Accessibility links

Алматы Жеңіс күнін атап өтті


Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоғын қойып жатқан көпшілік, Алматы, 9 мамыр, 2010 жыл
Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоғын қойып жатқан көпшілік, Алматы, 9 мамыр, 2010 жыл

9 мамыр күні Алматыдағы 28 Панфиловшылар атындағы саябаққа әдеттегідей жүздеген адам жиналды. Мәңгілік алауға гүл шоғын қойып, соғыс құрбандарын еске алушылар арасында оппозиция жетекшілері де болды.



Алматыдағы 28 Панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюуға «еңбектеген баладан, еңкейген
Граффитиші ЕДС-тан көрініс салып отыр. Алматы, 9 мамыр 2010 ж.
кәріге дейін», жүздеген адам жиналды. Саябақтың төрінде әскери үрмелі аспаптар оркестрі жеңіс күнін тойлаушыларға соғыс әуендерін ойнап берді. Саябақтың тағы бір шетінде граффитишілер арнайы орнатылған тақтаға екінші дүниежүзілік соғыс көріністерін бейнелейтін суреттер салды.

Жеңіс күнінің құрметіне гүл шоқтарын қойып, соғыста қаза тапқандарды еске алуға «Азат» ЖСДП-ның тең төрағалары Жармахан Тұяқбай мен Болат Әбілов бастаған бір топ партия мүшелері келді. «Азат» ЖСДП-ның тең төрағасы Жармахан Тұяқбай екінші дүниежүзілік соғыстың совет өкіметі тарапынан жеңіспен аяқталған күні қазақ халқы үшін де қасиетті күндердің есебінде екенін атап өтті.

Оның айтуынша, Қазақстан билігі соғыс ардагерлеріне лайықты жағдай жасамай отыр.

- Жылда жеңіс күні билік қаулы, қарар қабылдап, «ойбай, ардагерлерге пәтер берейік, жағдай жасайық» деп, 65 жыл бойы нақты ешнәрсе
Оппозиция өкілдері Ж.Тұяқбай мен Ә.Тоғысов гүл шоқтарын қойып жатыр. Алматы, 9 Мамыр 2010 ж.
жасамай отырғанының өзі бұл мәселенің әлі біржақты шешімін таппағандығының белгісі деп ойлаймын. Ал, соғыс ардагерлерінің үйсіз, күйсіз жүруі бәрімізге сын. Бірен-саран соғыс ардагеріне жасалған жағдай ол тым кеш жасалған жақсылық деп ойлаймын, - деді Жармахан Тұяқбай.

Алайда, соғыс ардагері Әбен Бердентегі Қазақстан үкіметінің ардагерлерге жасап отырған жағдайына көңілім толады деп отыр. Соғысқа бастан-аяқ қатысқан және төрт рет жараланған Әбен Бердентегі тыныштық пен бейбіт өмір тілейтінін жеткізді.

Совет өкіметінің екінші дүниежүзілік соғысты жеңіспен аяқтағанының 65 жылдығын тойлаған жұртшылық саябақтың әр жерінде ән салып, би билеп көңілді қыдырыстады. Жеңіс күнін
Соғыс ардагері Әбен Бердентегі ұлы Серікпен. Алматы, 9 мамыр 2010 жыл
мерекелеушілердің арасында болған Ғамиза Достанова соғыс жылдары тылда еңбек еткенін айта келіп, соғыс кезіндегі қиындық өскелең һәм болашақ ұрпақ басына түспесін деген тілегін жеткізді.

Ғамиза Достанова соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне түскен ауыртпашылықтың кесірінен екінші топтағы мүгедек болып қалғанын және үкіметтен берілетін зейнетақыға амалдың жоғынан қанағат етіп отырғанын айтады.

ЕДС тыл ардагері, екінші топтағы мүгедек Ғ.Достанова. Алматы, 9 мамыр 2010 ж.
- Ырза болмағанда не істеймін? Мына жұрттың зейнетақысына жиырма бес пайыз қосқанда, маған мүгедек деп тоғыз пайыз қосады. Қайтеміз енді. Әйтеуір, ел тыныш, азаматтар аман болсын деп тілеймін, - деді Ғамиза Достанова.

Алматыдағы совет өкіметінің екінші дүниежүзілік соғысты жеңіспен аяқтағанының 65 жылдық мерекесі шаһардың Астана алаңындағы мерекелік концертпен жалғасып, жеңіс күніннің құрметіне отшашу атумен аяқталды.
XS
SM
MD
LG