Accessibility links

«Қазақгейт» бойынша cот тыңдауы қайта басталуы мүмкін, бірақ ол іс бақшадағы қарақшының кейпіне айналды


«Қазақгейт» ісі бойынша сот тыңдауы басталған Нью-Йорктегі АҚШ федералдық соты.

«Қазақгейт» ісі бойынша сот тыңдауы басталған Нью-Йорктегі АҚШ федералдық соты.

9 желтоқсанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы Халықаралық күрес күні атап өтіледі. Қазақстан сыбайлас жемқорлық торы шырмап алған ел ретінде жиі сыналады. Жылдарға созылып келе жатқан «Қазақгейт» ісі ең үлкен даулы мәселе болып табылады.

ШОТТАРДАҒЫ МИЛЛИОНДАР

АҚШ-та Қазақстан басшылығына пара бергені үшін Джеймс Гиффен айыпталып отырған «Қазақгейт» ісі бойынша сот қайта жалғасуы мүмкін. Гиффеннің қорғаушылары ол пара берген жоқ, тек қазақ басшыларын торға түсірумен (вербовка) айналысты дегенді дәлелдегісі келеді. Құрама Штаттарда бұрын да орын алған түрлі «гейттерге» ұқсатып, батыстық журналистер бұл даулы мәселеге «Қазақгейт» деген атты жапсыра салды.

Оның тарихы 1991 жылы Қазақстанға американ бизнесмені Джеймс Гиффен келген елеусіз оқиғадан басталады. Қазақстандық басшылардың сеніміне кіру үшін Гиффенге көп уақыт қажет болған жоқ. Біраз тер төккен соң мұхиттың ар жағынан келген бұл бизнесмен президент Назарбаевтың жақын адамына айналды. Ол уақытта Кремльден тізгінді өз қолына енді алған қазақстандық қоғамда мұндай сырттан келушілер бірден көзге түсетін.

Арада бірнеше жыл өткен соң америкалық Фемида Нұрсұлтан Назарбаев пен Джеймс Гиффенді қандай нәрселердің жақындатқанына күдікпен қарай бастады.

Екі іскер адамның одақтасуы шапшаң дамыды. Көп ұзамай Гиффен Қазақстанның мұнай саласымен байланысты стратегиялық істерге үлкен ықпалы бар адамға айналды. Оппозицияға өткен кейбір бұрынғы жоғары дәрежелі мемлекеттік шенеуніктердің айтуынша, сонымен қатар американдық бизнесмен Назарбаевтың айналасындағы көптеген жасырын интригалар мен есеп айырысуларға белсенді түрде ат салысқан.

2003 жылдың көктемінде Джеймс Гиффен мен Нұрсұлтан Назарбаевтың қарым-қатынастары АҚШ құқық қорғау органдарының зерттеу тақырыбына айналды.

Джеймс Гиффен тұтқындалды, содан бері «Қазақгейт» ісі бойынша сот процесі кейінге қалдырылып, бірнеше мәрте қайта жалғасты. Сол кезден бастап Гиффенге және іске қатысы бар, аты-жөндері сот құжаттарында шартты атаумен берілген қазақтың жоғары дәрежелі бірнеше шенеуніктеріне қарсы айыптаулар кешені пайда болды.

Гиффенді өзінің «Меркатор» банкі арқылы маңызды қазақ фигуранттарына миллиондаған доллар ақша берді деп айыптаған. Сот, кем дегенде, 78 миллион доллар параны тіркеген.

Қазақ жағынан Қазақстан аумағындағы америкалық фирмалардың бизнесіне қамқорлық көрсету талап етілген. Мысалы, америка компаниясына Теңіз кен орнының бір бөлігін алып бергені үшін Джеймс Гиффен Қазақстанның жоғары дәрежелі екі ресми тұлғасының швейцария банкіндегі жеке шоттарына 22 миллион доллар аударған. Бұдан кейінгі келісім-шарттар да Қазақстанның қуат көздеріне ену үшін делдалдық пен пара беру сценариінен қашып құтыла алған жоқ. .

