылдайтыны сөзсіз. Қазақстанда талай рет Назарбаев өзіне әскери саладағы не еңбек майданындағы жетістігі үшін берілетін Қазақстанның қаһарманы атағы берілсін деген бастаманы қағып тастап отырды. Назарбаев ондай ұсыныстарды енжар күйде кері қақпайлаумен келді, бірақ, жуырда Қазақстанда өзінің ескерткішін ашты және оқу орындарын өзінің атымен атауға рұқсат берді.

Астаналық жеңіс туына арналған мадақ жыры ептеп-септеп ашғабадтық Ән біткеннің төресімен салысуға жарап қалды. Осы адам баласы әлі күнге құпиясын аша алмай келе жатқан бұл жайттардың түп негізі бір-ау деймін, шамасы?

ӨТІРІКТІҢ ҚҰЙРЫҒЫ БІР-АҚ ТҰТАМ

Соншама билікті қолында ұстап отырғанда, жұрт жастық боп жайылып, кілем боп төселіп тұрғанда, жаппай бағынып, лауазымына бас ұрып, шегі жоқ өтірікті көпе-көрнеу байқамағансу асқақтап тұрғанда, осы, тағы қосымша қымбат айырым белгілері мен гранит-базалтты ескерткіштер неге керек дейсің ғой баяғы.

Себебі, өтіріктің де, металдың да, тіпті, граниттің де мәңгілік тұрмайтынын тарих талай рет көрсетті. Биліктен кеткен күні ең әділ мадақтың өзі ең құрығанда үнсіздікке айналады. Сол үнсіздіктің өзінен бір кінәлау сезіліп тұрады.

Аман-сау билікте тұрған кезінде Түркіменстан президенті – Түркіменбашы – Сапармұрат Ниязовтың Күндей жарқырағаны кеше ғана еді, ал, бүгін мемлекеттік ақпаратта оның атын атауға да ешкімнің дәті бармайды. Тура бір ондай адам өмірде болмағандай.

Түркіменстанның Қаһарманы атағын бір-ақ рет алу оған аздық еткен-ау, шамасы. Бұл атақты ол қатарынан алты рет алған. Алты дүркін Түркіменстанның Қаһарманы. Оның әке-шешесіне де өлгеннен кейін Қаһарман атағы берілген. Ниязов, тіпті, қаһармандықтың саны жағынан әлемге әйгілі коллекционер болған Леонид Брежневтің өзін басып озды. Одан басқа басып озатын адам әлі бола қойған жоқ.

ШЕКСІЗ БИЛІК ҮШІН ТӨЛЕНЕТІН АҚЫ

Ғұрбанқұлы Бердімұхамедовтың бұл алғашқы Қаһармандық атағы болайын деп тұр. Алдынан жарылқасын. Айналасына шуағын шашып тұрған жарықтыққа қосымша айырым белгілері не үшін ғана керек екен? Бүгін бар, ертең жоқ атақты неғылады екен?

Қазақстан президентінің бір туған күнінде оған президенттікке шектеусіз қайта сайлана беру туралы заң сыйға тартылды, бірақ, көңіл
Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауында жеңіске жеткенін тойлау кезінде. Астана, 5 желтоқсан 2005 жыл.
шіркін, аспанды аңсайды. Елдің Нұрсұлтан Назарбаевқа өмірлік билеушінің мәртебесін беру туралы ұсыныс жасап, басы айналып жатқанына бірнеше айдың жүзі болды.

Бұл менің бастамам емес, анау, төмендегілердің эмоцияға беріліп алып, шығарып жүргендері ғой деп құтыла салу оңай, әрине. Бірақ, шектен асқан бағыныштыларға президент бір қабағын шытса болды, олардың бірі қалмай жоқ болатыны оқушыға да белгілі нәрсе ғой.

Жо-жоқ, олар өйтпейді, не Ғұрбанқұлы Бердімұхамедов, не Нұрсұлтан Назарбаев және басқа да олардың өтірікке арқа сүйеген әріптестері қабақтарын шытпайды. Тәртіпке шақырмайды. Біреудің қызмет ету ынтасын өшірмейді. Достоевский «әкімшілік таңданыс» деп атаған нәрселерін жоймайды. Өйтпегенде қайтсін, айналадағылардың қолпашы кімге ұнамайды? Өзіңді біртуар, қайталанбас тұлға сезінген тамаша ғой.

Бәлкім, осы жалғандық бағыныштылардың күлімдеген көздерінің арғы жағында бақастық, арандатушылық, астыртын сөз байласушылық жатыр деген бір кетпейтін қорқынышты тұншықтыратын болар? Билеушілер айналасындағылардан күтетін қауіп-қатерге қарсы шара ретінде берілгендігін көрсетіп тұруды талап ете ме екен әлде? Ықтимал қастандыққа қарсы наша секілді.

Мінеки, шексіз билік үшін төлейтін көзге көрінбейтін ақы осы. Бағыныштылар үшін төлейтін ақы осы. Бағыныштылардың алдындағы қорқыныш. Хайуани сезім. Үлде мен бүлдеге оранған, гранитке қашалған, салтанатты күйдегі хайуани сезім. Ойды алаңдататын да, жан-жаққа қауіппен қарататын да сол.

Жуырда ғана Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев айтпақшы, Қазақстан президентінің жалғыз ғана кемшілігі - өз айналасындағыларға шексіз сенгіштігі-міс. Осы сөзге байланысты Азаттық радиосының кейбір оқырмандары сайтқа жазған пікірлерінде Назарбаевтың ең үлкен қателігі - Дархан Қалетаевқа шексіз сенуі деді.

(Журналист Александр Народецкий осы мақаласында өзінің ой-пікірі мен тұжырымын білдірген. Олары Азаттық радиосының ұстанымымен сәйкес келмеуі де мүмкін.)

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG