Accessibility links

100 миллионнан астам қытай еркектерінің өздеріне әйел табуға мүмкіндіктері жоқ


Үш адамнан тұратын дәстүрлі қытай отбасы. Иллюстрациялық сурет.

Үш адамнан тұратын дәстүрлі қытай отбасы. Иллюстрациялық сурет.

Әзірбайжанда «Репродуктивтік денсаулық және отбасын жоспарлау» туралы заң қабылдамақ. Себебі, қыз балалардың дүниеге келуі азайып кетті. Қытайда да демографиялық ауытқушылық байқалуда. Онда миллиондаған еркектердің үйленуге мүмкіндіктері жоқ.

БҰЛ – ҚЫЛМЫСТЫҚ ӘРЕКЕТ

Әзірбайжанда талқыланып жатқан заң жобасындағы болашақ дүниеге келер нәрестенің жынысын ата-анасына айтуға дәрігерлерге тыйым салатын ереже барынша көп пікірталас тудырды. Бүгінде бұл мәселені дәрігердің өзі шешеді.

Заң жобасы Әзірбайжан парламентінің қарауына ұсынылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланғанындай, бұл жағдай жаңадан дүниеге келіп жатқан нәрестелердің жынысындағы арақатынастың бұзылуына байланысты пайда болған.

Жағдайға түсініктеме берген Милли меджлис депутаты Эльмира Ахундова Әзірбайжанда тек болашақ сәбилердің жынысын анықтауға
Эльмира Ахундова, Милли меджлис депутаты. Баку, 1 желтоқсан 2009 жыл.
маманданған УЗИ-кабинеттердің көптеп ашылғанын айтты.

«Бұл жартылай қылмыстық әрекет, – деді депутат. – Мен өзім мынадай жағдайға куә болдым. Дәрігер жүкті келіншектің ішіндегі қыз бала екендігін айтқан соң ол әйел бірден жасанды түсік жасатуға кетті. Өйткені, оның екі қызы бар екен. Ал, күйеуі екеуі ұл бала болғанын қалайды. Бұл деген нағыз жабайылық қой, мен бұлайша түсік жасатуға қарсымын».

Әзірбайжан парламентіндегілердің барлығы осындай пікірде деп айтуға болмас. Бұл мәселеге келгенде депутаттардың пікірі екі жарылады.

Парламенттің әлеуметтік саясат жөніндегі комитетінің төрайымы Хады Раджабли нәресте жарық дүниеге келмей жатып оның жынысын айтуға тыйым салуға үзілді-кесілді қарсы болып отыр. Хады Раджабли Әзірбайжан технологиялық прогреске қарсы жүре аламайды деп есептейді.

ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АУЫТҚУШЫЛЫҚ

Дәл осы кезде Әзірбайжан баспасөзінде демографияға қатысты соңғы жылдарғы статистика талқылануда. Жаңадан туған ұл балалардың саны қыз балаларға қарағанда анағұрлым артық. Соңғы 12 жылда ұл балалар қыздарға қарағанда үш есеге артық туған.

Әзірбайжан мектептеріндегі алғашқы алты сыныпқа қарайтын болсақ, әр сыныпта 16 ұлға 6 қыздан келеді.

Егер, жаңадан туған 100 қызға 105 ұл баладан келсе, осы қатынас дұрыс деп есептеледі. Әзірбайжанда биыл дүниеге келген балалардың 60% ұл балалар.

Айтпақшы, мұндай демографиялық ауытқушылыққа қатысты мәселелер бұған дейін Әзірбайжан парламентінде кем дегенде екі мәрте талқыланған. Қызу пікірталастан соң заң жобасын толықтыруға қайтарып жіберген.

Кейбір жергілікті шолушылар қалыптасқан бұл жағдайдың себебін аймақтағы ертеден бері келе жатқан дәстүрден іздегісі келеді. Атам заманнан Шығыста ұл бала ұрпақты жалғастырушы, шаңырақ иесі деп есептеледі. Ол үйге пайда әкелсе, қыз дегенің – артық шығын деген түсінік қалыптасқан. Сондықтан, отбасылар дүниеге қыз баланың келгенін қаламайды.

