Accessibility links

Әлемді мойындатқыза бастаған коммунистік Қытай 60 жылдық мерейтойын атап өтуде


Ұлттық мейрам күні қызын көтеріп келе жатқан қытай азаматы. Бейжің, 1 қазан 2009 жыл.

Ұлттық мейрам күні қызын көтеріп келе жатқан қытай азаматы. Бейжің, 1 қазан 2009 жыл.

Компартияның билікке келуінің 60 жылдығын атап өтіп жатқан Қытай Орталық Азиядағы бұрынғы советтік елдерге коммунистік авторитаризм мен капиталистік экономика буданының үлгісін көрсетуде. Бірақ бұл қаншаға барар екен?

Жаңа заман 1949 жылғы 1-ші қазанда, Мао Цзе-дуннің Бейжіңнің Тянаньмень алаңында Қытай Халық Республикасын жариялауымен басталды. Арада алпыс жыл өткенде коммунистік Қытай әлем сахнасына көтерілуде.

Өткен аптада Ху Цзиньтао БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында жолдауын оқуға мүмкіндік алған алғашқы Қытай басшысы болды. Әдетте
Тяньаньмэнь алаңына шығар қақпа алдында тұрған қытай әскері. Бейжің, 30 қыркүйек, 2009 жыл.
мұндай жеңілдіктер америка президенттерінің немесе Муамар Каддафи секілді ерекше басшылардың маңдайына жазылған болатын.

Енді әлемнің басты мінберіне қытай басшысының шығатын кезегі де келді. Және бұл оқиға осы елдің түкке жарамайтын жай мемлекет-сымақтан әлемдегі аса ірі саяси және шаруашылық орталығына айналуының белгісі болды.

Ал Қытай Халық Республикасы әуел баста азаматтық соғыстан парша-паршасы шыққан ел еді. Марксизм халықаралық ұйымдардың көпшілігін капиталистік империализмнің қолшоқпары деп таныды. Сол себепті Қытай көптеген жылдар бойы олармен тиіп-қашып қана байланысып тұрды.

Тұйықталу кезеңі өткеннің еншісінде қалды. Енді міне Қытайдың қазіргі басшысы Ху Цзиньтао БҰҰ-ның маңызды рөл атқаратындығын мәлімдеп, халықаралық қоғамдастықты «ортақ күшті барынша үйлесімді әлемді құруға бағыттауды жалғастыра беруге...» шақырады.

Бүгінде Қытай оның қатысы болуы мүмкін барлық дерлік халықаралық ұйымдарға қосылып, 300-ден аса халықаралық келісімдерге қол қойды. Қытай жаңа аймақтық топтардың құрылуына араласа бастады.

Кейбір америкалық сарапшылардың пікірінше, қытай жағы америкалық дипломатиялық үрдісті басшылыққа алған. Саммиттерді даярлап,
Ұлттық мейрам күні болатын әскери парадқа дайындық. Бейжің, 27 қыркүйек 2009 жыл.
ірі делегацияларды кездесулерге жіберіп, дипломатиялық капиталын біртіндеп, асықпай жинауда.

Және бұның барлығы жай сөз күйінде болып жатқан жоқ. Қытайдың Бүкіләлемдік сауда ұйымы, Халықаралық Валюта Қоры тәрізді халықаралық ұйымдарға қатысуы, Бейжіңді өз әрекеттерін халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге мәжбүрлеуде.

Бақылаушылардың пікірінше, ендігі қадам Қытай үшін барынша қиындау жағдай туғызуы мүмкін. Қазір бұл ел әлемде недәуір ықпалға ие болып, ең басты әлемдік процестерге араласуда.

Бұл мүмкіндікті ол қалай пайдаланбақ? Ол бұған шыдай ала ма, халықаралық стандарттарды қолдауын жалғастыра бере ме? Қытай жаһандық ортақ игілік үшін нағыз көшбасшы бола алады ма? Ол өзімен бірге белгілі бір тәуекелдер мен құрбандар әкеліп жүрмей ме?

Шолушылар Қытай әлемдік қоғамдастыққа аралас белгілер беруде деп есептейді. Позитивтік жағын айтар болсақ, Қытай өзінің көптен бергі одақтасы Солтүстік Кореяға қатысты нақты позициясын белгілеп, бұл елге қарсы БҰҰ-ның санкциялары туралы шешімге қосылды.

Қытай БҰҰ-ның бітімгершіл күштеріне өзінің екі мың әскерін беруге келісім берді. Ол бұл шараға көптеген жылдардан бері қатыспайтын.

Бірақ, Қытайдың халықаралық стандарттармен қарым-қатынасының барынша қиындау тұстары да бар. Ең алдымен бұл адам құқықтары проблемасымен байланысты.

Қытай бағындырып алған Тибеттің тағдыры мен Шығыс Түркістандағы ұйғырларды күшпен жазалау жайы демократиялық әлемнің
Тяньаньмэнь алаңында қытай әскері мен студенттер арасында болған қақтығыста жараланған бойжеткен. Бейжің, 4 маусым 1989 жыл.
алаңдаушылығын туғызып, қытай басшылығының атына ауыр сындардың айтылуына себепкер болуда.

Дәл осы мерейтой күндерінде Бейжің Тибет пен ұйғырлар қоныстанған жерлерде ешқандай қарсылық акциялары болмас үшін қайтадан күш қолдануға даяр екендігін байқатып отыр. Биыл тек Қытай Халық Республикасының мерейтойы ғана емес, Бейжіңнің Тянаньмень алаңындағы студенттердің қарсылық шеруінің де жиырма жылдығы.

Көптеген шолушылар 1989 жылғы демократиялық шерулер Коммунистік партияның іштен іріп, соңыра толықтай құлауына алып келеді деп болжаған еді. Бірақ, бұлай болмай шықты. Қытай Компартиясы неге болса да бейімделіп, аман қалуға мүмкіндігі барын көрсетті. Саяси қарсыластарын жазалау экономикалық реформалармен қатар жүргізіліп отырды.

(Мақалада журналист Александр Народецкийдің жеке көзқарасы білдірілген, ол Азаттық радиосының ұстанымымен сәйкес келмеуі де мүмкін).

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG