Accessibility links

Тәжікстанда мұздықтардың еруі экономикалық қиындықтар тудыра бастады


Тәжікстандағы мұздықтар.
Тәжікстандағы мұздықтар.

Ғаламдық жылынудың салдарынан Орталық Азиядағы таулы елдердің бірі Тәжікстандағы мұздықтар тез еріп жатқанына мамандар алаңдаушылық танытып отыр. Осы елдің экономикасынан да оның теріс әсері біліне бастаған.


АУА РАЙЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІС


Тәжікстанның ғаламдық жылынуға қосып жатқан үлесі аз ғана. Елдің ауылшаруашылығының көп бөлігі тек өндіріс кәсіпорындарынан тұрады. Ал әрбір 10 үйде бір көліктен ғана бар.

10 миллионға жуық халқы бар Тәжікстан тұрғындарының көбі мал шаруашылығымен айналысады, оларды газ эмиссиясын шығарып жатыр деп айта алмайсың. Дегенмен де мамандар климаттың жылынуы қатты әсер етіп жатқан елдермен қатар Тәжікстанда да мұздықтар тез еріп жатқанын айтады. Оның салдары осы елдің экономикасына да әсер ете бастаған.

Тәжікстандағы Памир тауларының теріскейінде жатқан Барчид ауылының қожалық иелері сияқты фермер Мақбулшо Яқиншоевтың да ғаламдық жылыну немесе газ эмиссиясы жайында білетіні шамалы.

Бірақ 65 жастағы тәжік фермері өзі егетін көкөніс пен жемістің түсімі жылдан-жылға азайып бара жатқанын айтады.

«Бұрындары мен 50-100 килоға дейін қызанақ пен қияр сататынмын. Ол менің негізгі табыс көзім. Өткен жылы мен аз ғана өнім алдым.
Өзеннен су алуға келген тәжік балалары. Қараша, 2006 жыл.
Тапқан ақшаммен Душанбеде оқып жатқан екі балама көмек беруім керек. Сондай-ақ оларға қыстың күні жейтін картоп пен сәбіз жіберем. Жыл сайын оларға бес қап картоп жіберетін едім. Осы қыста мен оларға бір қап қана картоп бердім», - дейді тәжік фермері.

Мақбулшо Яқиншоев теңіз деңгейінен 3000 метр биіктікте жатқан Баршид аймағында кейінгі кездері болған көптеген өзгерістерді байқаған. Бұл жердге ел тұтынатын ауыз су мен суғару жұмыстары мұздықтарға тікелей тәуелді болып отыр.

Соңғы онжылдықта аймақтың қыс мезгілдері жылы болып, жаз айлары салқындау әрі жаз мезгілі бұрынғыға қарағанда қысқарақ болып барады дейді Яқиншоев.

«Менің қызанағым қызара бастағанша жаз бітіп қояды және судың аздығы картоп дақылдарына кері салдарын тигізіп жатыр», - дейді диқан.

ҒАЛАМДЫҚ ЖЫЛЫНУ

Бұл проблемаларды Мақбулшо Яқиншоев қана байқап отырған жоқ. Тәжікстандағы және шетелдегі ғалымдар да су тапшылығы, салқындау жаз маусымы және жылынған қыс айларынан туындап отырған қиыншылықтарды климаттың жылынуынан көреді.

Осыған дейін ғаламдық жылынудың айқын белгілері көбінесе жазық далаларда білінетін дейді Тәжікстанның биологиялық институтының директоры Қақназар Оғоназаров.

«Ал қазіргі кезде біз ғаламдық жылынудың айқын көріністерін теңіз деңгейінен мыңдаған шақырым биіктікте жатқан таулардан да көріп
Тәжікстан астанасында су құйылған ыдысты қоларбаға салып келе жатқан бала. Душанбе, маусым, 2008 жыл.
жатырмыз», - дейді маман.

Статистикалық жағынан алғанда, Тәжікстан ауа-райының өзгеруіне үлкен әсер етіп жатқан ел емес. Бұл мемлекет әлемдегі газ эмиссиясын шығаратын елдердің ішінде 109-шы орында тұр.

Oxfam International ұйымының жақында жарияланған есебінде, бұл елдің 7 миллион халқына шаққанда, атмосфераға бөлетін көмірқышқыл газының үлесі жыл сайын әрбір адамға бір тоннадан аз шамада айналатындығы айтылған. Бұл адам басына 20 тоннадай көмірқышқыл газын бөлетін Солтүстік американдықтармен салыстырғанда айтарлықтай аз деп саналады.

«Климаттың өзгеруі мен Тәжікстандағы кедейлік» деп аталған Оксфамның баяндамасында бұл елдегі мұздықтардың еруі - алдағы 40 жылға азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін делінген. Бұл мәселе уақтылы реттелмесе, оның салдары тіпті аймақтық тұрақсыздыққа әкелуі ықтимал дейді үкіметтік емес ұйымның зерттеуі.

МҰЗДЫҚТАР ЕРІП БАРАДЫ

Ауылшаруашылығының шамамен екіден үш бөлігі суармалы әдіске тәуелді бұл елде құрғақшылық та қалыпты құбылысқа айналған. 2009 жылғы айтарлықтай жауған жауын-шашынға дейін Тәжікстанда үш жылдай құрғақшылық болды. Сол кездері жазды күні судан тапшылық көрген ел-жұрт мұздықтардан еріген суды пайдаланған.

Ғалымдар алдағы жылдары құрғақшылық бұрынғыдан жиірек болады деп болжап отыр. Бұл тұрғыда Оксфам зерттеулері Тәжікстанның мұзтаулары 2050 жылға дейін еріп, жоғалады дейді. Оған дәйек ретінде, Баршидтен солтүстікке қарай 80 шақырым жерде орналасқан
Суы азайған Сырдария өзенінің арнасы. Соғды облысы, Тәжікстан. 11 наурыз 2009 жыл.
орталық Таулы-Бадахшан облысындағы Федченко мұзтауындағы жағдай барған сайын мүшкіл боп бара жатқаны айтылып отыр.

Теңіз деңгейінен 6500 шақырым биіктіктегі әрі 700 шаршы шақырымды құрайтын әлемдегі ең ірі мұзтау жылына 16-20 метрге дейін еріп жатыр.

Ал Памир биологиялық институтының өкілі Қақназар Оғоназаров су қазынасы болған мұздықтар жыл өткен сайын азайып отырғанын айтады:

«Мұздықтардан алынатын судың көлемі азайып барады. Бұрындары көктем айында су әрбір ауылдың суландыру жұмысына жеткілікті болатын. Қазір енді ауылдарда су тапшылығы айтарлықтай сезіліп отыр. Соңғы жылдары өзендердегі су көлемі төмендей бастады».

Тәжікстан мұзтаулары Орталық Азиядағы барлық өзенді 50 пайызға толтыратынын ескерсек, қамтамасыз етілетін судың әрбір тамшысының бүкіл аймақ үшін маңызы зор болады.

СУ ТАПШЫЛЫҒЫ АЙМАҚТАҒЫ АХУАЛДЫ ШИЕЛЕНІСТІРЕДІ

Су ресурстарының мәселесі аймақтағы Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдері арасында өзара келіспеушіліктерге де арқау болып келді. Судың азаюы аймақ елдеріне тұрақсыздық әкелуі мүмкін.

Өйткені, су тапшылығынан туатын экономикалық проблемалар да жетерлік. Тәжікстан өзінің экономикасын көтеріп, ұзақтан бергі
Нурек су электр станциясының суқоймасы. Тәжікстан, 27 ақпан 2008 жыл.
энергетикалық дағдарысын шешу үшін гидроэлектр стансасын салмақшы.

Сонымен қатар климаттың өзгеруінен аймақтағы сирек кездесетін жануарлар мен өсімдік түрлері де жоғалып кету қаупі алдында тұр.

Тәжікстан фауна мен флора аймақтарына ауа-райының өзгеруі қалай әсер етіп жатқанын бақылау үшін ондаған ғалымдарын Бадахшонға орналастырған. Олар мұзтаулардың еріп жатқанын бақылап отырғанымен, климаттың өзгеруінен туындаған салдарды азайта алмайды.

Аймақтағы су тапшылығы өсімдіктер мен жан-жануарлар әлемінің көбеюіне тікелей кедергі болып отыр. Бұл тұрғыда диқан Яқиншоев өзінің салған егінінен түсетін пайданың азайып бара жатқанына алаңдайды.

Енді жасы келіп қалған фермер табысы аз болып, отбасын асырауға жетпей жатса, тағы да өзінің кәсібін ауыстыруға мәжбүр болам ба деп қам жеп отыр. Бірақ ол жұмыссыздық жайлаған Тәжікстан елінде жасы ұлғайған адамға жұмыс табу оңай емес екенін айтады.
XS
SM
MD
LG