Хабарларға қарағанда, билік мұндай жағдай демографиялық дағдарысқа алып келеді деп алаңдаулы. Сол себепті Әзірбайжан басшылығы отбасын жоспарлаудағы бұл мәселені парламент арқылы бақылауға алғысы келді.

ЖЫНЫСТЫҚ БЕЛГІСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ГЕНОЦИД

Жатырға біткен немесе жаңа туған қыз баланы өлтіру үшінші әлем елдерінде кең тараған құбылыс болып отыр.

Бұған тіпті «әйел инфантициді» деген бөлек атау да берді. «Іnfanticide» деген сөз аударғанда бала өлтіру, анасының құрсағында жатқан немесе жаңадан дүниеге келген баланы өлтіруі деген мағынаны береді.

Әйел инфантициді, әсіресе, әлемдегі халқы ең көп екі ел – Қытай мен Үндістанда кең тараған. Әйелге қарағанда еркектің құндылығы әрдайым анағұрлым жоғары тұратын дәстүрлі патриархалды қоғамда қыздарды өлтіру қалыпты іс деп қабылданады. Кейбір зерттеушілер бұны әйелдерге қарсы немесе жыныстық белгісіне қатысты геноцид деген дәрежеге көтереді.

Айтпақшы, демографиялық ғылымда әйелдерге деген мұндай қатынас Еуропаның орталығында да болғаны айтылады. Мысалы, дәл сол Грекияда жаңа дәуірдің басталар алдында жаңадан туған қыз балаларды жаппай қыру оқиғалары болған.

Ал, Үндістан мен Қытайға келер болсақ, жаңа туған қыз балаларды өлтіру туралы жазбалар ХІХ ғасырдан бастап тіркелген. Жаңадан туған қыз балаларды өлтірудің тәсілдері Үндістанның тарихында кеңінен жазылған. Бірақ, бұл тек тарихқа ғана қатысты жайт емес.

ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында да бұл мәселеге қатысты сұрақтар туындауда. 1995 жылдың наурыз айында әйелдер мәселесін зерттеумен айналысатын канадалық журнал «Үндістанда тұратын қыз баланың қандай да бір құқы бар ма?» деген тақырыпта мақала жариялады.

ҚЫТАЙ ҚЫЗДАРЫ БАРҒАН САЙЫН АЗАЙЫП БАРАДЫ

Инфантицид дәстүрі, оның ішінде қыз балаларды өлтіру, Қытайда ежелден бар. Бұл 1949 жылы Қытай Халық Республикасы құрылғанға дейін болған жағдай. Демографиялық бақылаушылардың атап өтуінше, соңғы бірнеше онжылдықта бұл процеске мемлекеттің өзі белсенді түрде араласа бастады.

Осыған байланысты Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы 1997 жылы «із-түзсіз кетті» деп есептелген 50 миллионнан астам қытай
Қытай жігіті мен әзірбайжан бойжеткенінің некелесу тойы.
әйелдерінің жоғалып кетуі жайында арнайы хабарлама басып шығаруға мәжбүр болды.

Бұның барлығы тууға бақылау қою жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, жоғарыдан берілген рұқсат арқылы, негізінен қыз балаларды өлтірудің салдарынан болды. Бұл бағдарлама әр отбасында бір ғана баладан болуға рұқсат береді.

Қытайдың Әлеуметтік ғылымдар академиясы ер және әйел жыныстылар арасындағы арасалмақтың бұзылуынан қытай қоғамында пайда болған орасан демографиялық ауытқуға осыдан көп жылдар бұрын-ақ назар аударған.

100 миллионнан астам қытай еркектері өздеріне әйел таба алмайды. Бұл жағдай қоғамда соңы қылмысқа да ұласып кететін елеулі проблема туғызып отыр.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG