Accessibility links

Қазақ режиссерлері шетелден актер шақыруға неге құмар?


Қазақстанның халықаралық Еуразия кинофестивалінің рәмізі. 16 қыркүйек. 2008 жыл.

Қазақстанның халықаралық Еуразия кинофестивалінің рәмізі. 16 қыркүйек. 2008 жыл.

Соңғы жылдары қазақстандық режиссерлер өздері түсіретін фильмдерге басты кейіпкерді сомдауға шетелден актер шақыруды әдетке айналдырды. Жастар Азаттықта бағдарламасында қазақ киносының жетістіктері мен кемшін тұстары жайында сөз болады.



Кино саласы мамандарының айтуынша, соңғы уақытта қазақтың ірі тарихи тұлғаларын шетел актерлерінің сомдауы дәстүрге айналды. Ел ішінде өткір сынға ұшырағандарына қарамастан, киногерлер бұл ұстанымдарынан қайтпай отыр.

Мұны зиянды құбылыс ретінде қабылдап, сын айтатын мамандар «бұл қазақтың өзін-өзі сыйламауы, тарихын құрметтемеуі» деп баға береді. Хабар барысында бұл мәселеге қатысты жастар да өз көзқарастарын жеткізеді.

Жастар бағдарламасының дәстүрлі сұқбат айдарында әнші Талғат Әбуғазы қазақтың ұлттық өнеріне қатысты ойларын ортаға салады. Әнші халық алдында шығармашылық есептерден бөлек әуелі өзіне-өзі есеп беріп отыруы керек деп есептейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG