Accessibility links

Кәсіпкерлерді жиі тексеру - шағын бизнеске кедергілердің бірі


«Алтын базарда» саудамен айналысатын кәсіпкерлер салықты азайтуды талап етіп тұр. Петропавл, 30 шілде 2009 жыл.

«Алтын базарда» саудамен айналысатын кәсіпкерлер салықты азайтуды талап етіп тұр. Петропавл, 30 шілде 2009 жыл.

Бақылаушылардың бағалауынша, Қазақстанда кәсіпкерлік деңгейі өсе түскенімен, шағын бизнес субьектілерінің аяғына тұсау салатын түрлі кедергілер де азаймай отыр. Кәсіпкерлер елдегі салық кодексіне өзгертулер енгізу керек деп есептейді. Елде шағын және орта бизнестің дамуын қолдайтын немесе тежейтін факторлар қандай?

Сарапшылар Қазақстанда кәсіпкерліктің кез-келген түрімен айналысуға қолайлы заңдар бар деген тұжырым жасайды. Әйткенмен, шағын бизнес кәсіпорнын ашумен қатар жабудың өзі де үлкен кедергілерге тап болады.

Кәсіпкерлер өздеріне түрлі қадағалаушы органдардан жиі-жиі тексеруге келетіндердің арасында бизнесмендер есебінен пайда тапқысы келетіндердің аз емес екенін айтады.

Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығы жетекшілерінің бірі Тимур Назханов елдегі шағын бизнестің бұдан да жоғары деңгейде дамуы үшін жеңілдіктер көбірек жасалуы керек дейді. Ол мемлекеттің бөліп отырған несиелері кәсіпкерлерге үнемі жете бермейтінін айтып, салық кодексіне өзгеріс енгізуді ұсынады.

Азаттық радиосының «Уақыт бедері» айдарынан Қазақстандағы шағын және орта бизнестің даму барысына арналған кезекті хабарды мына жерден тыңдаңыздар.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG