Accessibility links

Ұлттық санақ: 67 пайыздан 63 пайызға дейін


Ақпан айының басында жарияланған өткен жылғы ұлттық санақтың қорытындысы Қазақстан халқының саны 16 миллион 196 мың адам болғанын көрсетті. Оның 63,6 пайызын қазақтар екен. Бұл осының алдында статистика агенттігінің бұрынғы басшылығы айтқан көрсеткіштен 3,5 пайызға кем.

Қадірменді оқырман және тыңдарман, Азаттық радиосының дөңгелек үстел сұхбатының толық нұсқасының аудио жазбасын осы арадан тыңдай аласыздар.

Азаттық радиосының дөңгелек үстел сұхбатына демограф-ғалым Мақаш Тәтімов, «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова және Қазақстан Статистика агенттігінің ақпараттық-есептеу орталығының бас маманы әрі Қазақстан демографиялық қауымдастығының президенті Ерболат Мұсабек қатысты.

2009 жылғы санақ - Қазақстан тәуелсiздiк алғалы жүргізілген екінші санақ болды. Ал содан он жыл бұрын өткен алғашқы санақ қорытындысы бойынша елде 14 миллион 953 мың адам тіркелген еді. Былтырғы жылы ақпан айының 25-інде жарияланған ұлттық
Ерболат Мұсабек, Қазақстан статистика агенттігінің ақпараттық-есептеу орталығының бас маманы әрі Қазақстан демографиялық қауымдастығының президенті. Алматы, 6 наурыз 2010 жыл.
санақтың алдын ала қорытындысы бойынша елдегі халық саны 16 миллионнан асып, оның 67 пайызын қазақтар құрағандығы хабарланған-ды.

Бірақ ҚР Статистика агенттігінің қазіргі төрағасы Әлихан Смайылов елдегі қазақтар саны «65 пайыз деген болатынбыз. Бұрынғы төраға санақты ерте беріп жіберген, кейін 300 мың адамның екі рет саналып кеткені белгілі болды» деп республикалық арналардың біріне сұхбат берген еді.

Сонымен, былтырғы жылғы ұлттық санақтың жуырда шыққан ресми қорытындысы бойынша, 2010 жылдың 1 қаңтарына Қазақстан халқының саны 16 миллион 196 мың адамды құраған. Оның ішінде қазақтардың үлесі 63,6 пайыз деп хабарланып отыр.

Ұлттық санаққа қатысты айтылып келген әртүрлі көрсеткіштер қайдан алынды? Өткен жылы 67 пайыз болған қазақ ұлты неліктен биыл 63 пайызға түсіп қалды? Дөңгелек үстел талқылауы осы және басқа сұрақтарға қатысты өрбіді.

"ДАУДЫҢ БАСЫ-ДАЙРАБАЙДЫҢ КӨК СИЫРЫ"

- «Даудың басы Дайрабайдың көк сиырынан басталды» дегендей, өткен жылы статистика агенттігінің бұрынғы басшылары елде санақ жұмыстары бітпей жатып, не себепті екендігі әлі ешкімге белгісіз, Қазақстанда тұрып жатқан халықтың 67 % қазақтар деп жариялап жіберді. Енді осыған өздеріңіз сенесіздер ме? Ешқандай мәліметті тексерген жоқ, анық-қанығын білмей жатып...ондай өмірде болмаған, -
Демограф-ғалым Мақаш Тәтімов. Алматы, 6 наурыз 2010 жыл.
дейді Азаттық радиосының дөңгелек үстеліне қатыстқан ҚР Статистика агенттігінің ақпараттық-есептеу орталығының бас маманы әрі Қазақстан демографиялық қауымдастығының президенті Ерболат Мұсабек.

Өткен жылы маусымның 2-сі күні «халық санағына бөлінген қаржыны жымқырды» деген айыппен «Киік» фирмасының бас директоры Серік Тұржанов және санақ агенттігі басшысының қос бірдей орынбасары істі болып, қамауға алынған. Араға уақыт салып, осы іске қатысты айыппен агенттіктің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаеваның үстінен де қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстанның заң орындары Анар Мешімбаеваға халықаралық іздеу жариялады. Бөлінген қаржының тек 3-тен 1-і ғана жұмсалған санақтың бұл қорытындысы қаншалықты нақты?

- Статистика агенттігінің бұрынғы басшылығына қатысты қозғалған қылмыстық іс ұлттық санақ қортындысына еш әсер етпеді. Санаққа 6 миллиард 900 мың теңге бөлінген болатын. Соның ішіндегі қаржы полициясы даулап жатқан 1миллиард 200 мыңдайы ғана. Ол санақты
«Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова. Алматы, 6 наурыз 2010 жыл.
жүргізу үшін емес, санақтың бланктарын дайындауға арналған қаржы. Орын алған жайт санақтың қорытындысына еш әсер етпейді, - деген сенімде статистика агенттігінің маманы.

Елдегі демографиялық жағдай туралы мақалаларымен танымал демограф-ғалым Мақаш Тәтімов өз есептеріне сүйене отырып, соңғы өткен жалпы ұлттық санақтың қортындысындағы көрсеткіштердің шамамен 3 пайызы артық-кем болуы мүмкін екендігін айтып отыр.

«Бірақ ол үш пайыз айтарлықтай роль атқармайды», - дейді демограф-ғалым Мақаш Тәтімов.

БІР ЖЫЛ БОЙЫ НАҚТЫЛАНҒАН САНАҚ НӘТИЖЕСІ КӨҢІЛГЕ ҚОНБАЙДЫ

- Марк Твенның айтқан сөзі бар: «Өтіріктің, жалған сөздің үш түрі болады: жай өтірік, арсыз өтірік және статистика» деген. Сондықтан, бөлінген қаржының жартысына жуығы ұрланған санақтың қорытындысы да күмәнді, - деген «Аман - саулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова ойын былайша тарқатты,- Агенттік қорытынды жасағанда оларға әкеліп берген мәліметтерге қарап, нәтиже шығарады ғой. Санақ деген тек халықтың санын анықтау үшін емес, болашақ үшін өткізіледі. Соған орай мемлекетте қанша ұлттың өкілі тұрады, қанша бала-бақша керек, қанша мектеп қажет, бала туу саны өсті ме, кеміді ме, міне осындай сауалдардың бәріне де толыққанды жауап берілуі тиіс.

Ал егер санақ өткізуге жауапты мекеменің басшыларына қарсы қылмыстық іс қозғалып жатса, осының өзі біраз жайттан хабар беретін болар. Сондықтан да жалпы ұлттық санақтың сапасы қалай болды деген сұрақ мазалай береді, оған бөлінген қаржы талан-таражға түсіп кетіп, қалғаны да санақ өткізуге жетіп жатса, онда санаққа деп бөлінген қаржының артығымен бөлінгені ғой деген ой туады.
XS
SM
MD
LG