ТОРҒА ТҮСІРУ ЖОБАСЫ

Гиффеннің қорғаушылары «Қазақгейтке» қатысты өз уәждерін айтып, оны кейбір баспасөз өкілдері іліп әкетті. Бұл уәжге сәйкес, Гиффен қазақстандық биліктегі тұлғаларға пара бермеген. Осы арқылы қорғаушылар сотталушыны американдық заңды бұзған фактіден арашалап алмақшы болды.

Американдық заң отандық фирмаларға сол елдердегі бизнес қызметтерге айырбас ретінде шетелдік шенеуніктерге ақша беруге қатаң тыйым салған.

Джеймс Гиффеннің бұл әрекетінің түсініктемесі нағыз жаңалықтық сенсация болды. Ол Құрама Штаттар арнаулы қызметтерінің нұсқауымен қазақ президенті Нұрсұлтан Назарбаевты торға түсірмек (вербовка) мақсатпен әрекет еткен-мыс болып шықты.

Айтпақшы, швейцариялықтар мен американдықтар да «Қазақгейт» ісіне кездейсоқ кезікті. Бұған Нұрсұлтан Назарбаев пен Әкежан Қажыгелдиннің арасындағы теке-тірес себеп болды.

Интерполдың қазақстандық бөлімшесі Әкежан Қажыгелдиннің Швейцария банктеріндегі жасырын шоттарын табуын сұрап өздерінің швейцариялық әріптестеріне қайырылған. Іздеу процессі барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен оның жақын серіктесінің аттарына ашылған шоттар табылды.

Бұл сәтсіздіктен соң арада бірнеше жыл өткен кезде, нақтылай айтқанда 2003 жылы дәл сол Рахат Әлиевтің қатысуымен Қазақстанның саяси-экономикалык аспанында американдық жаңа қайраткер, маман лоббист Александр Мирчев пайда болды.

Әлиевтің айтуынша Мирчев пен оның адамдары «Қазақгейтті» тоқтатуға бар күштерін салған.

«ҚАЗАҚГЕЙТ» ҚҰБЫЖЫҒЫ

Енді міне тағы бір жаңа хабар түсті. «Қазақгейтке» қатысты сот ісі қайта жанданатын болды. Азаттық радиосына берген сұхбатында қазақ оппозициясының шетелдегі бюросының жетекшісі Серік Медетбековтің айтқанындай, бұл іске қатысты тыңдаулар келесі жылдың ақпан айында басталмақ. Нақты мерзімі кейінірек айтылмақ.

Серік Медетбековтің айтуынша, адвокаттары да, Джеймс Гиффеннің өзі де америка заңдарының сот ісін созуға беретін барлық мүмкіндіктерін пайдаланып болған.

Серік Медетбеков, қазақ президентін торына түсірмек болған деген нұсқа Гиффен үшін экономикалық қылмыстарына байланысты жазадан құтылудың бірден бір мүмкіндігі деп есептейді.

Тіпті, осының өзі дәлелденер болса, Медетбековтің пікірінше, сот бәрібір Нұрсұлтан Назарбаевтың пара алғанын және президенттің қазақ халқынан қыруар ақшаны жасырғанын есепке алады. Серік Медетбековтің айтуынша, сонда Нұрсұлтан Назарбаев президенттік билік уақыты біткен соң қоқан-лоққы жасағаны үшін сотқа тартылуы мүмкін.

Бірақ, қазақ оппозициясының шетелдегі бюросы жетекшісінің пікірінше, Қазақстан президенті дәл қазір ел заңнамасынан отанын сатқандығы үшін деген бапты алғызып тастауға бар күшін салуы керек. Өйткені, американдықтардың оны өздеріне тартқандығы дәлелденер болса, онда бұл бап дәл сол Нұрсұлтан Назарбаевтың өзіне қарсы қолданылуы мүмкін.

Ал бірақ, әдетте, Қазақстан билігі оппозицияның мұндай пікірлерін жоққа шығарады. Оппозиция жетекшілері «Қазақгейт» ісі бойынша үкімнен соң саяси кек алуы туралы тезистерін он жылдан астам уақыттан бері айтумен келеді.

«Қазақгейт» тақырыбы тіпті Назарбаевтың қарсыластары үшін саудаласуға сылтау тауып берді. Қазақстан билігі болса, «Қазақгейт» – Құрама Штаттардың ішкі ісі, Гиффен деп аталатын америка азаматының жеке басының ғана проблемасы деп айтудан танар емес.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG