Accessibility links

Назарбаев Ташкенттен ЕҚЫҰ-ның саммитін Астанада өткізу туралы ұсынысына қолдау тауып қайтты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ташкенттегі екі күндік жұмыс сапары барысында Өзбекстан президенті Ислам Каримовпен келіссөздер өткізді. Каримов Қазақстанның ЕҚЫҰ саммитін Астанада өткізу бастамасына қолдау білдірді.


«СУ СТАНЦИЯЛАРЫ САРАПТАМАДАН ӨТУІ КЕРЕК»

Екі мемлекет басшысының келіссөздерінде аймақтағы су ресурсын ортақ мақсатта пайдалану мәселелері де сөз болған. Ташкентте президенттердің келіссөздерінен кейін, журналистерге арналған брифингте Нұрсұлтан Назарбаев «Бүгін біз Орталық-Азия аймағында су-энергетикалық ресурстарын бірігіп пайдаланудың тиімді механизмін тез арада дайындауға мүдделі екендігімізді білдірдік» деп мәлімдеді.

Қазақстан президенті Тәжікстандағы «Рогун» және Қырғызстандағы «Қамбарата» су электр станцияларының, сондай-ақ су көздерінің экологиялық және техногенді қауіпсіздігіне қатысты халықаралық сараптама өткізу керек деген пікір білдіріп өтті.

Назарбаевтың бұл мәлімдемесі 12-наурызда Қазақстанның Алматы облысындағы Қызылағаш бөгетінде болған қайғылы оқиғадан кейін
Нұрсұлтан Назарбаев «Рогун» және «Қамбарата» нысандарының құрылыстары халықаралық сараптаманың нәтижесінсіз басталмауы керек деп ескертіп өтті...
айтылып отыр. Бөгеттің жырылып кетуінен сол маңдағы Қызылағаш ауылының ондаған тұрғыны қаза болды.

«Қазақстан және Өзбекстан Сырдария мен Амудария өзендерінің төменгі сағасында орналасқан, сондықтан осындай кепілдік қажет. Бұл президенттерге емес, біздің халқымызға, экологиямызға, экономикалық қауіпсіздігімізге қажет. Әңгіме миллиондаған адамдарды сумен қамтамасыз ету туралы болып отыр», - деді президент НазарбаевТашкенттегі брифингте.

Назарбаев Өзбекстанға сапары қарсаңында Қырғызстан және Тәжікстан президенттерімен телефон арқылы сөйлескендігін және Құрманбек Бакиев пен Эмомали Рахмонның халықаралық сараптама жүргізуге қарсы еместіктерін атап көрсетті.

Назарбаевтың айтуынша, сөз болып отырған мәселеде Каримовпен келісім жасалынды.

«Біз келістік. Сарапшылардың жұмысының нәтижесін алғаннан кейін осы нысандардың құрылыстарына қатысуға дайынбыз деп мәлімдейміз», - деді Қазақстан президенті.

Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев «Рогун» және «Қамбарата» нысандарының құрылыстары халықаралық сараптаманың нәтижесінсіз басталмауы керек деп ескертіп өтті.

МҮДДЕЛЕР ТОҒЫСҚАНЫМЕН, ҰСТАНЫМДАР ҚАЛА БЕРЕДІ

Қырғызстан және Тәжікстан жаңа ГЭС салу арқылы өздерінің ішкі сұранысын қамтамасыз етіп қана қоймай, электр қуатын эскпорттауды көздеп отыр. Аймақтағы ірі екі өзеннің төменгі саласында орналасқан Қазақстан және Өзбекстан суды тауар ретінде сатып алуды қаламайды.

Қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаевтың пікірінше, мәселенің осы ұшына келгенде Астана мен Ташкенттің мүдделері жақын болып шығады.

«Өзбекстан ірі нысандар аймақта судың тепе-теңдігін бұзады дегенді айтып, құрылғыларды салуда өзімен санасуды талап етіп отыр. Ал
Қазақстанның, Өзбекстанға қарағанда, Орталық Азияда екі әріптесі ғана бар – ол Қырғызстан және Тәжікстан.
Қазақстан болса дипломатиялық жолды таңдады, яғни Душанбе мен Бішкекке қатаң талаптар қойған жоқ. Өйткені Қазақстанның бұл мемлекеттермен қарым-қатынасы тәуір. Бірақ Астана суды сатып алуға қарсы», - деді Досым Сәтпаев.

Оның пікірінше, Назарбаевтың су ресурстарына қатысты мәлімдемелері Қазақстанның Өзбекстан жағына шықты дегенді білдірмеуі керек.

«Назарбаев, әдетте, естігісі келген дүниелерді айтады. Бұл сапар көбіне Ислам Каримовке керек болды. Ал Назарбаев, әккі дипломат ретінде, соның қалағанын айтты. Қазақстанның, Өзбекстанға қарағанда, Орталық Азияда екі әріптесі ғана бар – ол Қырғызстан және Тәжікстан», - деп есептейді Сәтпаев.

Айта кетерлік жайт, Назарбаев ЕҚЫҰ саммиттін Астанада өткізу туралы бастамасына Ташкенттің қолдау білдіргеніне байланысты Ислам Каримовқа рақмет айтты.

Назарбаевтың Өзбекстанға сапары қарсаңында қазақстандық сарапшылар президенттердің келіссөздерінің басты тақырыптарының бірі – Астанадағы саммит және оны өткізу бастамасын Ташкенттің қолдауы тұрғысында болады деген болжам жасаған болатын.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG